Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі icon

Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



НазваниеӨскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Дата конвертации22.10.2012
Размер295.02 Kb.
ТипДокументы
источник


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


П ШҚМУ 004-09


Екінші басылым


Көшірме № ________


Өскемен қ.

2009 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


С. АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


БЕКІТЕМІН

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ

ректоры

____________________Б. Мамраев

«_____»________________ 2009 ж.


^ МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


Өскемен қ.

2009 ж.


МАЗМҰНЫ


1

Жалпы ереже……………………………...

……………………… …4

2

Нормативтік сілтемелер…………………….....

……………………… …6

3

Негізгі бөлім…………………………………

……………………… ....6

3.1

Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны……….

……………………… …6

3.2

Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есептік құжаттары……………………...


…………………… ……7

3.3

Іс-тәжірибе барысында магистранттар жұмысын бағалау критерийі ……………………………….


…………………… ……7

4

Өзгертулер………………………………………

………………… ………9

5

Келісу, сақтау және тарату

………….

……………… …………10

6

Қосымша А…………………………………

………………………….11



^ 1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Магистранттарды кәсіби даярлау жүйесінде педагогикалық іс-тәжірибе маңызды рөл атқарады. Ол университеттегі білім беру үрдісінің негізгі бөлімі болып табылады және магситранттарды оқытушылардың кәсіби іс-әрекетінің алғашқы тәжірибесіне үйретеді.

1.2 Жоғары оқу орнында педагогикалық іс-тәжірибе № 259 2008 ж. 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру. Магистратура. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартына» сәйкес және осы Ереже негізінде магистранттың ғылыми мамандануы жүретін кафедраның жетекші оқытушыларының басқаруымен жүргізіледі. Іс-тәжірибе бітіруші кафедраның әдіскерімен және педагогика мен психология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен жүзеге асырылады. Магистрант кафедраның оқу үрдісінің ұйымдасуымен танысып, басқа магистранттардың сабақтарын талдау мен бағалауға қатысып, кафедраның теориялық пәндері бойынша дәріс конспектісін даярлап және бакалавриатта лекциялық сабақтар жүргізуі тиіс, сонымен қатар әдістеме және пән бойынша оқытушының бақылауымен практикалық және (немесе) зертханалық сабақтар жүргізуі тиіс.

1.3 Педагогикалық іс-тәжірибе психология-педагогикалық блоктағы пәндерді өткеннен кейін, жеке жоспарға сәйкес және мынандай мақсатта жүзеге асырылады:

  • жоғары және орта кәсіби мектептерде сабақ жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру;

  • студенттердің шығармашылық және ақыл-ой іс-әрекетін белсендіруші әртүрлі әдістер мен тәсілдердің көмегімен жинақталған теориялық білімді жеткізе алу біліктілігіне магистранттарды қаруландыру;

  • студенттер білімін бақылау мен бағалаудың қазіргі психологиясын меңгеру;

  • Магистрантты оқу материалына, оқыту мақсаты мен міндеттеріне байланысты және т.б әртүрлі типтегі дәріс, практикалық және лабораториялық сабақтарды өзбетінше жүргізуге дайындау;

1.4 Педагогикалық іс-тәжірибе барысында келесідей міндеттер жүзеге асырылады:

  • жоғары оқу орнындағы білім беру процессінің қазіргі жағдайымен, озық педагогикалық тәжірибемен танысу;

  • студенттерді тәрбиелеу мен оқытудағы нақты міндеттерді шешуде психология-педагогикалық және арнайы білімдерді қолдануда оларды бекіту, нығайту және негіздеу.

  • Магистранттардың кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, кәсіби дағдылар мен біліктілікті сонымен қатар, педагогикалық өзіндік білім алуды дамыту;

  • Педагогикалық іс-әрекетке деген зерттеушілік, шығармашылық көзқарасты жетілдіру.

1.5 Іс-тәжірибе барысында магистрантқа келесі дағдыларды жетілдіру қажет:

  • Бакалавриат студенттерінің жас ерекшелік, жеке дара және кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің жалпы мақсаты негізінде білім берудің нақты міндеттерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін анықтау, оларды шешу жолдарын табу және күтілетін нәтижені болжай алу;

  • студенттерді оқыту, тәрбиелеу және кәсіби жетілуін жобалау және диагностика жасау мақсатында студенттік топ ұжымын және бакалавриат студентінің тұлғасын зерттеу;

  • оқу, әдістемелік, тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды үйрену, барлық сабақ түрлерінің конспектісін жасауға, дидактикалық материалдарды таңдауға үйрену;

  • студенттердің оқу-әдістемелік, еңбектік, қоғамдық, шығармашылық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі әдістері мен формаларын қолдану, қойылған міндеттерді орындауда топ студенттері ұжымын ұйымдастыру;

  • пән аралық және пән ішілік байланыстарды жүзеге асыра алу;

  • студенттермен, оқытушылармен, бөлім жетекшілерімен және студенттерді тәрбиелеу мен оқытуда қатысушы басқа адамдармен тіл табыса алу;

  • шығармашылық және ұжымдық кәсіби жұмыстарды ұйымдастыру арқылы студенттік ұжымның бірлігін нығайту;

  • оқу-әдістемелік жұмысты бақылау және талдау, оны түзету;

  • студенттік қоғамдық ұйымдарға көмек көрсете алу;

  • үнемі кәсіби іс-әрекетте өзіндік жетілуге талпыну;

  • өз жұмысын қорытындылау және есеп жүргізу;

  • тұтас педагогикалық мәселелер бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;;

  • оқытушылардың ең жақсы тәжірибелерін зерттеу және жалпылау; Педагогикалық іс-тәжірибе оқу жоспарына сәйкес бірінші-екінші семестрде екінші курс магистранттарына үш апта мерзімінде жоғары оқу орны және колледж студент топтарына жүргізіледі. Педагогикалық практика мазмұны осы ережемен анықталады.

1.6 Практикант, магистрант міндетті:

  • практика бағдарламасында көрсетілген барлық жұмыс түрлерін сапалы және адал орындау;

  • жоғары оқу орнының немес колледждің ішкі ережелеріне, практика жетекшілерінің, әдіскер-оқытушылардың өкімдеріне бағыну;

  • әр сабаққа және сабақтан тыс іс-шараларға мұқият дайындалу;

  • Ғылыми Кеңес отырысына, кафедра, секция отырысына, әдістемелік жиналыстар мен бакалавриат студенттерінің жиналыстарына қатысу;

  • қажетті құжаттарды жүргізу.

Оқу орнының тәртібін, ережесін, практика және бөлім басшыларының талаптарын бұзған жағдайда магистаранттың ары қарай практика жұмысын атқаруына мүмкіндік берілмеуі мүмкін. Іс-тәжірибе барысы тоқтатылған немесе жұмысы қанағаттанарлықсызға бағаланған магистрант факультет Кеңесінің шешімімен іс-тәжірибені екінші рет өтуге жіберіледі.


^ 2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


    1. 27.07.2007ж. № 319-III Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

    2. 2008 ж. 6 мамырдағы № 259 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру. Магистратура. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты».

    3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 4302 тіркелген, 2006 ж. 21 шілдедегі № 343 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру туралы Ереже.


^ 3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


3.1 Педагогикалық практика мазмұны


Педагогикалық іс-тәжірибе бакалавриаттағы педагогикалық іс-тәжірибенің логикалық жалғасы болып табылады. Іс-тәжірибе жоғары оқу орыны оқытушысының болашақ кәсіби іс-әрекетінің шынайы жағдайына теңестірілген жағдайда жүргізіледі. Магистранттар жоғары оқу орны оқытушысының кәсіби іс-әрекетінің шынайы мәселерімен кездеседі, оның жұмыс көлемі мен мазмұнымен танысады, мынандай барлық негізгі іс-әрекет түрлерімен жұмыс жасайды:

  • студенттермен оқу-тәрбиелік жұмыс;

  • кафедрадағы немесе оқытушылар секциясындағы әдістемелік жұмыс

  • психология-диагностикалық;

  • қоғамдық және т.б жұмыс түрлері.

Магистрант жүргізеді:

  • оқу жұмысын (курсты жүргізуші жетекші оқытушылардың және әріптес- магистранттардың сабақтарына қатысу (4 сабақтан кем болмауы тиіс); сабақты жоспарлау және жүргізу, соның ішінде 4 бақылау сабағын (олардың ішінде 2 дәріс, 2 семинар, лабораториялық, практикалық және т.б.) пән бойынша дәрісханадан тыс жұмыстар жүргізу (көрнекі құралдарды дайындау, бөлмені безендіруге қатысу);

  • кафедра оқытушыларымен бірге әдістемелік жұмыс (әдістемелік жиналыстарға, секция отырысына, факультеттің Ғылыми кеңесі отырысына қатысу, оқытушылар мен магистранттардың сабақтарын талдау және талқылау (ережде берілген 1-2 қосымшаның сызбасын қара) факультеттің оқу процессінің сабақ кестесіне, оқу жоспарына, пән бойынша оқу бағдарламасына, кафедраның жұмыс жоспарына талдау жасау (3 қосымшаны қара);

  • студенттермен дәрісханадан тыс жұмыс (студенттік топ ұжымын психология-педагогикалық зерттеу және мінездеме құрастыру, студенттердің оқу іс-әрекетінде анықталған мәселе және олардың тәрбиелік деңгейі бойынша оларды психологиялық қолдау бағдарламасын дайындау, бір тәрбиелік шара (іскерлік ойын, «Ақыл-ой еңбегінің мәдениеті», конкурс, әңгіме) дайындау және жүргізу, студенттер жатаханасын қарау, жеке дара кеңестер жүргізу және т.б.


^ 3.2 Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есептік құжаттары


Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша факультетте немесе кафедарада оқытушылар, практика жетекшісі және магистранттың қатысуымен қорытынды конфренция жүргізіледі, онда практиканттардың оқу-тәрбиелік жұмысына сипаттама беріледі.

Практика аяқталысымен магистрант 3 күн ішінде іс-тәжірибе жетекшісіне өткізеді:

  • оқу-тәрбиелік жұмыс бойынша есеп;

  • сынақ сабағының конспектісі;

  • бір қатысқан сабақ талдамасы;

  • студенттік топ ұжымының психология-педагогикалық мінездемесі;

  • тәрбиелік шараның әдістемелік жоспарын (тексеріліп болған соң магистрантқа қайтарылады).


3.3 Іс-тәжірибе барысында магистранттар жұмысын бағалау критерийі


Іс-тәжірибе соңында магистрантқа баға қойылады. Бағаны студенттің жүргізген сабақтары мен тәрбиелік шарасының негізінде факультеттің жетекші- әдіскері мен педагогика пәнінің оқытушысы бірге қояды.

Мұнда магистранттың оқу жұмысының ғылыми-әдістемелік жағы, сонымен бірге оның дәрісханадан тыс жұмысты жүргізе алу икемділігі бірдей ескеріледі.


^ 3.3.1 Оқу жұмысын бағалау

«Өте жақсы» деген баға егер сабақ жоғары ғылыми және ұйымдасқан әдістемелік деңгейде жүргізілсе, онда білім беру және тәрбиелеу міндеттері негізделіп қойылса және тиімді шешілсе, студенттерді белсендірудің әртүрлі тәсілдері мен әдістері тиімді қолданылса, жұмыс тәртібі сақталса қойылады; егер магистрант психология-педагогикалық теорияларды терең меңгергендігін және сабақты жоспарлауда, жүргізуде және талдауда дидактикалық материалдарды таңдауда өзбеттілік шығармашылық көрсетсе.


«Жақсы» деген баға сабақ жоғары ғылыми деңгейде жүргізілсе, онда білім беру мен тәрбилеу міндеттері сәтті шешілсе, дегенмен студенттерді белсендіруде жеке әдістемелік тәсілдер тиімдірек қолданылмаса, егер магистрант психология-педагогикалық теория білімін, дидактикалық және оқу материалын таңдауда өзбеттілік көрсетсе, дегенмен сабақты жоспарлау мен жүргізуде аздаған қателіктер жіберсе қойылады.

«Қанағаттанарлық» деген баға магистрант білім беру-тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруда шынайы қателіктер жіберсе, психология-педагогикалық теорияны жеткілікті түрде тиімді пайдаланбаса, оқыту әдістері мен тәсілдері студенттердің танымдық іс-әрекеттерін әлсіз белсендірсе, әрқашан студенттермен қарым-қатынас орната алмаса, сабақты талдау барысында өз қателіктері мен кемшіліктерін байқамаған жағдайларда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға сабақта білім беру – тәрбиелеу міндеттері шешілмесе, оқу материалын жеткізуде немесе түсіндіруде маңызды қателіктер жіберілсе, егер магистранттың психология-педагогикалық теория білімі төмен болса және өз жұмысына немқұрайлы қараған жағдайда қойылады. Сонымен бірге «қанағаттанарлықсыз» бағасы себепсіз және ескертусіз сабақты босатса, сабақ конспектісі болмаған немесе оның мазмұны қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қойылады.


^ 3.3.2 Дәрісханадан тыс жұмысты бағалау


«Өте жақсы» практика бағдарламасына сәйкес берілген дәрісханадан тыс тәрбие жұмысын өз уақытында және жоғары деңгейде орындаған магистрантқа: психология-педагогикалық теорияға сүйене отырып, өз біліктілігін көрсетсе және студенттердің жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі тәрбие міндеттерін, оларды шешу тәсілдері мен нәтижелерін тиімді жүзеге асырса, жұмыста өзбеттілігін, шығармашылық көзқарас, педагогикалық такт көрсете білген жағдайларда қойылады.

«Жақсы» бағасы тәрбие жұмысы бағдарламасын берілген уақытта толық орындаған магистрантқа: психология-педагогикалық теорияға сүйене отырып өз біліктілігін көрсетсе, негізгі тәрбие міндеттерін, оларды шешу тәсілдерін анықтай алған, жұмыста өзбетілік көрсетіп, дегенмен, тәрбие жұмысының жеке түрлерін жүзеге асыруда аздаған қателіктер болған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы магистрантқа тәрбие жұмысы бағдарламасын орындап, дегенмен психология-педагогикалық теория білімін терең және оны қолдана білу біліктілігін көрсете алмаса, жеке тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен жүргізуде студенттердің жеке дара ерекшеліктерін толық ескермей қателіктер жіберген жағдайларда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» магистрант дәрісханадан тыс тәрбиелік жұмыс бағдарламасын орындамаған жағдайда, психология-педагогикалық теория білімі жеткіліксіз болса, оны тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру, студенттермен қарым-қатынасты орнату, олардың іс-әрекетін педагогикалық ұйымдастыру барысында қолдана алмаған жағдайда қойылады.

Педагогикалық іс-тәжірибені қорытынды бағалауда төмендегілер ескеріледі: магистранттың оқу-тәрбиелік іс-әрекетті жүргізе алу тиімділігінің дәрежесі, факультет және кафедраның әдістемелік жұмысына қатысу, магистранттың қоғамдық белсенділігі, оның жұмысқа, студенттерге деген қатынасы, есептік құжаттар сапасы, барлығын уақытында өткізу.


^ 3.3.3 Психология бойынша жұмыс мазмұны мен түрі

3.3.3.1 Университет кафедрасы мен негізгі қызмет бөлімдерінің құрылымы мен қызметімен, жоғары білім беру орындарының басқару жүйесімен танысу.

3.3.3.2 Шығармашылық тапсырма: «Өзі таңдап алған психологиялық зерттеу әдістемесі бойынша студентке мінездеме құрастыру».

3.3.3.3 Есептік құжат: магистранттың жеке жоспарына жазу. Студентті психологиялық зерттеуге таңдап алынған әдістеменің жоспары және мәтіні. Әдістемені қолдану мақсатын көрсете отырып сипаттау, магистранттың жеке жоспарына жазу.


  1. ӨЗГЕРТУЛЕР




    1. Өзгертулер мен толықтырулар бірінші жетекшінің шешімі бойынша жүзеге асады және оның қолымен құжат арқылы рәсімделеді. Өзгертілген нұсқадан алынған беттер өзгертулер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілген құжаттармен бірге сақталады. Басты нұсқа мен есепке алынған жұмыс жасаушы нұсқауларға өзгертулер мен толықтырулар 034-07 ШҚМУ ПРО ДП талаптарына сәйкес жүргізіледі.

    2. Сақтауға тапсырылған ереженің өзгерістері туралы хабарламаны жасаушы құрылым ғана шығара алады. Өзгертулер міндетті түрде 020-04-08 ШҚМУ Ф өзгертулер мен толықтырулар парағына белгіленіп барып енгізіледі;

4.3.Түпнұсқа мен ескерілетін жұмыс даналарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін болжау және білім сапасы бөлімі мен жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бөлімі жауапты;

4.4 Ереже бөлімдермен үш жыл ішінде бір рет қарастырылады, 020-05-08 ШҚМУ Ф тексеру кезеңін есептеу парағына міндетті түрде жазу қажет. Өзгертулер мн толықтырулар енгізуге негіз бола алды:

- заңдық күші бар нормативті-құқықтық актілерге қайта енгізілген өзгертулер мен толықтырулар;

- ректордың бұйрығы.

Өзгертулер енгізілген жағдайда, құжаттық күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналар жаңамен алмастырылуы қажет. Құжаттық күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналарды жаңамен алмастыруға құрылымдық бөлімнің басшылары және болжау және білім сапасы бөлімі жауапты.

4.5.Ескірген ережені «Жойылды» деген жазумен белгілеп, жойылуға негізін, күнін көрсетіп, «Жойылды» деген жазуды жазған адам өз қолын қойып, мұрағатқа тапсырады. Мұрағат құжаттары жұмысқа қолданылмайды.


      1. ^ ҰЙҒАРУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ


5.1. Қазақстан Республикасының нормативтік- құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі туралы Ережені келісуді осы ережені жасаушы бөлім жүзеге асырады;

5.2. Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі туралы Ереже Жобасы бірінші проректормен, оқу және оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен, болжау және білім сапасы бөлімінің бастығымен, жалпы бөлім бастығы және заңгер кеңесшімен келісіледі. Ережені университет ректоры бекітеді;

5.3. Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі туралы Ережені бөлімде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер және магистратурада сабақ беретін оқытушылар білуі қажет. Құжатпен танысу ШҚМУ 020-02-05 Ф танысу парағында жазылуы тиіс;

5.4. Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі туралы Ереженің түпнұсқасы жалпы бөлімде сақталады, оны сақтау жауапкершілігі жалпы бөлімнің бастығына жүктеледі; Түпнұсқа үш жыл сақталады. Күші жойылған құжаттардың жұмыс даналары университеттің үздіксіз жұмыс істейтін сараптау комиссиясы туралы белгіленген ереженің тәртібінде жойылады;

5.5. Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі туралы Ереженің есепке алынған жұмыс даналарын сақтау жауапкершілігі құрылымдық бөлімшенің бастығына жүктеледі;

5.6.Есепке алынған жұмыс даналарын таратуды жалпы бөлім жүзеге асырады.


Қосымша А

Дәріс сапасын бағалаудың негізгі критерийлері:


1) дәріс мазмұны: ғылыми, өте қиын, өте танымды, ғылыми ақпараттары аз, теоретикалық материал нақты мысалдармен сәйкес келеді, эмпирикалық материалдар басым;

2) дәріс барысында студенттерді ойландыратын сұрақтар өте жиі қойылады, жеткілікті, сирек, мүлдем қойылмайды.

3) дәрістің дәлелділігі: дәріс жүргізуші қойылған сұрақтардың шынайлығын сенімді дәлелдейді, шындықты дәлелсіз баяндайды;

4) дәріс мамандарды дайындау бағытымен байланысы: өте жақсы, жеткілікті, қанағаттанарлықсыз;

5) дәріс құрылымы, жоспары: нақты, тиянақсыз, ретсіз;

6) дәріс оқу мәнері: қызықты, бедсенді, көрнекі, бір жақты, қызықсыз, дәрісті жазу оңай, жазу қиын;

7) оқытушының студенттерге қатынасы: мінегіш, шамалы талап қойғыш, немқұрайлы, зейінді;

8) аудиториямен байланысы: жақсы, жеткілікті емес, жоқ;

9) студенттердің дәріске қатысуы: студенттердің көбі қатысады, топтың жартысынан көбі, топтың жартысынан азы;

10) дәрісті жазу: дәрісті топтың көбі жазады, жартысынан азы, жазбайды;

11) дәріс оқушының мінез-құлқы: еркін, сенімді, жасқаншақ, жасанды;

12) аздаған жазбаларды қолдана отырып еркін әңгімелейді, конспектіні жиі қолданады, оқулықтан немесе оқу құралдарынан мазмұндайды;

13) мақсатқа жету: оқытушы пәндегі нақты сұрақтарды студенттердің өзіндік жұмысының негізі ретінде беруге баса назар аударады, студенттерге орындалуы мүмкін мәселелерді қояды, берілген пәнге байланысты әртүрлі көзқарастарды жинақтауға тырысады, даулы сұрақтарда немесе шешілмеген мәселелі жағдайда өз көзқарасын нақты білдіреді, өз тәжірибесінен мысалдар келтіреді, өз пәні мен аралас пән арасындағы байланысты көрсете біледі.

^ Семинар сабақтарын бағалау критерийі:


1) мақсаттылық: мәселені қою, болашақ кәсіби іс-әрекетте немесе өндірістік практикада қолдана отырып, теориялық материалды практикамен байланыстыруға тырысу;

2) жоспарлау: нақты жоспар, сұрақтар өте көп, жоспарда басты және факультеттің кәсіптік пәндерімен байланысты сұрақтар бөлінбеген, әдебиеттер тізімі өте көп, жаңалықтар аз, профилдік мәселелер бойынша әдебиеттерді толықтыру;

3) семинарды ұйымдастыру: оқытушы орынды пікір сайыс жүргізеді және тудырады, студенттердің дұрыс және қате жауаптарын сындарлы талдайды, барлық уақыт жауаптарды талдауға кетеді, уақытты қолдану бақылаусыз жүргізіледі, оқытушының өзі көп сөйлейді, студенттер материалды жалпылайды, фактілерді әңгімелейді;

4) семинар жүргізу стилі: белсенді, қиын сұрақтар жиі қойылады және пікір сайыс болады, қызықсыз, енжар, сұраққа қатысты ой тудырмайды;

5) қарым-қатынас: оқытушының студенттерге қатынасы орынды, шамамен талапты, сынды, мінегіш, немқұрайлы; студенттердің оқытушыға деген қатынасы: сыйлы, немқұрайлы, мінегіш;

6)топты басқару: оқытушы семинарға қатысушы студенттермен тез қатынасқа түседі және топта өзін еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ және орынды өзарақатынасады, дауысын көтереді, басқаларға енжар қарап, бірнеше студенттердің ғана жұмысына сүйенеді;

7) оқытушының қорытынды жасауы: білікті, сенімді, студенттердің білімдерін жалпыламайды, теориялық жалпылаулар жоқ;

8) семинар барысында студенттердің жазу әрекеттері: жиі, сирек, жазбайды.


^ Магистранттардың оқу тәжірибесі барысы жайлы есебінің сызбасы


... курс магистрантының оқу тәжірибесі туралы есеп

Факультет......... (магистранттың аты жөні)...............

1) Іс-тәжірибе мерзімі .............................................;

2) Іс-тәжірибеден өткен орыны (курс, факультет);

3) Өткізілген сабақтар саны;

4) Өткізілген сабақтар талдауы:

а) Қандай оқыту әдістерін қолдану тиімдірек болды;

б) Оқыту әдістерін қолдануда неге сүйендіңіз:

в) Қандай көркем құралдар және ТСО қолданылды;

г) қандай студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіру тәсілдері қолданылды; д) қандай өзіндік және жеке дара жұмыс түрлері қарастырылды;

с) сабақтарға дайындалу барысында қандай қиындықтар кездесті;

ж) оқытушы іс-әрекеті қорытындысын өзіндік бағалау.

5) өзара сабаққа қатысу талдамасы (сызба бойынша);

6) факультеттің сабақ кестесін талдау (студенттер жүктемесі мен оқу пәндерін бөлу үйлесімділігі, оқу жоспарын орындау, «терезелердің» болуы, бөлінген дәрісханалардың сәйкестілігі және т.б.);

7) оқу жоспарын талдау (пәндер блогы, сағаттарды бөлу, негізгі және кәсіби дайындыққа уақытты бөлу үйлесімділігі, сіздің көзқарасыңыз бойынша жоспардан қандай пәндерді алып немесе қосу керек және неліктен);

8) пән бойынша оқу бағдарламасын талдау (типтік немесе кафедрада жасалған, пән бойынша сағат санының оқу жоспары және бағдарламамен сәйкестілігі, блокты-рейтингтік оқыту жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыра ма, құрастырылу принципі, пәнаралық байланыстар, түсініктер, қазіргі әдебиеттерді қолдану және т.б.

9) кафедраның жұмыс жоспарын талдау (талдауға қандай тақырыптар енгізілді, олардың оқу үрдісіндегі, оқытушылардың кәсіби шеберлігіндегі маңыздылығы; сіздің көзқарасыңыз бойынша күн тәртібінен нені алып тастау керек, нені қосу қажет).

10) іс-тәжірибе барысындағы сіздің дәрістен тыс жұмыстарыңыздың талдауы:

а) берілген студенттік топ ұжымына арналған тақырыптың, әңгіменің маңыздылығы;

б) әңгіме барысындағы студенттердің белсенділік дәрежесі;

в) әңгіме барысында қойылған мақсат орындалды ма, әңгіме жүргізудегі кемшіліктер мен жетістіктер, келешекте оларды қолдану жолдары;

г) іс-тәжірибе барысында өзіңіз орындаған басқа жұмыс түрлерін талдау (жатақаналарға бару, студенттер ұжымын зерттеу және т.б.).

11) сіздің жұмысқа дайындық дәрежеңіз туралы жалпы қорытындылар. Іс-тәжірибе нәтижесінде пайда болған өзін өзі тәрбиелеу міндеттері;

12) іс-тәжірибені ұйымдастыруды жақсартуға қатысты ұсыныстар.


^ Студенттік топ ұжымын зерттеу сызбасының үлгісі


1) Студенттік топ ұжымы туралы жалпы мәлімет (студенттер саны, олардың ішінде – қыздар, ұлдар, жастық құрамы, әлеуметтік құрамы, жоғары оқу орнына дейінгі өндірістік өтілі).

2) Ұжымдық іс-әрекеттің сипаты мен мазмұны:

а) оқу іс-әрекеті (оқу үлгерімінің және кәсіби бағыт пәндерінің жалпы сипаты, оқудағы өзара көмектесу, оқу іс-әрекетіне қатынас)

б) ұжымның дәрістен тыс сабақтардағы өмірі – қазіргі саяси жаңалықтарға, музыкаға, спортқа қызығушылық және оны көрсету формалары (оқу конференциялары, театрға, киноға, КТК-на бару, және т.б.), топтың факультеттің, жоғары оқу орнының қоғамдық жұмыстарына қатысуы;

в) қоғамдық пайдалы еңбек және оның топтағы алатын орны, еңбек түрлері және оны орындау сипаты.

3) Студенттік топты ұйымдастыру және басқару:

а) топты ұйымдастырушы, оның белсенділері, староста және оның жұмысы, басқа белсенділердің мінездемесі (бастамашыл, өзбетті, өзіне және басқаларға талап қоя білу, дербес, қайсар, ұйымдастыра алу қабілеті, қоғамдық пікірлерге деген қатынасы);

б) топта бейресми белсенділердің болуы, олардың топқа әсер ету сипаты, оларға топ белсенділерінің қатынасы; «шеттетілгендердің» болуы, шеттету себебі және жолдастарының оларға деген қатынасын өзгерту жолдары;

в) топ ішіндегі өзара қатынас (бірлесу дәрежесі, өзара түсінікті талаптың, жолдастық қамқорлықтың, сыйластықтың және өзаракөмектің көрінуі, топтасудың болуы немесе болмауы).

4) Студент тұлғасына ұжымның және оның ұжымға әсер етуінің нақты мысалдарын талдау.

5) Студенттерге психология-педагогикалық диагностика жүргізу және оқу іс-әрекеті мен тәрбиелеу деңгейіне қатысты анықталған мәселелер негізінде қолдау бағдарламасын құру.

6) Жалпы қорытындылар. Ұжымның даму деңгейі. Жалпы эмоционалды климат сипаты. Тәртіптілігі. Ұжым өмірін ұйымдастырудың және оның мүшелерінің өзарақатынасының негізгі кемшіліктерін анықтау, осы кемшіліктерді жою жолдары.



МІНЕЗДЕМЕ


Іс- тәжірибе барысындағы магистранттың жұмысы туралы білім беру ұйымының қорытындысы:


Іс- тәжірибе жетекшісі

Білім беру ұйымынан


Мөр







БАҒЫТТАМА


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің педагогикалық іс- тәжірибе туралы Ережесі негізінде ___________________________ мамандығының ___________________бағыттағы _________ оқу түріндегі магистрант

___________________________________________________________________

(аты-жөні толық)


2009 ж. «___» __________________ - «___» _______________ аралығында

іс- тәжірибеден өту үшін ______________________________________________

объект атауы

жолдайды.


Іс- тәжірибе жетекшісі___________________________________________

Кафедра меңгерушісі ___________________________________________


«___» ________________ 200__ ж. объектке келді

«___» _________________ 200__ ж. объекттен кетті


Әкімшіліктің қолы _________________

Мөр



^ Жоғары оқу орнынан кейінгі

кәсіптік білім бөлімінің бастығы Ражепаева Ф.З.


ДАЙЫНДАҒАН:


^ Педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д.




Завалко Н.А.


Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім бөлімінің бастығы





^ Ражепаева Ф.З.

КЕЛІСІЛГЕН:








Сапа жөніндегі басшылықтың

өкілі




Әділғазинов Ғ.З.

^ Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор





Қасабеков С.А.

Болжау және білім сапасы

бөлімінің бастығы





^ Астанбаев Б.Қ.

Жалпы бөлімнің бастығы




Жақиянова Г.Қ.


^ Заңгер- кеңесші




А.Н.Грязнова












КЕЛІСІЛГЕН:


^ Экономика және қаржы факультетінің деканы


Болғауов Т.

Заң факультетінің деканы

Рахымбердин Қ.



^ Математика, физика және технология факультетінің деканы


Ахметжанов Б.

Экология және жаратылыс ғылымдары факультетінің деканы


Мырзағалиева А.

^ Психология-педагогика факультетінің деканы


Апышев О.

Филология факультетінің деканы


Оразалин С.

^ Тарих және халықаралық қатынастар факультетінің деканы


Ахметова Г.

Мәдениет және спорт факультетінің деканы

Сармулдинов Р.



^ ТАНЫСТЫРУ ПАРАҒЫ




Аты- жөні, тегі

Қызметі

Мерзімі

Қолы


































































































































































































































































^

ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ







Өзгертуді енгізу

туралы өкімші құжаттың нөмірі мен күні

Өзгеріс енгізілген

күн

Өзгеріс енгізген

тұлғаның

аты- жөні

Қолы

















































































































































































































































































^ ТЕКСЕРУЛЕРДІҢ МЕРЗІМДІЛІГІН ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ



Тексеру №

Жүргізілген тексеру туралы өкімші құжаттың нөмірі мен күні

Тексеру жүргізілген күн

Тексерген тұлғаның

аты- жөні

Қолы







































































































































































































































Похожие:

Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі icon2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға
Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы білім және ғылым министрлігі, Корей Республикасының мәдениет, туризм және спорт министрлігі, П. Чайковский атындағы...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі пресс релиз
Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев атыңдағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті Геология және мұнай-газ ісі институты
Белгілі геолог, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 80 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың екінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы №1181...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ...
Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Приложение 3

Өскемен қ. 2009 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Есеп және қаржы»
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы