Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар icon

Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар



НазваниеДиссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар
Дата конвертации22.10.2012
Размер217.52 Kb.
ТипДиссертация
источник








Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар.

Негізгі терминдер: патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық, патриоттық тәрбие, патриоттық сезім, патриоттық құндылық, ұлттық құндылық, ұлттық идея, ұлтаралық татулық, толеранттылық, сенім, ерлік, құрмет, парыз, абырой, ар-намыс.

^ Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай студенттерге патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұ­мыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» – деп, үлкен үміт артты.

Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.

Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер, бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тәрбиелеу жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және біздің анықтауымызша студенттердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады.

Жастардың отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Студенттерді Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – әрбір пән оқытушысының аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі білім беру саласы алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты ЖОО болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелеріннің бірі.

Қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады. Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен бүгінгі күнде студенттерді елжанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі, қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттерге патриоттық тәрбие берудің шынайы мүмкіндіктері мен олардың жоғары оқу орындарының педагогикалық процесінде жүйелі пайдаланылмауы арасында қарама-қайшылықтар туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу жолдары біздің зерттеу мәселемімізді айқындайды.

Аталған қайшылықтың ғылыми-теориялық тұрғыдан жүйеленбеуі және әдістеменің жоқтығы бiздiң мәселемізді айқындап, зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.

^ Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.

^ Зерттеудің міндеттері:

  • қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық зерттелуін қарастыру;

  • патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздей отырып, «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм» ұғымдарының мәнін ашып көрсету;

  • студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделін жасау оны қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіш, деңгейлерін анықтау;

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау және оның оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

^ Зерттеудің объектісі: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: жоғары оқу орнындағы қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру жолдары.

^ Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты тарихи-педагогикалық, этнопедагогикалық, психологиялық, этнопсихологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғарғы оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен әңгіме жүргізу; сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесіне пайдаланудың теориялық негіздері анықталып, оның жалпы педагогикалық дайындық жүйесіндегі мәні мен маңызы көрсетілді.

  • «Қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «патриотизм» ұғымдарының ерекшеліктері айқындалып, олардың анықтамалары нақтыланды;

  • жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды.

  • қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперимент арқылы нәтижелері дәйектелді.

^ Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы:

- Суденттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі, «Қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру» атты арнайы курс бағдарламасы дайындалды.

- Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ұсыныстар жасалды.

- Жоғарғы оқу орны студенттерін патриотизмге тәрбиелеуде теориялық талдаулар нәтижесінде жинақталған тарихи-педагогикалық материалдарды жоғары оқу орындарымен қатар, орта арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие тәжірибелерінде пайдалануға болады.

^ Зерттеудің мазмұны мен қорытындысы:

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейкестілігі, мақсаты, обьектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңызы ашып көрсетіледі және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.

^ Бірінші тарауда студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қазақ этнопедагогикасының бағыт-бағдары ашылып, патриоттық тәрбие берудiң ғылыми-әдiснамалық негiздерi тарих, философия, әлеуметтану, педагогика, психология ғылымдарының қағидаларына сүйене отырып анықталды. Сонымен қатар «қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері қарастырылып, студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі жасалып, сипатталды.

^ Екінші тарауда жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың мүмкіншіліктері және студенттерге оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие берудің жолдары қарастырылып, студенттерге патриоттық тәрбие берудің оқу-әдiстемелiк кешені бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, студенттердің патриоттық тәрбиеге байланысты бiлiмі мен тәрбиелiгiнiң өсу деңгейі айқындалды. Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi сараланды.

Қорытынды бөлімінде ғылыми болжамды дәлеледейтiн зерттеудiң негiзгi нәтижелерi мен тұжырымдары түйiнделдi, әдiстемелiк ұсыныстар берiлдi және қарастырылып отырған мәселенiң келешекте зерттелетін бағыттары көрсетілді.

Қосымшада студенттерге арналған сауалнамалар, тестiк тапсырмалар, патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша сабақ үлгілері ұсынылады.

Еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы, бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады.

Сондықтанда бүгінгі күні студенттерге қойылып отырған басты талап - патриоттық тәрбие беруге дайындаудың үдерісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның патриоттық санасын, біліктілігін, шыдамдылығын, алдына қойған мақсатына жетуін, яғни оның алдағы өмірінде қоғамның табысты болуына көмектесетін қасиеттерді қалыптастыру арқылы оның патриотизм мәселесіне қызығушылығын арттыру болып отыр.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз.

Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан студенттердің ішкі дүниесін, оның рухани–адамгершілік келбетін қалыптастыруға ерекше мүмкіндіктерге ие. Себебі, оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.

Патриотизмге тәрбиелеу алдымен жастардың сана-сезіміне, одан соң іс-әрекетін ұйымдастыруға ықпал етуден басталатыны белгілі. Осы мәселені тарихи-педагогикалық тұрғыда зерттеудің маңызы зор.

Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «ұлттық патриотизм ерекшеліктері» мен «қазақстандық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап, жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын айқындадық.

Ұлттық патриотизм елін қорғауға даярлығы, туған жеріне, өз ұлтына, тіліне, табиғатына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет пен сүйіспеншілік ұғымымен байланысты болса, жалпыұлттық патриотизм түрлі ұлт өкілдерінің тұрғылықты жерін, елін мақтан тұтуы, Отанына сүйіспеншілікпен қызмет етуін білдіреді.

Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз өз зерттеулерімізден көріп жүрміз. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс. Ұлтының наным-сенімдерін, саяси көзқарастары мен ұстанған бағыт-бағдарын, ұлттың әрбір азаматы өз ұлтының ерекшеліктерін танып білуі керек. Ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін, дінін сыйлау, жетістіктеріне шаттану – ұлттың әрбір өкілінің азаматтық борышы. Біздің зерттеуімізде көтеріліп отырған ұлттық патриотизм ерекшеліктері студенттердің өз ұлтының тарихы мен географиясымен, батырлары мен біртуар тұлғаларының ерлік істерін білуіне негізделеді.

Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап, зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Осыған сәйкес біз ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын қасиеттердің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).




Сурет 1 – Ұлттық патриотизмнің мәні


Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде сонымен қатар “қазақстандық патриотизм” ұғымы кеңінен қолданыс тауып келеді. Мұның өзі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келетін көп ұлтты еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады.

Ғылыми еңбектердегі «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына теориялық талдау жасай келе, «Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасадық. Ал Қазақстандық патриотизмдi іске асыру көп ұлтты Қазақстанда бiрлiк пен елдiктi сақтай отырып, демократияландырылған, әлемдiк өркениеттен орын алу идеологиясына негiзделген стратегиялық бағыт-бағдар болып табылады.

Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосуға міндетті.

Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 2).





Сурет 2 – Қазақстандық патриотизмнің мәні


Сонымен қатар біз зерттеу жұмысымызда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштерін құрылымдық жүйе ретінде қарастырып әзірледік (кесте 1).

Біз жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беруде «патриот студент» тұлғасын қалыптастыруда, Д.С.Құсайынова, Ж.Н.Қалиев, С.Т.Иманбаева , А.Н. Иманбетовтың және т.б. еңбектеріндегі идеяларды негіз еттік. Модель құрамын анықтауды, біз студенттердің патриоттық деңгейін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасауда қарастырдық. Студенттердің патриотизмін қалыптастыру тетіктері күрделі, қайшылығы мол және ол патриотизмнің барлық құрамды бөліктерін қамтиды: мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық. Біз өзіміздің зерттеуімізде жоғарда айтылған компоненттер, өлшемдер мен көрсеткіштерді негізге ала отырып, қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделін жасадық (сурет 3).


Кесте 1 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиелілігін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері


Компоненттер

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық

Қазақ этнопедагогикасына деген саналы көзқарасы, оның қоғамдық мәнін түсінуі, қажеттілігін сезінуі. Педагогикалық іс-әрекетте патриоттық тәрбие беру ұғымдарын пайдалануға ұмтылысы.

қазақ этнопедагогикасына ерекше құрметпен қарау және оны оқып-үйренуге қызығушылығының болуы;

қазақ этнопедагогикасындағы құнды идеяларды дұрыс қабылдай алуы;

қазақ этнопедагогикасының патриотизмді қалыптастыруға дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінуі;

қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбиені оқу-тәрбие жұмыстарына пайдаланудың маңыздылығын түсінуі.

Іс-әрекеттік

Патриоттық тәрбие беруге байланысты қазақ этнопедагогикасы бойынша білімдерінің және патриоттық сана-сезімнің болуы.

қазақ этнопедагогикасының қалыптасу, даму тарихы туралы білімі;

патриоттық тәрбие беруге байланысты мәселелердің шығу тарихы, маңызы мен ерекшеліктерін білуі, патриотизм, қазақстандық патриотизм, ұлттық патриотизм туралы түсінігінің болуы;

қазақ этнопедагогикасының тәлім-тәрбиелік идеялары туралы білімі;

патриоттыққа, елжандылыққа баулудың қазақ этнопедагогикасындағы халықтық дәстүрлерін игеруі;

қазақ этнопедагогикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін игеруі.

Мінез-құлықтық

Қазақ этнопедагогикасынан алған білімдерін патриоттық іс-әрекетте кәсіби пайдалана білу іскерлігі



қазақ этнопедагогикасының негіздерін күнделікті іс-әрекетінде қолдану;

шығармашылық жұмыстарда және өз іс-әрекетінде қазақ халқының патриоттық құндылықтарын белсенді және саналы түрде қолдана білуі;

патриоттық тәрбие беруге байланысты тәрбие жұмыстарын өткізу мен талқылау даярлығын меңгеруі.





Сурет 3 – Қазақ этнопедагогикасының құндылықтарын меңгерген

студент тұлғасы моделі


Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі моделдеу әдістерінің арасынан біздің зерттеуімізге тиімді жеке тұлғаның патриоттық сезімін қалыптастыруда оқу-тәрбие берудің ықпалын ескеру негізінде әзірленді.

Зерттеліп отырған мәселенің бүгінгі шынайы күйін айқындау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүйесі (анықтау, қалыптастыру және бақылау) С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мәдениет және спорт факультетінің бастапқы әскери дайындық кафедрасы мен музыка кафедрасының студенттерімен өткізілді.

Біздің экспериментке 70 студент қатысты. оның 35 студенті бақылау тобын, ал 35 студенті эксперимент тобын құрады.Студенттерге патриоттық тәрбие берудің бастапқы деңгейін анықтау сауалнама, әңгімелесу, тест, пікірталас әдістері арқылы алынған мәліметтерді өңдеумен жүргізілді. Анықтаушы эксперимент барысында зерттеу әдістерінің кешенін (сауалнамалар, бақылаулар, әңгімелесу, т.б.) көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) студенттердің бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиелілік деңгейін анықтадық.

Анықтаушы эксперимент нәтижелерін сараптау бізге студенттердің қазақ этнопедагогикасы, қазақстандық патриотизмнің мәні, жалпы патриотизм, патриотизм туралы субьективті көзқарастары мен білімдері, патриоттық сана-сезімінің қалыптасуы, патриоттық мінез-құлқы туралы хабардар етті. Диагностикалау нәтижелері эксперименттік және бақылау топтарындағы студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің қалыптасуының төмен деңгейін көрсетті (Сурет 4). Мұның себептерінің бірі жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беру процесінің өз деңгейінде ұйымдастырылмауы болып табылады.



Сурет 4 – Студенттердің патриоттылығын анықтайтын компоненттер көрсеткіштері (анықтаушы эксперимент нәтижелері)


Зерттелiп отырған мәселені мүмкiндiк шарттарын айқындау мақсатымен жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұнына арналған оқу бағдарламалары, тәрбие жұмыстарының жоспарлары мен әдiстемелiк әдебиеттерi зерттелiп, талқыланды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жолдарының моделі жасалды.

Қалыптастыру экспериментiнің мақсаты қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделін сынақтан өткізу және оның тиiмдiлiгiн тексеру болды. Бұл мақсатқа жету төмендегiдей мiндеттердiң шешiмiн табумен байланысты:

  • арнайы курс бағдарламасын жасап, сынақтан өткiзу;

Эксперименттік топ студенттерімен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында патриоттық тәрбиенің қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері эксперименттік топ студенттерінде патриоттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейін әр уақытта жоғарылатуға мүмкіндік беретін біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Студенттердің қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбиелілігінің қалыптасу деңгейлері анықталды (сурет 5). Кестеде қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиеліліктің қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) эксперименттік топ студенттері мен бақылау топ студенттерінің арасында көп айырмашылық бар. Эксперименттің басында (кесте 5) және соңында (кесте 6) алынған бақылау кесінділерінің нәтижелері қалыптастыру эксперименті барысында жүргізілген жұмыстың елеулі өзгеріс әкелгенін көрсетті.



Сурет 5 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиелілік компоненттерінің

даму көрсеткіші (қалыптастырушы эксперимент нәтижелері)


Кесте 2 – Студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің деңгейлері (анықтаушы эксперимент нәтижелері)


деңгейлер топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ


8,33%

29,17%

62,5%

Бақылау тобы


14,55%

30,91%

54,54%

Кесте 3 – Студенттердің патриоттық тәрбиелілігінің деңгейлері (қалыптастырушы эксперимент нәтижелері)


деңгейлер

топтар

жоғары

орташа

төмен

Эксперименттік топ

42,5%

32,5%

25%

Бақылау тобы

15,45%

40%

44,55%


Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша студенттердің патриотттық тәрбиелілік деңгейі эксперименттік топта 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында - 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында - 40 пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады. Бақылау тобында эксперимент басында төменгі деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады.

Сонымен жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі жоғары оқу орындарында пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дєлеледеп берді.

Біз зерттеу жұмысында алға қойған мақсатты орындадық, бірақ диссертацияда қазақ этнопедагогикасына байланысты барлық мәселелерді толық қамтыдық деп айта алмаймыз. Өйткені қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарда зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде дегіміз келеді: студенттерді кәсіби даярлауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру жолдары; студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасын негізге алу; бастапқы әскери дайындық мамандығына дайындауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру сияқты тағы басқа мәселелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге болады.


^ Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:


  1. Студенттердің бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру қоғам талабы // «ҮІІ Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Тараз, 2012. – Б.212-213.

  2. Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру // Ғылым мен білім дамуының инновациялық бағыты атты жас ғалымдар мен магистранттардың университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. – Өскемен, 2012. – Б.268-271.

^ Кусаинова Анаргуль Жагыпаровна

Пути патриотического воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики

6М010300 – Педагогика и психология

РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования. Одна из основных задач системы образования – воспитание гражданина, патриота своей страны. Поэтому «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» являются показателями воспитанности студентов. Необходимость воспитания патриотизма у студентов высших учебных заведений с учетом этнических особенностей народа, на примерах подвигов народных героев подчеркивает актуальность проблемы исследования.

Вопросы воспитания казахстанского патриотизма рассмотрены в работах многих ученых. Однако, недостачная разработанность проблемы воспитания патриотизма на основе казахской этнопедагогики, требует соответствующих научных исследований.

^ Объект исследования: процесс патриотического воспитания студентов высших учебных заведений.

Предмет исследования: патриотическое воспитание студентов на основе казахской этнопедагогики в вузах.

^ Цель исследования: теоретическое обоснование патриотического воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики и разработка ее методики.

Задачи исследования:

  • раскрыть теоретические основы использования казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании студентов высших учебных заведений;

  • уточнить понятия «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» и определить их особенности;

  • разработать теоретическую модель патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики;

  • разработать методику патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики.

Научная новизна исследования:

  • раскрыты теоретические основы использования казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании студентов высших учебных заведений;

  • определены особенности «казахстанского патриотизма» и «национального патриотизма»;

  • разработана теоретическая модель патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики;

  • разработана методика патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики.


^ Кussainova Anargul Gagyparovna

Training students in the patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics

6М010300 - Pedagogy and psychology

SUMMARY


Actuality of research theme One of the main problem's in the system of education – upbringing of citizen, patriot of his country. And so «kazakhstani-patriotism», «national- patriotism» is significant breeding of students. Necessity upbringing students’ patriotism in high educational institutions to take into consideration ethnic peculiarities of people, to cite as an example peoples epic of heroism stress the actuality of research problem.

The question of upbringing kazakh patriotism discussed in the works of many scientists. However, inadequacy elaborations of the problem in patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics demands in accordance with scientific research.

^ The objective of the investigation: is the students’ patriotic upbringing in high educations.

The subject of investigation is: content of the students’ patriotic upbringing in high educations on the basis of Kazakh ethnopedagogics.

The purpose of the investigation: theoretical basis and practical elaboration of students’ patriotic upbringing on the heritage of Kazakh ethnopedagogics.

^ The aims of the research are:Historical analysis,psychology-pedagogics literature by the problem;using methods of research to solve tasks and checking hypothesis; observation for training-educational process preparation for specialists; conducting special course and its analysis;modelling; checking accordance with the objective of the investigation of the methodical system and its efficacious in the process of experimental work; mathematical and statistical methods of treatment obtained results.

The scientific novelty: characterized degree of research the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics;

defined upbringing possibilities of patriotic upbringing, exposured peculiarities of kazakhstani patriotism and national patriotism and elaborated their definition;

worked out theoretical model and the ways for realizing the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogis;

effectiveness the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics was proved with the results of experimental work.


Притерден басып шығарылды

Өскемен қ.

0,6 б.б.






Похожие:

Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен құралады. Диссертацияның жалпы көлемі 63 бет машинада терілген, 21 сурет, 4 кесте бар
Негізгі терминдер: титан, алюминий, жоғарытемпературалы өздігінен таралатын синтез (ЖТӨТ синтез), композиттік материалдар, интерметаллидті...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconМагистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы. Магистрлік жұмыс көлемі 103 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның құрылымы кіріспеден, негізгі...
Диссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар iconЖұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, 4 тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы