Диссертация көлемі және құрылымы icon

Диссертация көлемі және құрылымы



НазваниеДиссертация көлемі және құрылымы
Дата конвертации22.10.2012
Размер228.04 Kb.
ТипДиссертация
источник





Диссертация көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысында 4 сурет, 4 кесте қамтылған. Қолданылған әдебиеттер көзі 118 тізімнен тұрады.

Негізгі сөздер тізімі: этника, субъект, белсенділік, ұлттық педагогика, субъект, этникалық субъектілік белсенділік, дамыту, шарт, этникалық мінез-құлық, ұлттық сана, әдет-ғұрп, салт дәстүр, қарым-қатынас, этникалық тәрбие, этникалық субъектілік белсенділік.

Ө
3
зектілігі.
Қазақстан Республикасы білім берудің жаңа кеңістігіне өтуіне орай, қазіргі білім берудің бастауыш буындарына да қойылатын талаптар өзгеше. Қазақстан Республикасы көпұлтты, полимәдениетті мемлекет екені белгілі. Әрбір қазақстандықтың бойында патриотизм, Отанға сүйіспеншілік, мемлекетті сыйлау қасиеттерін дамыту білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, әрбір қазақтың этникалық өзгешелігін, өз елін, жерін, әдеп-ғұрпын сыйлау елдігімізді сақтаудың басты міндеттері. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларын этникалық субъектілігін арттырудың педагогикалық негізі – тұлғаның этникалық сана – сезімін қалыптастыру; этникалық іс-әрекетін ұйымдастыру; мінез-құлқына этникалық сипат беру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр ұстаздың мақсаты: дені сау, этникалық сана–сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен қарап, дамыта алатын,өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін құрметтейтін, саяси экономикалық жағынан жетілген, өмірде кездескен қиыншылықтарды шеше білетін бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу. Қазіргі оқу үрдісінде этникалық сананың қалыптасуына аса ықпалды тәрбие түрлеріне ақыл-ой, адамгершілік, ұлтжандылық, ізгілік, эстетикалық еңбек, дене, құқықтық, экономикалық, экологиялық, жыныстық тәрбие жатады. Тағдырымызбен тамырлас, тарихымызбен тағдырлас тау суындай арынды да сарқылмас құдіретті күш бар, Ол–ұлтжандылық. Ұлтжандылық халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрге жүргізілген этникалық тәрбие негізінде қалыптасып тектілікке жеткізер рухани күш, адам мен қоғамның алға қойған ортақ мақсаттарына қол жеткізер киелі қасиет. Қазіргі білім беру жүйесінде бастауыш сыныпта білім алушы оқушылар оқу іс-әрекетіне субъект болып табығанымен, осы іс-әрекетті нақтылап жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталмаған. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының этникалық белсенділік шарты болып табылатын субъектілік қасиеттерді бастауыш сынып оқушыларының бойында дамыту қажеттілігі туындайды. Жалпы субъектілікті өзіне және өзгелерге деген бағалы-құнды қатынастар арқылы, адам өміріндегі ең маңызды категориялар іс-әрекет пен қарым-қатынасты жетілдіру, өзін-өзі дамыту ретінде түсіну қабылданған. Сонымен қатар, субъектілік адам өміріндегі маңызды мәселелерді ұтымды шеше алу арқылы өзінің психологиялық мүмкіндіктерін көрсете алуға ие. Сонда, субъектілік адамның психологиялық қасиеттерінің үйлесімді ұйымдасуы арқылы жүзеге асатынын байқаймыз. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектіліктіктерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау бастауыш сынып оқушыларының этникалық сана сезімдерін, ұлжандылықтарының дамуына мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектіліктерін дамытудың шарттарын анықтау мәселе өзектілігін айқындай түседі. Адам дамуының мақсатымен барынша субъект ретінде дами түсу бағыты жатыр. Сондықтан оқушыларды этникалық субъектілік белсенділікті дамытудың субъектілік тұрғысы жалпы олардың бүкіл тіршілік әрекетінің, қарым-қатынасының ішкі қисынын ашып, тануға мүмкіндік береді деп ұйғарамыз. Жоғарыда айтылған мәселелер қазіргі педагогикалық теория мен практикада бастауыш сынып оқушыларының этникалық белсенділігін дамытудың тиімді педагогикалық негіздерінің құрылымы және тағайындалуы қандай болатындығы мәселесін туындатады.

^ Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің тиімді дамуының педагогикалық негіздерін анықтау, ғылыми негіздеу және эксперименттік зерттеу.

Ұсынылған болжам негізінде келесі зерттеу міндеттері қойылды:

- бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми әдебиеттерде қарастырылуын анықтау және олардың негізінде этникалық субъектілік белсенділік моделін өңдеу;

- қойылған мақсатқа жету үшін қажетті түсініктер мен ұғымдардың теориялық негізін ашу және нақтылау;

- ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жасалған талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту шарттарын қарастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің дамуын эксперименттік зерттеу.

^ Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің даму ерекшеліктері.

^ Зерттеу жұмысының болжамы: егер, бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту моделі мен педагогикалық негіздері жасалса және олар бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылса, онда бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігі жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені бұл этникалық субъектілік белсенділікті дамыту сапаларды дамыту үдерісі этникалық субъектілік белсенділікті дамыту қасиеттер дамуының тұтастығы, жүйелілігі ерекшелігіне негізделіп құрылады.

^ Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: педагогикалық ықпалмен бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің психологиялық – педагогикалық негіздерін ашу.

^ З
4
ерттеудің көздері:
этникалық субъектілік белсенділік саласындағы ғылыми еңбектер, білім беру саласындағы заңды және нормативті құжаттар, оқу әдістемелік және бағдарламалық құжаттар, педагогтардың және психологтердің, философтардың зерттеулері мен монографиялық еңбектері, мерзімді басылым ақпараттары және білім беру мекемелерінің іс-тәжірибе жұмыстары.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін ғылыми әдебиеттерде қарастырылуы анықталып, олардың негізінде этникалық субъектілік белсенділік моделі өңделді;

- қойылған мақсатқа жету үшін қажетті түсініктер мен ұғымдардың теориялық негізін ашылды және нақтыланды;

- ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жасалған талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту шарттары қарастырылды;

- бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің дамуы эксперименттік зерттелді.

^ Зерттеудің іс-тәжірибелік жаңалығы:

  • бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін ұлттық педагогика негізіндегі этникалық тәрбие арқылы жүзеге асты;

  • зерттеу нәтижелерін мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізумен дәлелденді.

^ Зерттеу базасы: зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық эксперимент жұмыстары Өскемен қаласының Оралхан Бөкей №44 мектеп лицейінде жүргізілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • «субъект», «этникалық субъектілік белсенділік» ұғымдарының мәні;

  • бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың моделі;

  • бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары;

  • бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың әдістемелік нұсқаулары.

^ Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Зерттеу қағидаларының педагогика, психология ғылымының жетістігіне сүйенумен алынған қорытындыларымен, қазіргі «Қазақстан Республикасының білім беру» бағдарламасына сәйкестігімен және олардың теориялық, әдіснамалық тұрғыдан негізделумен, зерттеу әдістерін тиімді пайдаланумен жүргізілген эксперименттің нәтижелерімен қамтамасыз етілген.

^ З
5
ерттеудің нәтижелерiн тәжiрибеге ендiру
Зерттеудің барысы мен нәтижелері әр түрлі кезеңдерде C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде бастауыш оқыту теориясы және әдістемесі кафедрасының мәжілістерінде, халықаралық (Семей, 2012; Өскемен, 2012), республикалық (Өскемен, 2011) ғылыми-практикалық конференцияларда, шетелдік басылымдарда (Чехия, 2012) баяндалды. Сонымен қатар зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарық көрген мақалаларда көрініс тапты.

^ Зерттеудiң әдiснамалық-теориялық негiздерi: зерттеудiң жалпы әдiснамалық негiзi Қазақстан оқу-тәрбие үдерістеріне бағытталған құжаттары, Қазақстан Республикасы азаматтарын адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тұжырымдамасы алынды.

^ Зерттеудің әдiстерi: мәселеге қатысты философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–лицейлердің этникалық субъектілік белсенділікті ұлттық педагогиканы пайдалану арқылы дамытуға байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.

Зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері анықталып, бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың әдіснамалық қағидалары субъектілік ұғымының педагогикалық-психологиялық сипаттамасы жасалды. Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту жүйесінің тұжырымдамасы нақтыланды. Білім беру ортасында бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың педагогикалық шарттары анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің көрсеткіштері мен деңгейлері тағайындалды. Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін эксперименттік зерттеу ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін эксперименттік зерттеу барысы және нәтижесі қарастырылды.

Қазіргі кезде мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде ұлттық педагогиканы пайдалану бойынша мол тәжірибе қалыптасқан. Негізгі мақсат – жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын, этникалық өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып, оларды бастауыш сынып оқушыларының бойына дарыту, этникалық мінез-құлық, қадір-қасиетін қалыптастыру. Өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың өнерлі, іскер, жігерлі, намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады. Ұлттық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Ұлт педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, этникалық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Ұ
6
лттық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Этникалық тәрбиеге ықпал жасайтын әлеуметтік факторлар сан қырлы. Оған ұлт тарихы, этникалық материалдық және рухани мәдениет, халық фольклоры, дәстүрлер мен салт-жоралғылар, этникалық психологияның элементтері, саясат пен қоғам идеологиясы әсер етеді. Соған орай көптеген тарихи-дәстүрлік белгілер жаңа рухымызға. этникалық тәрбиге үйлесімді жүзеге асуы қажет.

Этникалық тәрбие мен этникалық психологияның арақатынасында біздің пікірімізше мынадай әдіснамалық талаптар орын алғаны дұрыс сияқты.

Зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамытуда алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

-бастауыш сынып бастауыш сынып оқушысысының этникалық субъектілік белсенділігін дамытуға арналған педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білу шеберлігін меңгеру;

- бастауыш сынып оқушысысының этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың маңызы мен мәнін анықтау;

- ұлт педагогикасының мазмұны мен әдістемесі туралы білімдерін жетілдіру;

- бастауыш сынып оқушысысының этникалық субъектілік белсенділігін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін айқындап алу;

- бастауыш сынып оқушысының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту нәтижесін анықтау.

Зерттеу барысында бұл міндеттерді жүзеге асыруда жоғарыда айтылған «этникалық сипаттарға» сүйеніп, бастауыш сынып оқушысының этникалық психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, олардың этникалық қалыптасу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленді.

Бастауыш сынып тұлғасының этникалық психологиялық ерекшелігі этникалық психикалық құрылымға байланысты. Этникалық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады: ол этникалық сезім, этникалық салт-дәстүрлер және этникалық мінез-құлық.

Э
7
тникалық субъектілік белсенділік– бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, этникалық дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол этникалық тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен – мінез-құлқымен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігі өз кезегінде кіріктірілген біртұтас құрылым болып табылатын когнитивті, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерін қамтиды. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне, психикалық және даму деңгейіне сүйене отырып, этникалық субъектілік белсенділігін дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (Сурет 1). Аталмыш өлшемдер мен көрсеткiштер негізінде бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің үш деңгейі (төмен, орта, жеткiлiктi) белгіленді.




С
8
урет 1 – Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділік өлшемдері мен көрсеткіштері

Зерттеу барысында біз бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділік деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде бастауыш сынып оқушыларына этникалық тәрбие беру үлгісін қарастырдық.

Бастауыш сынып оқу шыларына этникалық тәрбие беру мұғалімдерден де, оқушылардан да осы әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғақтайды. Біз осының барлығын және үлгі құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бастауыш сынып оқушыларына этникалық тәрбие берудің теориялық үлгісін жасадық (Сурет 2).

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру барысында бастауыш сынып оқушысы және бастауыш сынып оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

Тұтас педагогикалық үдерістің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық үдеріс сонда ғана татымды нәтиже береді.

Біз үлгі құру барысында тәрбие үдерісінің ерекшеліктеріне де сүйендік. Тәрбие үдерісі - күрделі динамикалық жүйе. Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие үдерісі жүйесінің өлшемдер бойынша құрылған моделі белгілі: тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, үдерістің жүру шарттары, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті, қолданылатын әдістер, формалардың, үдерістің даму сатыларының, т.б. өзара байланысы.

Алға қойылған мiндеттердi түбегейлi шешу және қозғаған ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту бойынша эксперименттiк жұмыс жүйесi (айқындау, қалыптастыру, бақылау) жүргiзiлдi. Айқындау экспериментiнің негiзгi мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына этникалық субъектілік белсенділік деңгейін анықтау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімдермен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен сауалнамалар, әңгiмелесулер жүргізілді, оқушыларға тест, бақылау әдiстерi, арнайы тапсырмалар жүйесi қолданылып, олардың этникалық тәрбиелілік деңгейі нақтыланды.

Экспериментік жұмысты зерттеу әдістерінің жүйесін қолдану арқылы бастауыш сынып оқушысысының тұлғасын оқып-үйренуден бастадық.

Этникалық субъектілік белсенділігін дамуының тағы бір көрсеткіші бастауыш сынып оқушысының этникалық сана-сезімінің дамуы, оның моральдық нормаларға сәйкес этникалық мінез-құлқын оқу іс-әрекетінде және одан тыс уақытта, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жүйесінде жүзеге асыру қабілеті болып табылады.

Б
9
астауыш мектеп жасында жеке тұлғаның қалыптасуы тәрбиенің басты факторы болып табылатын құрбы-құрдастарының арасында өтеді.




С
10
урет 2 – Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту моделі

Сондықтан бастауыш сынып оқушысысының этникалық субъектілік белсенділігінің дамуының маңызды үшінші көрсеткіші этникалық қарым-қатынасының сипаты болып табылады.

Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігік көрсеткіші этникалық тәрбиеліліктің когнивті компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 1):


Кесте 1 - Бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігік көрсеткіші этникалық тәрбиеліліктің когнивті компонентінің қалыптасу нәтижелері


Бастауыш сынып оқушылар ынының этникалық тәрбиелілігінің когнитивті компоненті


Эксперимент басында

Эксперимент соңында

Бақылау тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Бақылау тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Төмен деңгей

63,3%

64,6%

48,4%

43,1%

Орта деңгей

15,6%

20,8%

23,4%

30,8%

Жеткілікті деңгей

21,1%

14,6%

28,2%

26,1%


Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігік көрсеткіші этникалық тәрбиелілігінің эмоциялық компоненті бойынша олардың этникалық сана-сезімін, өз ұлтына шексіз сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын, басқа ұлттарға сыйлы қатынасын айқындау үшін әр бастауыш сынып оқушысының ата-аналарына, бастауыш сынып оқушысы ларға сауалнамалар мен бастауыш сынып оқушыларға психологиялық тестілер жүргізілді. Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігік көрсеткіші этникалық тәрбиеліліктің эмоциялық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 2).

Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің мінез-құлық компоненті бойынша олардың этникалық мінез-құлық дағдысын айқындау үшін арнайы бақылаулар жүргізіліп, бастауыш сынып оқушыларының әртүрлі этникалық іс-әрекет түрлеріне қатынасуы негізгі алынды.

Алынған нәтижелерді талдау бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігінің мінез-құлық компонентінің қалыптасуын анықтауға мүмкіндік берді (кесте 3).

Б
11
астауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің когнитивтік, эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттерінің қалыптасуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділік деңгейін жүйелі түрде өлшеуді қажет ететіндіктен, біз қорытындыларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста жасап отырдық. Алынған нәтижелердi талдау және оларды айқындау экспериментi барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткiштермен салыстыру эксперименттiк жұмыстың бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің сапасына тиiмдi ықпал еткенiн аңғартты (кесте 4).


Кесте 2 - Бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігің эмоциялық компонентінің қалыптасу нәтижелері


Бастауыш сынып оқушыларынының этникалық субъектілік белсенділігінің эмоциялық компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында




Бақылау тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Бақылау тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Төмен деңгей

56,25%

56,9%

47,6%

35,4%

Орта деңгей

25%

26,1%

32,1%

37%

Жеткілікті деңгей

18,75%

17%

20,3%

27,6%


Кесте 3 - Бастауыш сынып оқушыларында этникалық субъектілік белсенділігінің мінез-құлық компонентінің қалыптасу нәтижелері


Бастауыш сынып оқушыларынының этникалық субъектілік белсенділігінің мінез-құлық компоненті

Эксперимент басында

Эксперимент соңында




Бақылау тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы (45 бастауыш сынып оқушысы )

Бақылау тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Экс.тобы

(45 бастауыш сынып оқушысы )

Төмен деңгей

48,4%

49,2%

57,8%

27,7%

Орта деңгей

23,4%

32,3%

28,1%

33,8%

Жеткілікті деңгей

28,2%

18,5%

14,1%

38,5%


Б
12
астауыш сынып оқушылары ұжымының дербес ерекшеліктерін зерттеуді ұйымдастырудың мұндай әдісі тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырады, себебі ол Адам деген құрметті атқа сай өмір сүруге қабілетті баланың жеке тұлғасын дамыта отырып, жас және дербес ерекшеліктерді есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

Эксперименттік жұмыс нәтижелері бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің дамуында ұлттық педагогика құралдарының ерекше мәнге ие болатындығын көрсетті. Ең бастысы, әрбір бастауыш сынып оқушысы табысты іс-әрекетке жеткізу үшін мұғалімнің өзі іс-әрекетін табысқа жететіндей құра білу керек.


Кесте 4 - Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігінің өзгеру қарқыны


Топ

Төмен деңгей

Орта деңгей

Жеткілікті деңгей




Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Экс. басы

Экс. соңы

Бақылау

56,2 %

51,6%

21,1%

20,3%

22,7%

28,1%

Эксперименттік

51,5%

35,4%

26,1%

33,8%

22,3%

30,8%


Бастауыш сынып оқушыларына дұрыс қатынас жасау, әрбір тәрбие жұмыстарын ізгілендіру қағидаларына негізінде құру, жүйелілікті басшылыққа алу принциптері мұғалімнің бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектілік белсенділігін дамыту тиімділігін қамтамасыз етеді. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық педагогика құралдары арқылы этникалық тәрбие берудің педагогикалық шарттары мен оны іске асырудың әдістемесін эксперименттік түрде тексеру оның барлық кезеңдерінде нәтижелі екендігін, бастауыш мектепте пайдаланудың тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.

^ Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:

  1. Керимхан Т. Cубъектілік теориясының педагогикалық аспектілері.- «Білім, ғылым, және инновациялар бірлігі» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған ІІ-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Өскемен С.Аманжолов ат. ШҚМУ баспасы, 2011. - 544-546 бб.

  2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің субъектілік мүмкіндіктері.- «Тәуелсіз Қазақстан - біздің тағдырымыз» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған - Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті,4-6 желтоқсан 2011. - 62-64 бб.

  3. Бастауыш сынып оқушыларының этникалық субъектіліктерін дамыту мәселесі.-«Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журнал-Өскемен: С.Амажолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2012.№1. – 125-129 бб.

  4. К
    13
    еримхан Т. Бастауыш сынып оқушыларының субъектік ерекшеліктері. - W zbiorze ztrzymają się materiały VIII Międzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji «Europejska nauka XXI powieką - 2012». 07 - 15 maja 2012 roku po sekcjach: Psychologia i socjologia. Wszelkie prawa zastrzeżone. Przemyśl. Nauka i studia. – 9-15 str.

^ Керимхан Туя

Развитие этнической субъектной активности младших школьников

6М010200 - Педагогика и методика начального обучения


РЕЗЮМЕ


Актуальность: Субъектность многими авторами определяется как активность, развиваемая самим человеком. Исходя из этого, можно сказать, что этническая субъектная активность младших школьников – это состояние личностного развития ученика, выражающееся в его способности успешно адаптироваться в постоянно изменяющейся социокультурной ситуации; его потребность в проявлении этнической активности, самостоятельность в организации взаимодействия, в осознании им ответственности за создание условий своего развития. Этническая субъектная активность младшего школьника связана с его способностью превращать собственную жизнедеятельность, свое образование в предмет практического преобразования и совершенствования. Существенными признаками этого состояния личности младшего школьника являются его готовность и способность управлять своими действиями: моделировать, планировать способы своей деятельности, взаимодействия; реализовывать намеченные программы; контролировать ход и адекватно оценивать результаты своих действий, взаимодействий; рефлексировать свою деятельность и деятельность других.

^ Цель исследования: теоретически обосновать и определить оптимальные педагогические условия, обуславливающие эффективность развития этнической субъектной активности младших школьников.

^ Объект исследования: учебно-воспитательный процесс в начальной школе.

Предмет исследования: особенности развития этнической субъектной активности младших школьников.

^ Результаты исследования:

- теоретически обоснована и разработана модель развития этнической субъектной активности младших школьников, описана её структура и компоненты, критерии и показатели, уровни сформированности данного качества;

- определены педагогические условия, обеспечивающие эффективность развития этнической субъектной активности младших школьников на основе народной педагогики;

-разработана, внедрена в практику и апробирована в опытно-экспериментальной работе модель развития этнической субъектной активности младших школьников.





^ Tuya Kerimhan

The development of the ethnic subject activity younger students

6M010200 - Pedagogy and methods of primary education


SUMMARY



Relevance: Subjectivity authors defined as the activity developed by the man himself. Based on these definitions, we can say that the ethnic subject activity primary school children - a state of personal development of students, reflected in its ability to successfully adapt to the constantly changing socio-cultural situation, its needs in the manifestation of ethnic activity, self-reliance in the organization of interaction, productive collaboration, awareness their responsibility to facilitate its development. Ethnicity of subject activity primary school children is associated with its ability to transform their own livelihoods, their education in the subject of practical transformation and improvement. The essential features of the state of the individual primary school children are his willingness and ability to control their actions, modeling, planning methods of their activities, interactions, implement the planned programs, monitor progress and to adequately assess the results of their actions, interactions, and reflect on their activities, the activities of other interactions. By definition, the subject is the knowing and acting man, the bearer properties, states and actions, has consciousness and will.

Objective: to theoretically justify and determine the best educational conditions, causing the effective development of the ethnic subject activity pupils.

^ Object of study: educational process in grade school.

Subject of research: peculiarities of the ethnic subject activity pupils. Results:
- theoretically proved and developed a model of ethnic subject activity younger students, described its structure and components, criteria and indicators, the levels of formation of this quality;

- defined by the pedagogical conditions that ensure the effectiveness of the ethnic subject activity younger students on the basis of traditional pedagogy;

- developed, implemented in practice and tested in experimental model of the experimental work of the ethnic subject activity pupils.





Отпечатано в типографии

г. Усть-Каменогорск

0.65 п.л.





Похожие:

Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Диссертация көлемі және құрылымы iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация машинамен терілген 65 бетте көрініс тапқан мәтіннен және ол кіріспе, 3 бөлім, қорытынды 2 бетте және 37 пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
Кілт сөздер. Форум. Интеграция. Уәж. Сегрегация. Резерв. Интеграция. Құқық. Гендер. Саясат. Билік. Конституция. Орган. Бап. Бағдарлама....
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы