Диссертация көлемі және құрылымы icon

Диссертация көлемі және құрылымы



НазваниеДиссертация көлемі және құрылымы
Дата конвертации22.10.2012
Размер232.18 Kb.
ТипДиссертация
источник








Диссертация көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысында 7 сурет, 5 кесте қамтылған. Қолданылған әдебиеттер көзі 104 тізімнен тұрады.

Негізгі сөздер тізімі: ерік-жігер, адамгершілік тәрбие, халық педагогикасы, ұлттық құндылықтар, жалпы адамзаттық мәдениет, адамгершілік құндылықтар, рухани адамгершілік құндылықтар, адам қажеттіліктері, педагогикалық аспектілер, еріктік әрекет себептері, ерік күші, ерік мәселесі, бастауыш сынып оқушылары, тұлғалық даму, тұлға.

Өзектілігі. Қазіргі білім беру беру реформаларының негізгі бағыты білім берудің бастапқы баспалдағын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Білім беру тұжырымдамасының мәні бастауыш сынып оқушысының дамуы мұғалім үшін де, оқушы үшін де басты міндетке айналады. Мақсатқа бағытталған өзіндік білім алу жұмыстары арқылы өз білімін кеңейтіп, тереңдеткен адам ғана қазіргі жағдайда өнімді жұмыс істеуге қабілетті. Бірақ кіші сынып оқушысының тұлғалық даму жағдайын қалай ұйымдастыру керек деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың шешімі кіші сынып оқушысының тұлғасын терең зерттеуді, соның ішінде ерік-жігер аймағын қарастыруды қажет етеді. Осыған байланысты мақала барысында басты назарды кіші сынып оқушысының ерік-жігер аймағын өзіндік реттелу механизмі ретінде дамытудың педагогикалық шарттарын талдауға бағыттаймыз. Ерік-жігер аймағы тұлғаның тұтастай дамуындағы негізгі аспектілердің бірі болып табылады. Кіші сынып кезеңінде тұлғалық сапалардың 70% көлемі қалыптасып, дамиды, сондықтан осы жастағы баланың дамуына зейін қоймау педагогикалық олқылықтарға жол береді және келесі жас кезеңдерінде білім алуда айқын көрінетін кемшіліктеріне әкеледі. Ерік-жігер мәселесі кіші сынып кезеңінен жеткіншектік кезеңге өту барысында айқын пайда болады. Сондықтан, ерік-жігер аймағын мақсатқа бағытталған қалыптастыру жұмыстары арқылы кіші сынып оқушысының оқу іс-әрекетін өзіндік реттеуге қабілеттілігін арттыру мүмкіндігі бар.

^ Зерттеудің мақсаты: қазіргі білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.

^ Зерттеудің объектiсi: мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің пәнi: бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін дамыту мақсатындағы адамгершілік тәрбие жүйесі.

^ Зерттеудiң ғылыми болжамы: Егер білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалса; ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени адамгершілік құндылықтардың өзiндiк ерекшелiктерi оқу-тәрбие үрдiсiнде ескерiлiп, оқушылардың жас және жеке бас ерекшелiгiне байланысты адамгершілік тәрбие берудiң жүйесі педагогикалық мақсатқа қарай жүзеге асырылса, онда оқушылардың бойындағы ерік-жігерді қалыптастырудың тиiмдiлiгi арта түседi, өйткені адамгершілік тәрбие жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар диалектикасына сүйенеді.

^ Зерттеудің мiндеттерi:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың теориялық-әдiснамалық негiздерiн анықтау.

  2. Ерік жігерді қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздей отырып, «ерік», «ерік сапалары», «адамгершілік тәрбие», «адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәнін ашып көрсету.

  3. Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерiн айқындау.

  4. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудiң жүйесін жасау.

  5. Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздерін анықтау.

  6. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыруға байланысты оқу-әдістемелік кешенді тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстар барысында нәтижелерiн тексеру, ғылыми-әдiстемелiк нұсқаулар беру.

^ Жетекшi идея: Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыру тұлғалық дамудың негізі болады.

Зерттеудiң әдiснамалық-теориялық негiздерi: Зерттеудiң жалпы әдiснамалық негiзi Қазақстан оқу-тәрбие үдерістеріне бағытталған құжаттары, Қазақстан Республикасы азаматтарын адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тұжырымдамасы алынды.

^ Зерттеудің әдiстерi: Философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру арқылы қоғамның ерік-жігерді адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыру мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–гимназиялардың ерік-жігерді адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастыруға байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.

^ Зерттеудің көздерi:

– Қазақстан Республикасы заңдары, нормативтi құжаттары, оқушы-жастарға тәрбие беру тұжырымдамалары, кешендi бағдарламалар;

  • алыс және жақын шетел, Қазақстан ғалымдарының ерік-жігер, адамгершілік тәрбие беруге байланысты философиялық, тарихи, әдеби, педагогикалық- психологиялық ғылыми-зерттеу еңбектерi, тұжырымдары;

  • бiлiм беру жүйесiндегi ерік-жігерді қалыптастыру, адамгершілік тәрбие берудегi iс-тәжiрибелер, алдыңғы қатарлы тәрбиешi-педагогтардың оқу-тәрбие үрдiсiндегi тәрбие жұмысындағы озат тәжiрибелері және ғылыми-iзденушiнiң өзiнiң педагогтiк қызметі және зерттеу тәжiрибелерi.

^ Зерттеудің базасы. Өскемен қаласының О. Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа 98 оқушы қатысты.

^ Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастырудың әдiснамалық-теориялық тұрғыда негізделді;

  • бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері, адамгершілік құндылықтарды айқындайтын тәрбие жүйесі және ерік-жігерді қалыптастырудың факторлары айқындалды;

  • қазіргі білім беру жүйесінде «ерік», «ерік сапалары», «адамгершілік тәрбие», «адамгершілік құндылық» ұғымдарына ғылыми-педагогикалық сипаттама берілді;

  • бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастырудың жүйесі, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалды;

  • тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың негiзiнде бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастырудың тиiмдi бағыттары, формалары мен әдiстерi қарастырылды.

  • білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбие арқылы қалыптастырудың ғылыми тұжырымдамалық негіздері айқындалды және соның негізінде ғылыми-әдістемелік кешен дайындалып, практикаға ендірілді.

^ Практикалық мәндiлiгi:

  • ұсынылған бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру жүйесi жас ұрпақты қазіргі қоғамдық күрделіліктерді меңгеру, өзін басқару, реттеу қабілеттерін қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;

  • мектеп мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру» атты арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік ұсыныстар мұғалімдердің адамгершілік тәрбиеге байланысты іс-шараларды ұйымдастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді;

– тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың барысында алынған нәтиже оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетiлдіруге ықпал етеді;

– зерттеу жұмысында көрсетiлген қорытындылар мен ұсыныстар, ұсын­ған бағдарламалар педагогикалық үдерісте, педагогтар, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары үшiн, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiруге арналған курстарда тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдiстемесiне байланысты дәрiс оқығанда пайдалануға болады;

– Республикадағы оқушыларға адамгершілік тәрбие беруге байланысты жинақталған алдыңғы қатарлы iс-тәжiрибелер тәрбие жұмысын жетілдіруге ықпал етедi.


Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастырудың ғылыми-әдiснамалық негiздері айқындалды.

  2. Адамгершілік тәрбие берудің тарихи алғы шарттарын негіздей отырып, зерттеу мәселесіне сәйкес «ерік», «ерік сапалары», «адамгершілік тәрбие», «адамгершілік құндылық» ұғымдарына педагогикалық- психологиялық тұрғыда ғылыми сипаттама берілді.

  3. Жалпыадамзаттық және отандық білім жүйесінде бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастырудың педагогикалық және психологиялық негiздерi жасалды.

  4. Бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастырудың ғылыми-тұжырымдамалық негіздері жас ұрпақты қазіргі қоғамдық күрделіліктерді меңгеру, өзін басқару, реттеу қабілеттерін қалыптастыруға негiзделген адамгершілікті тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.

5. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін халық педагогикасы мұралары негізінде дамытуға жағдай жасалған, даму эксперимент барысында алынған кесінді көрсеткіштері эксперимент тобы оқушыларында тиімді болғанын көрсетті. Осының негізінде келесі ұсыныстар жасалады:

    • бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие іс-әрекетінде тұтас құрылымын қалыптастыру;

    • адамгершілік құндылықтарды интериоризациялауға бағытталған тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

    • бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін өзіндік жетілдіруді педагогикалық қолдау;

    • педагогтер мен ата-аналардың өзараәрекетін бастауыш сынып оқушыларының өзіндік даму бойынша мақсатты түрде жағдай жасау және қолдау;

    • халық педагогикасы мұрасы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін қалыптастыру үдерісін оңтайландыруға ықпал ету.

6. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері эксперимент тобын­дағы бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерінің дамуы барлық критерийлер бойынша бақылау тобындағы оқушылардың көрсеткіштерінен жоғары екенін көрсетті, яғни бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін дамытудың ықпалдасқан моделі оңтайлы ерік-жігер дамуын қамтамасыз ететіні көрсетті.

7. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс негізінде оқушылардың адамгер­шілік бағыт деңгейі жоғарылылап, оқушылардың тәртіптілік деңгейі артып, мотивация деңгейі, сабақтың сапасы, эмоциялық рең, ұжымдағы ұйымшылдық жоғарылады.

8. Бастауыш сынып оқушыларына ерік-жігерін адамгершілік тәрбие беру арқылы қалыптастыруға байланысты оқу-әдістемелік кешен негізінде жүргізілген тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерi мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар.

^ Зерттеудің нәтижелерiн тәжiрибеге ендiру эксперимент барысында және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференцияларда, республикалық педагогикалық оқуларда (Өскемен, 2011, Семей, 2012, Астана, 2012, Өскемен 2012), cонымен қатар, диссертация мазмұны республикалық ғылыми басылымдарда жарияланды.

^ Жұмыстың негізгі мазмұны: Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы құрылды, зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері тұжырымдалды, зерттеу әдістері, теориялық, әдістемелік мәнділігі анықталды, зерттеу кезеңдеріне сипаттама берілді, қорғауға ұсынылатын қағидалар мен жұмыстың сынақтан өтуі жайлы мәліметтер жинақталды.

«Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде қазіргі кезеңдегі бастауыш білім беру жүйесінің философия, психология және педагогика ғылымдарындағы бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыру мәселесінің зерттелу жәйі зерделенді. Ерік теориялары ғалымдар Августин, И.Д. Скотт, А. Шопенгауер, Е. Гартман Б. Спиноза, У. Джеймс, Г.И. Челпанов, Ф. Лерш, В.Е. Франкл, Л.С. Выготский, В.М. Аллахвердиев, П.В. Симонов,
Э. Мэйман, С.Л. Рубинштейн, К.М. Гуревич, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев,
В.А. Иванников, Ш.Н Чхарташвили, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, С. Бап-Баба еңбектерінде қарастырылып, зерттелді.

Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудағы әлеуметтік, тарихи-педагогикалық алғышарттары анықталды. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың парадигмалары және ұстанымдары қарастырылды. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары анықталып, зерттеу жұмысының міндеттері бойынша жұмыстар бағыты нақтыланды.

«Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың тұжырымдамасы» атты екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыру мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерделену деңгейі айқындалды. Адамгершілік – қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сейкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгіліі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпы адамзаттық ұғым. Ал, ұлттық энциклопедияда адамгершілікке мынадай анықтама берілген: «адамгершілік» - адам бойындағы гуманистік құндылы әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымында мінез – құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей белгілерін атап, өту болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілдік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

Адамгершілік-әлеуметтіліктің биік шыңы, ұрпақты жалғастыру­шылықтың негізгі өзегі, мұрагерліктің мәдениеті; кез-келген нәрседен айырмашылығы – рухани байлықтар – мәңгілік. Оның әлеуметтік ортаға әсері негізгі белгілері болып табылады: «ортақ» педагогиканың адамның бір-біріне, қоршаған ортаға қарым-қатынасы негіздері. Тұлғаның ерік–жігерлі мінез–құлқының көрінуіндегі адамгершілік рөлі М.И. Маджаров, П.А. Рудик,
В.И. Селиванов зерттеулеріне арқау болды. Авторлар тұлғаның адамгершілік бағыттылығы ерік–жігердің жүзеге асуына жағдай жасайтыны жөніндегі тоқтамға келді. Ерік–жігердің эмоциямен тығыз байланысын К.А Абульханова-Славская, Т.И. Шульга және т.б. тағайындайды. Ерік-жігер және эмоциялық үдерістердің өзара әрекеті О.В. Дашкевич, В.К. Калин, Л.С. Рубинштейн,
В.И. Селиванов, А.И. Щербаков сияқты психологтердің еңбектерінде көрініс береді.

Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастырудың ықпалдасқан моделі жасалды. Ерік–жігерді дамытудың теориялық-әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық қырларын зерттеу нәтижесінде зерттеу жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерінің дамуына әсер ететін ішкі факторларды анықтадық: бастауыш сынып оқушысының оқу-тәрбие іс–әрекетінің тұтастай құрылымын қалыптастыру; бастауыш сынып оқушысы тұлғасының адамгершілік бағыттылығы; бастауыш сынып оқушысының тұлғалық мотивациялық аймағының дамуы; зейін және ес үдерістерінің дамуы; жоғары бәсекелестік деңгейі; адекватты өзіндік баға; жалпы тұлғалық даму.

Анықталған ішкі факторлар негізінде ерік-жігердің даму критерийлерін айқындаймыз. Ерік-жігердің даму критерийлері ретінде бастауыш сынып оқушыларының мотивациялық-мақсатты бағдары; оқу-тәрбие іс-әрекеті құрамының қалыптасуы; ерік-жігердің тұрақтылығы; оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі эмоциялық реңі; ерік-жігер сапаларының көрінуі.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерік-жігерінің дамуының сыртқы факторлары мен кезеңдерін бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігер аймағының даму ерекшеліктерін талдау арқылы жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдық. Талдау нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін дамыту халық педагогикасы негізінде тиімді болады деген қорытындыға келдік. Ерік-жігерді халық педагогикасы мұраларына сүйене отырып дамыту келесі сыртқы факторларды есепке ала отырып ұйымдастырғанда мүмкін болады деп есептейміз: педагогтің балаға деген қатынасының «тәрбиеленушімен бірге» деген өзіндік дамушы ұстанымға өтуі; сынып ұжымының бірлігі; эмоциялық жұғу қызметін атқарушы қоғамдық пікірді басшылыққа алу; тілектестік өзара түсіністік атмосферасын құру; ортақ іс-әрекеттегі эмоциялық қаныққандықдықты қамтамасыз ету; ұжым мүшелерін біріктіретін бірлескен күш салулар мен бастан кешулерді ұйымдастыру; баланың жағымды эмоциясын сақтау және дамыту; бастауыш сынып оқушыларына этикалық білім берулерді ұйымдастыру; өзін-өзі тануға бағытталған арнайы жағдаяттар құру; бастауыш мектеп оқушыларын өзіндік ұйымдасу, өзіндік тәрбие, ерікті іс-әрекеттерге өзін ынталандыру негіздеріне үйрету; оқушыларға мақсатқа жетудегі қозғалыстарын көрсету; мақсатқа бағытталған тәрбие жұмыстары; педагогикалық іс-әрекетте ойын формаларын қолдану.

Анықтаған бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігер аймағындағы ерекшеліктері, сонымен бірге ерік-жігерді дамытудың ішкі және сыртқы факторлары бастауыш сынып оқушыларының ерік жігерлерін дамыту кезеңдерімен әр кезеңінің міндеттерін тағайындаймыз (1-кесте). Біз мұнда ерік-жігердің дамуы тұлға дамуының міндеттері шешілетін психологиялық негіз, актілердің бірізді алмасуы ретінде қарастырамыз.


1-кесте – Бастауыш сынып оқушысының ерік-жігерінің даму кезеңдері


Тұлғаның ерік-жігерін дамыту факторлары

1 кезең

Қарапайым адамгершілік түсінігі

(этикалық білімдерді жинақтау)

2 кезең

Адамгершілік өзіндік реттелу

(өзіндік ұйымдасу)

3 кезең

Өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу


Тұлғаның адамгершілік бағыттылығы

Адамгершілік сезімдерді қалыптастыру, адамгершілік және әлеуметтік нормалармен танысу, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу

Тұлғаның адамгершілік бағыттылығын қалыптастыру, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу (дербестік)

Ерік-жігерлі реттелу құралдары арқылы тұлғадағы бастамашыл жаңа құрылымдар


Тұлғаның жалпы дамуы

Зияттық даму; зейін және ес үдерістерін дамыту;

бәсекелестіктің жоғары деңгейі

Зияттық даму; зейін және ес үдерістерін дамыту; бәсекелестіктің жоғары деңгейі.

Зияттық даму; зейін және ес үдерістерін дамыту; бәсекелестіктің жоғары деңгейі

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің тұтастығын қалыптастыру

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің құрамдарын

қалыптастыру (түрткілер, өзіндік бақылау, өзіндік баға)

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің құрамдарын

қалыптастыру

(түрткілер, өзіндік баға, өзіндік бақылау, оқу-тәрбие іс-әрекетін жоспарды жүзеге асыру бойынша жоспалау)

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің құрамдарын

қалыптастыру (түрткілер, өзіндік баға, өзіндік бақылау, оқу-тәрбие іс-әрекетін жоспарды жүзеге асыру бойынша жоспалау мақсат қоюшылық).

Оқушы іс-әрекетін жағымды эмоциямен қамтамасыз ету


Эмоциялық ұстамдықты қалыптастыру (ұстамсыздық)

Эмоциялық ұстамдықты қалыптастыру (эмоцияны басқару эпизодтық)

Эмоциялық ұстамдықты қалыптастыру (эмоцияны саналы реттеу)

Эмоцияның көріну шеңберін дамыту (эмоцияның әлсіз көрінуі)

Эмоцияның көріну шеңберін дамыту (эмоциялық қаныққандық)

Эмоцияның көріну шеңберін дамыту (қанныққан, ашық эмоциялар)

Байланыстылықтың қабылдаушылықтың эмоциялық даму деңгейі (тұйықтық, бейжайлық)

Байланыстылықтың қабылдаушылықтың эмоциялық даму деңгейі (қарым-қатынасқа түсу төмендігі)

Байланыстылықтың қабылдаушылықтың эмоциялық даму деңгейі (қарым-қатынасқа түсу жоғары, достық, жанашырлық)



Халық педагогикасның мұраларын аспектілі зерттеу негізінде, біз ұсынылған бағыттың бастауыш сынып оқушысы тұлғасының ерік-жігерін дамытуда мүмкіндіктері мол екенін, бірақ білім беру жүйесінде толықтай қолданыс таппай жүргені жайлы шешімге келдік (1-сурет).






1-сурет – Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін дамыту моделі



Бастауыш сынып оқушысы тұлғасының ерік-жігерін дамыту мәселесін теориялық талдау берілген үдерісті жетілдірудің тиімді жолдары мен құралдарын эмпирикалық іздестіруге және негіздеуге мүмкіндік берді. Бастауыш сынып оқушысы тұлғасының ерік-жігерін дамытудың толықтығын құрайтын ішкі және сыртқы факторларының өзара әрекеті негізінде біз зерттеу жұмысымыздың міндетіне сәйкес бастауыш сынып оқушысы тұлғасының ерік-жігерін дамыту моделін теориялық негіздеуге және құруға мүмкіндік ала алдық оқушысының ерік-жігерін дамыту үдерісін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық шарттар, педагогикалық құралдар және педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формалары енді.

Модель ерік-жігердің дамуына әсер ететін барлық факторларды жүзеге асыруды, бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін тиімді дамыту мақсатын, тұлғаның ерік-жігерін дамыту көздерін, тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру шарттарын анықтайды. Тұтас педагогикалық үдеріс бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін дамыту үдерісінің қағидалары (жоғары деңгейдегі күрделіліктер негізінде оқыту, теориялық білімдердің жетекші рөлі, бағдарламалық материалдарды жылдам қарқындылықпен оқу, оқушылардың оқыту үдерісін саналауы, оқушылардың жалпы дамуы бойынша жүйелі жұмыстар) және кезеңдері (этикалық білімдерді меңгеру, өзіндік ұйымдасу, өзіндік тәрбие) негізінде құрылады.

«Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыруды эксперименттік зерттеу» атты үшінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбиесі арқылы қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы ұсынылды. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін адамгершілік тәрбие үдерісі ұйымдастырылып, адамгершілік құндылықтарды интериоризациялауға бағытталды. Тәрбие үдерісінің бағыты анықталды: этикалық ағартулар, өзіндік басқару, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша көпжақты іс-әрекет арқылы тәрбие үдерісін құру. Этикалық ағарту жұмыстары адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасы мұралары негізінде «Этика бастаулары» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуін элективті курс негізінде ерік-жігерін қалыптастыруға қатысты педагогикалық қолдау көрсетілді: өзін-өзі танудың арнайы жағдайларын құрдық, бастауыш сынып оқушыларын өзіндік ұйымдасу және өзін-өзі тәрбиелеу негіздерімен, өзін ерікті әрекет үдерісінде оң эмоциялар негізінде стимулдау тәсілдерімен таныстыру; мақсатқа жетулерін оқушыларға көрсету; оқушылардың ерік-жігерін тәрбиелеу бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілді. Отбасы және мектептің өзара әрекетін біз ата-аналарды педагогикалық үдеріске енгізу және отбасының педагогикалық мәдениетін жоғарылату арқылы жүзеге асырдық. Тәрбие жұмысының мәнді бөлігін біз оқушылар мен ата-аналарды бірлестіре отырып ұйымдастырдық. өзара әрекеттің әртүрлі формаларын қолдандық: жиналыстар және конференциялар, тақырыптық кештер, викториналар, саяхатқа шығу, ата-аналар мен балалар арасындағы танымдық ойындар, сценарийлер мен жобалар, қойылымдар және т.б. Бастауыш сынып оқушыларының отбасыларының ұқсас күрделіліктерін зерттеп және жалпылап, біз ата-аналар лекториясы шеңберінде отбасының педагогикалық мәдениетін жоғарылату бағдарламасын құрыдық және жүзеге асырдық. Бағдарлама мақсаты балаларға деген ата-аналардың тиімді емес қатынасының себептерін жою, ата-аналардың балалармен адамгершілік негіздегі қатынасын құру болып табылды.

Эксперимент барысында бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін қалыптастыруының барлық критерийлері бойынша мәнді деңгейде жоғарылағаны байқалды. Салыстырмалы көрсеткіштер эксперимент тобы оқушыларының ерік-жігерінің дамуы тиімді екенін көрсетеді.


7-сурет – Эксперимент және бақылау тобындағы бастауыш сынып оқушысы тұлғасының ерік-жігері дамуының критерийлері бойынша салыстырмалы көрсеткіштері


Сонымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері келесідей теориялық және практикалық қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

1. Бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін халық педагогикасы мұралары негізінде қалыптастыруға жағдай жасалған, бірақ даму эксперимент барысында алынған кесінді көрсеткіштері эксперимент тобы оқушыларында тиімді болғанын көрсетеді. Осының негізінде келесі ұсыныстар жасалады:

    • бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие іс-әрекетінде тұтас құрылымын қалыптастыру;

    • адамгершілік құндылықтарды интериоризациялауға бағытталған тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

    • бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін өзіндік жетілдіруді педагогикалық қолдау;

    • педагогтер мен ата-аналардың өзараәрекетін бастауыш сынып оқушыларының өзіндік даму бойынша мақсатты түрде жағдай жасау және қолдау;

    • халық педагогикасы мұрасы негізінде бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін қалыптастыру үдерісін оңтайландыруға ықпал ету.

2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері эксперимент тобындағы бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін қалыптастыру барлық критерийлер бойынша бақылау тобындағы оқушылардың көрсеткіштерінен жоғары екенін көрсетті, яғни бастауыш сынып оқушыларының ерік-жігерін қалыптастырудың ықпалдасқан моделі оңтайлы ерік-жігер қалыптасуын қамтамасыз етеді.

3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс негізінде оқушылардың адамгершілік бағыт деңгейі жоғарылылап, оқушылардың тәртіптілік деңгейі артып, мотивация деңгейі, сабақтың сапасы, эмоциялық рең, ұжымдағы ұйымшылдық жоғарылады.

Сонымен, зерттеу міндеттері орындалды, болжам дәлелденді, зерттеу мақсатына жетті.

Дегенмен, біздің зерттеу жұмысымызда тақырыпқа қатысты барлық мәселелер толығымен өз шешімін тапты деуге болмайды. Педагогикалық үдерістің тұлғаға бағыттылығын күшейту мәселесінің көп аспектілі сипаты нәтижелерді жеткілікті деп қарастыруға мүмкіндік бермейді. Осыған орай, болашақта ғылыми зерттеу жұмыстарын келесі бағыттар бойынша жүргізу өзекті деп есептейміз:

- оқушылардың өзін-өзі тану қабілеттерін дамытуға бағытталған шарттарды анықтау және осы сапаларды өлшеу тәсілдерін ұсыну;

- отбасының педагогикалық мәдениетін кезеңдік жоғарылатуға арналған кешенді бағдарламаларды құру.

^ Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:

1 Оразбаева С.М. Бастауыш сынып оқушыларының ерік сапаларын дамытудың теориялық негіздері / С.М. Оразбаева // «Білім ғылым және инновациялар бірлігі» атты жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары. - Өскемен, 2011. – 546-550 бет.

2 Оразбаева С.М. Бастауыш сынып оқушысының эмоциялық-еріктік аймағын дамытудың маңызы / С. М. Оразбаева // «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Тәуелсіз Қазақстан-біздің тағдырымыз» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. – Семей, 2011. – 217-218 бет.

3 Оразбаева С.М. Кіші сынып оқушысының ерік сапаларын адамгершілік тәрбиесі арқылы дамыту / С.М. Оразбаева, Ж. Қ. Ахмадиева // «Ғылым мен білім дамуының инновациялық бағыты» атты жас ғалымдар мен магистранттардың университетшілік ғылыми-тәжірибелік конференция материлдарының жинағы. - Өскемен, 2012. – 289-292 бет.

4 Оразбаева С.М. Мектепке дейінгі мекемедегі адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы / С. М. Оразбаева // «Мектепке дейінгі және бастауыш білім жүйесіндегі құзіреттілік бағдарлы технологиялары» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Өскемен, 2012. - 50-53 бет.

5 Оразбаева С.М. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі адамгершілік мәселесі / С.М. Оразбаева // Шығыстың аймақтық хабаршысы. - 2012. – №1. - 129-133 бет.

6 Оразбаева С.М. Бастауыш сынып оқушысының эмоциялық-еріктік дамуының теориялық негідері / С.М. Оразбаева // Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық университеті Хабаршы. - 2012. – №1. - 285-288 бет.




^ Оразбаева Саягуль Мауткалиевна

Формирование воли у младших школьников через нравственное воспитание

6М010200 – Педагогика и методика начального образования


РЕЗЮМЕ

Актуальность: Основным направлением современных образовательных реформ является изменение уклада начальной ступени образования. Суть концепции образования заключается в создании условий, при которых развитие младшего школьника превращается в главную задачу, как для учителя, так и для самого ученика. Только человек способный к расширению и углублению своих знаний через целенаправленную работу по самообразованию в нынешних условиях способен продуктивно работать. Однако, встает вопрос: как создать условия личностного развития ребенка младшего школьного возраста, которые обеспечат переход от обучения к самообразованию. Решение этого вопроса требует углубленного изучения личности школьника, в частности, его волевой сферы.

^ Цель исследования: теоретико-методологическое обоснование и разработка системы научно-методического обеспечения процесса формирования воли у младших школьников через нравственное воспитание в современной системе образования.

^ Объект исследования: учебно-воспитательный процесс школы.

Предмет исследования: система нравственного воспитания, направленная на формирование воли у младших школьников.

^ Результаты исследования: в системе нравственного воспитания созданы условия для волевого развития личности младшего школьника:

  • формирование целостной структуры учебной деятельности младшего школьника;

  • организация процесса воспитания, направленного на интериоризацию нравственных ценностей;

  • реализация педагогической поддержки младшего школьника в волевом самосовершенствовании;

  • взаимодействие педагогов и родителей с целью стимулирования и поддержки деятельности по саморазвитию личности младшего школьника;

  • способствовали оптимизации процесса волевого развития личности младшего школьника.

^ Ведущая идея: формирование воли у младших школьников через нравственное воспитание является основой личностного развития.





^ Orazbayeva Sayagul Mautkalievna

The formation of primary school children will have a moral education
6М010200 - Pedagogy and Methods of Elementary Education



SUMMARY


Actuality of the theme. The main focus of current educational reform is to change the way of the primary stage of education. The essence of education is to create conditions under which the development of primary school children into a major problem, both for teachers and for the student. Only man is able to expand and deepen their knowledge through targeted efforts to educate themselves in the current environment is able to work productively. However, the question arises: how to create conditions for personal development of children of primary school age, which will ensure the transition from school to educate themselves. Resolving this issue requires in-depth study of the schoolboy, in particular, his volitional.
^ The purpose of research: theoretical and methodological basis and development of scientific and methodological support for the formation of primary school children will have a moral education in contemporary education system. educational process of the school.

Object of research: a system of moral education aimed at the formation of the will of the younger pupils.

^ Subject of research: in the moral education of the conditions for strong-willed young student

of personal development:

the formation of coherent structure of the junior student learning;

 organization of the process of education aimed at internalization of moral values;

implementation of pedagogical support younger pupils in the strong-willed self-improvement;

 the interaction of teachers and parents to encourage and support self-development activities for individual primary school children;

contributed to optimize the process of voluntary development of the individual primary school children.

The leading idea: the formation of primary school children will have a moral education is the foundation of personal development.





Отпечатано на принтере

г. Усть-Каменогорск

0,66 п.л.







Похожие:

Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Диссертация көлемі және құрылымы iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация машинамен терілген 65 бетте көрініс тапқан мәтіннен және ол кіріспе, 3 бөлім, қорытынды 2 бетте және 37 пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
Кілт сөздер. Форум. Интеграция. Уәж. Сегрегация. Резерв. Интеграция. Құқық. Гендер. Саясат. Билік. Конституция. Орган. Бап. Бағдарлама....
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы