Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы icon

Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы



НазваниеМагистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы
Дата конвертации22.10.2012
Размер234.79 Kb.
ТипДокументы
источник







Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы. Магистрлік жұмыс көлемі 103 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

5 кесте, 13 сурет, 51 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі ұғымдар 15 сөз: «өзін-өзі тану», «рухани-адамгершілік білім беру», «өзіндік сана», «өзіндік білім алу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «технология», «психологиялық технология», «оқу іс-әрекеті», «шығармашылық», «белсенділік», «жеке тұлға», «тұлғалық мотивация», «тұлға бағыттылығы», «өзін-өзі қабылдау», «әлеуметтену», «мониторинг».

^ Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының білім беру саясаты қазіргі әлеуметтік-педагогикалық, экономикалық, саяси мәселелерге байланысты шешілуі студент тұлғасының тиімді дамуынсыз мүмкін емес, өзара байланысқан міндеттерден тұратын негізгі басымдылықты бағыттарын анықтады.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көтеретін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру - білім беру жүйесінің міндеті.

Өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімін, құндылықтарын, мәдени мұрасын бағалай білетін, қазіргі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға, заманауи талаптарға сай білімді, білікті рухани-адамгершілік қасиеттері биік, дара тұлғаны, құзіретті маманды тәрбиелеу ең өзекті мәселелер қатарына жатады. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты кәсіби білім беру сапасына, тәрбиелік деңгейіне жаңа талаптар қойылуда. Қазақстанда да, сонымен қатар әлемдік деңгейде оқыту, тәрбиелеу, кәсіби даярлау мәселелеріне толассыз назар аударылуда. Солардың айғағы: «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті-жеке тұлғаның ұлттық, жалпыадамзаттық, рухани-адамгершілік құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,- деп көрсетілуі қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі. Аталған мәселерді шешудің бір жолы ретінде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы дүниеге келді.

«Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы студенттің әлеуметтік жасқа толған шағында жалпы адамзаттық рухани құндылықтар мен қазіргі этникалық стандарттың жоғарғы талаптары мен ережелеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыруға дайын қазақстандық тұлғаның қоғамдық тұтас үйлесімді тұлғасын қалыптастыруға бағытталады.

Қазақстан Республикасының оқу-тәрбие мекемелерінің оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» пәнін ендіруді қамтамасыз етуде маңызды үлес қосқан және осы курсты әдістемелік тұрғыдан негіздеген мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар С.А. Назарбаева, Ш.К. Беркімбаева, К.Н. Шамшидинова, Б.А. Альмухамбетов, Б.К. Дамитов, Х.Т. Шерьязданова, К.Ж. Қожахметова, М.Ш. Хасанов, А.Н. Нысанбаев, Б.К. Кудышева, Г.И. Калиева, Т.А. Левченко, Г. Г.  Соловьева, М.Ж.  Джадрина т.б. болды

Өзін-өзі тану тұжырымдамасын құрастырушылар қазіргі қоғамдағы тұлғаны жан-жақты жарасымды дамытуға рухани-адамгершілік білім беруге бағытталуы қажет деп есептейді. Сонымен, зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай колледж студенттерінің өзіндік сана-сезімін, өзін-өзі тәрбиелеуі мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағытта рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктері туындайды. Осыған байланысты жұмысымыздың тақырыбын: «Колледж студенттеріне «өзін-өзі тану» пәнін оқытудағы психологиялық- технологиялық ерекшеліктері» деп алдық.

^ Зерттеу объектісі: техникалық және кәсітік білім берудегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні – психологиялық технологиялар негізінде студенттерге өзін-өзі тану пәнін оқытудың психологиялық ерекшеліктері, сипаты, педагогикалық негізі.

Зерттеудің мақсаты – өзін-өзі тану пәнін оқытуда қолданылатын психологиялық технологиялардың ерекшеліктерін анықтау және тәжірибелік негіздеу.

^ Зерттеу міндеттері:

- психологиялық технологиялардың колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытудағы мүмкіндіктерінің педагогикалық негізін теориялық, тұжырымдамалық тұрғыдан айқындау;

- психологиялық технологияларды қолдану жолдарын, әдіс-тәсілдерін пайдалану тиімділігін іс- тәжірибеде көрсету.

^ Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным, жеке тұлға теориясы, тәрбие мәнін анықтайтын психологиялық, педагогикалық идеялар, тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, өзін-өзі танудың теориялық қағидалары, тұжырымдамалары.

^ Зерттеудің жетекші идеясы психологиялық технологияларды қолдану арқылы «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту тиімділігін арттыруға болады.

Зерттеу көздері: тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің ресми құжаттары; рухани адамгершілік тәрбие бойынша тұжырымдамалар, өзін-өзі тану пәні бойынша арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар; философ, психолог, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, нормативті құжаттары, ҚР «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамалары негіз болды.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін төмендегідей әдістер таңдап алынды: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді теориялық талдау, салыстырмалы талдау, А. Реанның «жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу» сауалнамасы, Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау», Б. Басстың «Тұлға бағыттылығын анықтау» әдістемесі, К.Роджерстің «Өзін-өзі қабылдау межесі» әдістеметемелері алынды. Сонымен бірге математикалық-статистикалық әдістер: орта тенденция табу, пайыздық үлесті табу, квадраттық ауытқуды табу, Стьюденттің t-критерийі қолданылды.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • қазіргі білім беру жүйесіндегі өзін-өзі тану пәнінің маңызы ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы нақтыланды;

  • «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда психологиялық технология мүмкіндіктері анықталды;

- колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытуда психологиялық технологияларды қолдану мазмұны, әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;

- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.

^ Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:

- «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда психологиялық технологияны қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалды;

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда психологиялық технологияларды қолдану» атты колледж оқытушыларына педагогикалық семинар өткізілді.

Өзін-өзі тану пәнінің алғашқы сабағында студенттерге жоғарыдағы әдістемелер кешені жүргізіліп, нәтижесі талданды. Алынған көрсеткіштер студенттермен тұлғалық даму үдеріснде психологиялық теххнологияларды қолдану қажеттілін айқындады.

Өзін-өзі тану пәнін оқыту үрдісінде психологиялық белсенді әдістерін қолдану арқылы студенттердің білімін жетілдірудегі маңыздылығы талданды.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының ұйымдастыру тәсілдерінің, құрылысының өзгеше болуы және сабақтың арнайы жабдықталған кабинетте жүргізілуі студентке жақсы жағынан әсер етуі, студенттің шығармашылығының ерекше дамуына әсер ететіні көрсетілді.

^ Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Тайбогаров атындағы көпсалалы колледжінің педагогикалық бағытта білім алушы студенттерге жүргізілді.

^ Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың барысы және негізгі жағдайы:

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарға келесі психологиялық әдістемелер кешені ұсынылады:

- А.Реанның «жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу» сауалнамасы;

- Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі;

- Б. Басстың «Тұлға бағыттылығын анықтау» әдістемесі;

- К.Роджерстің «Өзін-өзі қабылдау межесі» әдістемесі.

^ Жұмыстың негізгі мазмұны.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр студенттің ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары студенттердің қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:

- адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

- студенттердің өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін педагог өзін өзі тану үдерісінің философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнділігін саналау арқылы бірнеше қағидаларды басшылыққа алуы тиіс (сурет 1).




Сурет 1- «Өзiн-өзі тану» пәнінің негізгі қағидалары


«Өзін-өзі тану» пәнінің барлық қағидалары өзара байланысты және рухани-адамгершілік негізге ие.

«Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау білімнің әрбір деңгейі үшін типтік бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құрал, хрестоматия, өзін-өзі тану бойынша дәптер, көрнекі-иллюстрациялық, дидактикалық және үнтаспа, бейнетаспа материалдарынан құралатын оқу-әдістемелік кешендерден тұратынын көрсетті.





Сурет 2 - «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік қамтамасыз етілуі


Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту алдында жоғарыда берілген психологиялық әдісмтемелер кешені жүргізілді және келесі нәтижелер алынды.

Әлеуметтік–психологиялық диагностикалық кешен сұрақтарына «Өзін-өзі тану» курсын оқу барысында игерген ақпарат көлемінің, білімінің, дүниеге көзқарасының, құзыреттіліктерінің деңгейі жатады. Тест «Өзін-өзі тану» пәнін оқу алдында және оқып біткеннен кейін жүргізіледі. Бастапқы және қорытынды тестілеу нәтижелері салыстырылып, студенттердің тұлғалық өсу деігейлері анықталады. Бұл өлшемдік құралдар жоғары оқу орнының «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысына эмпирикалық материалдар беріп қана қоймай, студенттің өсуін реттеуге, дұрыс жол таңдауға мүмкіндіктер береді.

Зерттеу жұмысына толық емес жалпы білім негізінде 9 сыныптан кейінгі базалық біліммен колледжге оқуға келген 1 курстың 40 студенті және жас ерекшелік жағынан бір сатыда тұрған №20 А.Байтурсынов атындағы орта мектептің 10 сыныптың 40 оқушысы қатысты. Барлық эксперимент жұмысына тартырған адамдар саны 80.

Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту алдында жоғарыда «Бөбек» ұлттық білім беру және сауықтыру орталығы ұсынған психологиялық әдісмтемелер кешені жүргізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні курсы аяқталғаннан кейін студенттерге бастапқы кезеңде жүргізілген зерттеу әдістемелері қайтадан жүргізіліп, алынған нәтижелер салыстырылды.

А. Реанның «Жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу» сауалнамасы дамытушы эксперимент барысында 40 студент келесі көрсеткіштерді көрсетті:

14-20 ұпай аралығын студенттердің 23 -і көрсетіп – 58 %, ал 17-і 8-13 ұпай аралығын көрсетіп – 42% құрады. Орташа арифметикалық шама – 14-ке тең болды. Зерттеу нәтижесінің квадраттық аутқуы 4,4 -ке тең болды, яғни,

14 +4,4=18,4 және 14 – 4,4 = 9,4 .

Соңғы зерттеу барысында студенттердің жетістікке жету мотивациясының сәтсіздіктен қорқу мотивациясына қарағанда жоғарылағандығы анықталды.



Сурет 3 - Алғашқы және соңғы зерттеулердегі студенттердің жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқуларының нәтижесі бойынша салыстырмалы проценттік көрсеткіштері


Екі көрсеткіштердің орташа шамалары арасындағы айырмашылықты табу үшін Стьюденттің t – критерийі пайдаланылды.

Стьюденттің t критерийі төменгі формула бойынша есептеледі:

t= (1)

мұнда, Х 1ар – бірінші статистикалық топтың орташа арифметикалық шамасы;

Х 2ар - екінші статистикалық топтың орташа арифметикалық шамасы;

m1 – бірінші статистикалық топтың орташа арифметикалық шамасының қателігі;

m2 – екінші статистикалық топтың орташа арифметикалық шамасының қателігі.

«Жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу» әдістемесінің анықтаушы және дамытушы эксперимент бойынша орташа арифметикалық көрсеткіштерінің t критерийі 2,8 – ке тең, олай болса эмпирикалық мән 2,8 > t0,01 (2,704), яғни екі топ арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді болып табылады.

Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістімесі бойынша студенттердің төмен деңгейдегі реактивті мазасыздықты 12% құрады, ал, деңгей орташа 32% - і, ал қалған студенттер жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 56% құрады. Өзін-өзі тану курсы аяқталғаннан кейінгі студенттердің 8-і төмен деңгейдегі реактивті мазасыздықты көрсетіп 20 % құрады, 23-і орташа деңгеймен 58% - і, ал қалған 9 – ы жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 22 % құрады.

Салыстырмалы нәтижені төмендегі суреттен көруге болады.



Сурет 4 - бастапқы және соңғы зерттеу қорытындысы бойынша студенттердің реактивті мазасыздықтарының нәтижесі бойынша салыстымалы проценттік көрсеткіштері


Реактивті мазасыздықты анықтау қорытындыларының нәтижесінде алғашқы және соңғы зерттеу көрсеткіштерінің t критерийі 2,88 – ге тең, олай болса эмпирикалық мән 2,88 > t0,01 (2,704), яғни екі топ арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді болып табылады.

Алғашқы зерттеуде студенттердің 6-ы төмен деңгейдегі тұлғалық мазасыздықты көрсетіп 16% құрады, ал, 25-і орташа деңгеймен 60% - і, ал қалған 9-ы жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 24% құрады. Соңғы зерттеу бойынша 7-і төмен деңгейдегі тұлғалық мазасыздықты көрсетіп 18% құрады, ал, 29-і орташа деңгеймен 72 %, ал қалған 8-і жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 10% құрады.



Сурет 5 - бастапқы және соңғы зерттеу қорытындысы бойынша студенттердің тұлғалық мазасыздықтарының нәтижесі бойынша салыстымалы проценттік көрсеткіштері

(соңғы эксперименті)


Тұлғалық мазасыздықты анықтау қорытындыларының нәтижесінде алғашқы және соңғы зерттеу көрсеткіштерінің t критерийі 3,1 – ке тең, олай болса эмпирикалық мән t эм (3,1) > t0,01 (2,704), яғни екі топ арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді болып табылады.

Б.Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» анкетасының қорытындысы бойынша анықтаушы экспериментте студенттердің тұлғалық бағыттарының қарым-қатынасқа және өзіне басым екені анықталды.

- өзіне бағыттылықты (М); -20 студент көрсетіп, 50% құрады.

  • қарым-қатынасқа бағыттылық (Қ) – 12 студент көрсетіп, 30% құрады

  • іске бағыттылық (І) – 8 студент көрсетіп, 20% құрады, ал дамытушы экспериментте

  • өзіне бағыттылықты (М) -10 студент көрсетіп, 25 % құрады;

  • қарым-қатынасқа бағыттылық (Қ) – 14 студент көрсетіп, 35 % құрады;

- іске бағыттылық (І) – 16 студент көрсетіп, 40% құрады.

Салыстырмалы көрсеткіштерді келесі суреттен байқауға болады.



Сурет 6 - Алғашқы және соңғы эксперимент нәтижесі бойынша студенттердің тұлғалық бағыттылықтарының салыстырмалы көрсеткіштері


К.Роджерстің «Өзін-өзі қабылдау межесі» әдістемесін алғашқы жүргізу нәтижесінде студенттердің 1-уі 36-110 дейінгі ұпай көрсетіп 3% - төменгі деңгейді көрсетсе, ал 12 студент 111-150 орташа ұпай аралығын көрсетіп – 30%, ал 27 студент 151-180 жоғары ұпай аралығын көрсетіп – 68% құрады.

Соңғы зерттеуде 36-110 дейінгі ұпай көрсеткен студент болмады. Ал 29 студент 111-150 орташа ұпай аралығын көрсетіп – 72%, 11 студент 151-180 жоғары ұпай аралығын көрсетіп – 28% құрады.



Сурет 7 - Алғашқы және соңғы эксперимент нәтижесі бойынша студенттердің өзін-өзі қабылдау межесінің салыстырмалы көрсеткіштері


Суреттен байқағанымыздай, алғашқы зерттеу нәтижесіндегі өзін өзі бағалау межесі көрсеткіштерінің позитивті өзгеріске ұшырағанын көре аламыз.

Алғашқы және соңғы зерттеу көрсеткіштерінің орта арифметикалық шамасы арасындағы айырмашылық 3,25 –ке тең болды. Олай болса, t эм (3,25) > t0,01 (2,704), яғни екі топ арасындағы статистикалық айырмашылық мәнді болады.

Кесте 1 - алғашқы және соңғы алынған студенттер мен оқушылардың зерттеу нәтижелері бойынша алынған мәліметтер


Компоненттер

ӘДІСТЕМЕЛЕР

Төмен

Орташа

Жоғары

Мәнділік деңгейі

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

когнитивті аспект


Жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу

жетістік

жетістік

қорқу

қорқу










алғашқы

47

43

53

57







t эм (1,3)

соңғы

58

42

51

59







t эм (2,8) **




эмоциялық-құндылықтық

аспект

реактивті тұлға мазасыздық деңгейін анықтау (басы )

12

10

32

28

56

62

t эм (0,9)

ситуативті тұлға мазасыздық деңгейін анықтау (басы)

16

20

60

50

24

30

t эм (1,3) )

реактивті тұлға мазасыздық деңгейін анықтау(соңы)

20

12

58

45

22

43

t эм (2,88) **

ситуативті тұлға мазасыздық деңгейін анықтау (соңы)

18

19

72

52

10

29

t эм (2,95) **

мінез-құлықтық аспект





Өзіне

Қарым-қатынас

Іске




Тұлғаның бағыттылығын анықтау (басы)

50

60

30

13

20

27

t эм (1,2)

Тұлғаның бағыттылығын анықтау (соңы)

25

53

35

22

40

25

t эм (2,9) **

Рефлексия

«Өзін-өзі қабылдау межесі» (басы)

3

8

30

35

68

57

t эм (0,8)

Өзін-өзі қабылдау межесі (соңы)

-

6

72

42

28/

52

t эм (3,25) **

Егер t эм ** > t0,01 (2,660) болса, онда айырмашылық статистикалық мәнді, егер t эм 0,05 (1,990) болса, онда айырмашылық мәнсіз.


Кестеде берілген соңғы зерттеу нәтижесі барлық компоненттер бойынша алынған мәліметтер арасындағы айырмашылық статистикалық мәнді екенін көрсетеді. Яғни, колледж студенттеріне «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда психологиялық технологияларды қолдану студенттердің тұлғалық дамуына әсер етеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Эксперимент нәтижелерін талдау негізінде «Өзін-өзі тану» пәнінің көмегімен:

  • білім беру процесінің сапасын үздіксіз жетілдірудің тиімді механизмін табуға және іске қосуға;

  • оқушылардың өмірлік дағдыларының және іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін дамыту арқылы білім берудің құзіреттілік сипатын күшейтуге;

  • халық педагогикасының жақсы дәстүрлерінің қайта өркендеуін қамтамасыз етуге;

  • өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуде отбасының, мектептің және қоғамның өзара әрекеттесуін күшейтуге;

  • гуманист, зерттеуші, әдіскер, өзін-өзі жүзеге асыратын тұлға ретіндегі жаңа пікірлері, көзқарастары бар педагогтардың қалыптасуын жігерлендіруге қол жеткіздік.

Сонымен, «Өзін-өзі тану» пәнінде психологиялық технологияларды қолдану тұлғалық қасиеттердің оңды өзгерісіне әкелетіні алынған тест нәтижелерін математикалық - статистикалық өңдеу барысында дәлелденді.

Тұлғаның өзін-өзі тану және өзін жетілдіру мәселесі К.А.Абульханова-Славская, А.А.Вербицкий, Ю.М.Орлов, В.Г.Романенко, И.И.Чесновкова, т.б., ал өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін Н.Е.Анкудинова, А.И.Липкина, В.С.Магун, Е.И.Савонько, В.Ф.Сафин, т.б. ғалымдар еңбектері арналған.

С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасының аясында жүргізілген зерттеулерді ғылыми-теориялық, тұжырымдамалық, тәжірибелік тұрғыдан қарастырған ғалымдар: З.Т.Шерьязданова, Т.А.Левченко, М.Х.Балтабаев, А.А.Семченко, Л.К.Көмекбаева, З.Б.Мадалиева, Е.Е.Бурова, Б.А.Әлмұхамбетов, К.Ж.Қожахметов, К.Н.Шамшидинова, т.б. өзін-өзі танудың педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысуда. Сонымен бірге жоғары оқу орны студенттерін субъект бағдарлы дайындау мәселесімен айналысқан А.Р.Ерментаеваның докторлық монографиялық еңбегі зерттеу жұмысында тұжырымдамалық арқау болды.

Өзін-өзі тану тұжырымдамасын құрастырушылар қазіргі қоғамдағы тұлғаны жан-жақты жарасымды дамытуға рухани-адамгершілік білім беруге бағытталуы қажет деп есептейді. Сонымен зерттеу барысында бүгінгі қоғам сұранысының талабына сай студенттердің өзіндік сана-сезімін, өзін-өзі тәрбиелеуі мәселесін теориялық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен осы бағытта рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту жолында жоғары оқу орны тәжірибесінде психологиялық технологияларды қолданудың өзекті екенін анғарамыз.

«Өзін-өзі тану» пәнінің түінді идеясы – бұл адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына ықпал ету, яғни әлемді құндылық тұрғысынан ұғыну барысында өзін-өзі тану; өз өмірінің мәнін, өзінің өмірдегі орнын түсіну; тұлғалық әлеуетін барынша ашу, әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету; тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар құзіреттерді мақсатты түрде дамыту, өзінің өмірлік позициясын анықтау;  әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;  өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;  адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;  өзімен өзі үндестікте өмір суру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділік, азаматтық және отан сүйгіштік таныту; адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;  қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Зерттеудің міндеттеріне сәйкес зерттеу барысында психологиялық технологиялардың колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытудағы мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін айқындалды, психологиялық технология мүмкіндіктерінің педагогикалық психологиялық әдебиеттерде талдануын қарастырылды, колледж студенттеріне оқу іс әрекетін сипатталды, колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытуда психологиялық технологияларды қолдану маңызын анықталды, психологиялық технологиялардың колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытудағы мүмкіндіктерін эксперименттік зерттеу жүргізілді, психологиялық технологиялардың колледж студенттеріне өзін-өзі тану пәнін оқытудағы мүмкіндіктерін зерттеу процедурасын тағайындалып, эксперименттік зерттеу нәтижелерін талданды.

Бірінші тарауда оқыту бағыттылығының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы мен оқу әрекеті және оның құрамы, ерекшеліктері қарастырылып, оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген белсенді психологиялық әдістердің маңыздылығына талдау жасалынған.

Адамның жетекші іс-әрекетінің бірі-оқу әрекеті, оның құрылымы мен ерекшеліктері туралы Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.И.Леонтьев, Т.В.Габайдың теорияларына жан-жақты талдаулар берілген.

Оқу проблемасы пәнаралық болып табылады. Соған сәйкес әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. Осы орайда Лингарттың оқу әрекетін биология, физиология, психология, әлеметтану, педагогика тұрғысынан қарастырғаны белгілі. Сонымен бірге оқу әрекетінің мотивтеріне түсінік беріледі.

Сонымен, зерттеу мақсатыда келесі психологиялық әдістемелер кешені ұсынылды:

- А.Реанның «жетістік мотивациясы мен сәтсіздіктен қорқу» сауалнамасы;

- Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі;

- Б. Басстың «Тұлға бағыттылығын анықтау» әдістемесі;

- К.Роджерстің «Өзін-өзі қабылдау межесі» әдістемесі.

Өзін-өзі тану пәнінің алғашқы сабағында студенттерге жоғарыдағы әдістемелер кешені жүргізілдіп, нәтижесі талданды. Алынған көрсеткіштер студенттермен тұлғалық даму үдеріснде психологиялық теххнологияларды қолдану қажеттілін айқындады.

Өзін-өзі тану пәнін оқыту үрдісінде психологиялық белсенді әдістерін қолдану арқылы студенттердің білімін жетілдірудегі маңыздылығы талданды.

Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» сабақтарының ұйымдастыру тәсілдерінің, құрылысының өзгеше болуы және сабақтың арнайы жабдықталған кабинетте жүргізілуі студентке жақсы жағынан әсер етуі, студенттің шығармашылығының ерекше дамуына әсер ететіні көрсетілді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында студенттің санасында «бәрі де қолымнан келеді және бәрі де мүмкін» деген ой қалыптасады. Осы ойдың нәтижесінде студенттің өз мүмкіншілігіне деген сенімі артады.

Осындай сабақтардың негізінде ең алдымен олардың өзара еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік жасау қажет. Өз ойларын жүйелеп, нақты бір қорытындыға келіп барып, көпшілік алдында ойын жеткізуге дағдыландырған жөн. Ол үшін әлеуметтік-психологиялық тренингтерді жүргізу маңызды орын алады. Нәтижесінде өз бойларындағы психологиялық кедергілерден арылып, өзін еркін, сенімді ұстауға машықтанады. Сонан кейін барып, әр тақырыптың мазмұнына, күрделілігіне қарай белсенді әдістерді орнымен қолданса, студенттердің психологиялық білімдері белгілі бір жүйеде дамуына бағыт береді.

Жүргізілген соңғы зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелерді салыстыру көрсеткіштердің жағымды жаққа өзгергенін көреміз. Мұның өзі өзін-өзі тану пәні сабағында психологиялық технологияларды пайдалану студент тұлғасының дамуына, өзіндік бағасының артуына, қарым-қатынасқа бағдарлануына, сенімділігінің, қызығушылығының артуына, тұлғаның жеке құндылық бағыт-бағдарының жаңаруын, ұмтылысын, іс-әрекет амалдарының қалыптасуының жасалуына әсер етеді, адамның өзіндік дамуының негізгі механизмі болатын рефлексиялық қабілетін арттырады. Еліміздің педагогикалық қоғамдастығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Өзін-өзі тану» пәнін 2010 жылдан бастап мектепке дейінгі мекемелердің, білім беру мектептерінің, колледж және педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу процесіне жаппай енгізу туралы шешімін үлкен шабытпен қабылдады. Экспериментке қатысқан ғалымдар, әдіскерлер, практиктер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілуі ұлтымыздың адамзаттық қорларының сәтті дамуына әсер ететіндігіне сенімді. Әсіресе, бұл еліміздің ХХІ ғасырдағы инновациялық-технологиялық алға шығуын қамтамасыз ететін міндеттерді шешіп жатқан аз тұрғыны бар Қазақстан үшін қазіргі уақытта өте өзекті.

Атақты гуманист және педагог Януш Корчаг өзінің «Баланы қалай жақсы көру керек?» деген кітабында былай деп жазған: «Нағыз мұғалім шырмаушы емес, еркіндік беруші, ол балаларды басып тастамайды, керісінше көтермелейді, бұзбайды, керісінше қалыптастырады, жатқа айтқызбайды, оқытады, талап етпейді, керісінше сұрайды, баламен бірге көптеген серпіліс сәттерін басынан кешеді….».

«Өзін-өзі тану» пәнінің психологиялық-педагогикалық мониторингін жүргізетін өзін-өзі тану мұғалімі дәл осылай көрінеді.

^ Диссертацияның негізгі мазмұнының басылымдарда жариялануы:

  1. Колледж білім алушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытуда психологиялық технологияларды қолдану маңызы. // Ғылым мен білім дамуының иновациялық бағыты атты жас ғалымдар мен магистранттардың университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы - Өскемен: ШҚМУ, 2012. - 261- 265 б.

  2. Колледжде өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері. // Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан – біздің тағдырымыз» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – Семей: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 4-6.12.2011. - 201-204 б.


Жакашев Ринат Макенулы

Психолого-технологические особенности преподавания студентам колледжа предмета «самопознания»

6М010300 – Педагогика и психология

РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования. Образовательная программа «Самопознание» направлена на формирование всесторонне гармонично развитой общественной личности гражданина Казахстана, соответствующей высоким требованиям современного этнического стандарта и общечеловеческим нравственным ценностям. В связи с этим, преподавание самопознания предполагает использование различных психологических технологий, которые помогают в решении вопросов самосознания и самовоспитания и способствуют развитию духовно-нравственных ценностей. В магистерской работе мы расскрыли особенности психологических технологий, которые используются в преподавании самопознания в колледже.

^ Объект исследования: учебно-воспитательный процесс технического и профессионального образования.

Предмет исследования: педагогические основы, характеристика преподавания самопознания студентам на основе психологических технологий.

^ Цель исследования: определение психолого-технологических особенностей преподавания самопознания в колледже.

Задачи исследования:

- теоретическое обоснование возможностей использования психологических технологий в преподавании самопознания;

- практическое обоснование эффективности использования методов и приемов психологических технологий.

^ Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

- обоснована важность предмета самопознания в современной системе образования путем анализа научной литературы;

- определены возможности психологических технологий в преподавании самопознания;

- определены и систематизированы содержания, методы и формы использования психологических технологий в преподавании самопознания;

- система педагогических условий обоснованы экспериментально;

- разработаны методические указания по использованию психологических технологий в преподавании самопознания;

- проведен семинар «Использование психологических технологий в преподавании самопознания» для преподавателей колледжа.

^ Jakashev Rinat Makenuly

Features of psychological techniques used in teaching to self -discovery in colleges

6М010300 - Pedagogical Psychology

SUMMARY


Importance of the study. The educational program «Self – discovery» is aimed at building of comprehensive harmonious development of a social activity of a citizen of Kazakhstan, in accordance with requirements of today's high ethnical standards and universal human moral values. In this regard, the teaching to «Self-discovery» assumes the use of various psychological techniques in helping to solve problems of self consciousness and self - education and helps to develop spiritual and moral values. In the master's work, we have revealed features of psychological techniques which are used in teaching to self discovery in colleges.

^ Object of research:

- educational process of secondary professional technical education.

Subject of research:

Pedagogical foundations, characteristics of self - education of students on the basis of psychological techniques.

Aim of research: to determine psychological characteristics of technologies which are used in teaching to self-discovery in colleges.

^ Research tasks:

- Theoretical basis of possibilities of using technology in teaching to self - discovery;

- A concrete conclusion for efficient use of methods and use of psychological techniques.

Scientific novelty and theoretical significance of research:

- The importance of the subject of self - discovery was proved in modern educational system by reviewing scientific literature

- The possibility of psychological techniques in teaching to self-discovery was identified.

- The contents, methods and forms of psychological technology in teaching to self – discovery were defined and classified.

- The system of pedagogical conditions were substantiated experimentally.

- Methodical instructions on the use of psychological techniques in teaching to self-discovery were developed.

- A seminar «Using psychological techniques in teaching of self-discovery» to teachers of colleges was spent.


Отпечатано

на принтере

г. Усть-Каменогорск

0,67 п.л.



Похожие:

Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconМагистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі
Диссертациялық зерттеудің құрылымдық элементі болып, кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және қайнар көздері,...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconМагистрлік диссертацияның құрылымы
Магистрлік диссертацияның кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты, қойылған міндеттер, зерттеу объектісі, зерттеудің...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconМагистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі
Туалдық меншік, өнеркәсіптік меншік, патентке қабілеттілік, өнеркәсіптік меншік oбъектілері, интегралдық микросхема, сенiм бiлдiрiлген...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconЖұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, 4 тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады....
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы iconДиссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Зерттеу жұмысы 80беттен,кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, 17 кестені және 16 суретті қамтиды
Кілттік сөздер тізімі: инновация, инвестиция, лизинг, венчурлік қор, франчайзинг, инкубаторлар, қаржылық институттар, индустриалды...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы