Диссертация көлемі және құрылымы icon

Диссертация көлемі және құрылымы



НазваниеДиссертация көлемі және құрылымы
Дата конвертации22.10.2012
Размер276.53 Kb.
ТипДиссертация
источник








Диссертация көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысында 16 сурет, 9 кесте қамтылған. Қолданылған әдебиеттер көзі 130 тізімнен тұрады.

Кілтті сөздер тізімі: қарым-қатынас, тұлға, тұлға дамуы, дамудың қозғаушы күші, тренинг, тренинг құралдары, белсенді оқыту әдістері, өзіндік сана, өзіндік бағалау, даралық, субъект, рефлексия.

Өзектілігі. Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады.

^ Зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау тұлға даму жүйесіндегі қарым-қатынас ұғымының қалыптасуы өзіндік тарихи даму кезеңдері бар күрделі процесс екендігін көрсетті. «Педагог - студент» жүйесіндегі педагогикалық процестің әлеуметтік-психологиялық феноменінің зерттелуі (Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Б.Ф. Ломов) педагогикалық қарым-қатынас мәселесі бойынша еңбектердің (В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б.) туындауына, педагогикалық іс-әрекетте оның әлеуметтік-психологиялық тұғыры болып табылатын «педагогикалық қарым-қатынас» категориясының дараланып, ресми айқындалуына мүмкіндік берді.

Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің тұлғалық іс-әрекет теориясының дамуы (В.С. Леднев, П.Я. Гальперин, И.А. Зимняя т.б.) өзара әрекеттесу схемасының өзгеруіне әкелген студенттермен қарым-қатынастың қалыптасуына зор ықпалын тигізді.

Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады.

Тұлғаның жан-жақты дамуы ғылыми әдебиеттерде психологиялық (Қ.Б. Жарықбаев, Д.Б. Эльконин), педагогикалық (А.Г. Асломов, Б.Б. Коссов) тұрғыдан қарастырылады. Психология мен педагогика үшін дәстүрлі болып табылатын «оқыту мен дамыту» мәселесі жетілген ересек адамның дамуымен байланысты.

Қарым-қатынас құрамындағы компоненттер қарастырылған еңбектердің (А.А. Леонтьев, А.В. Карпов, Д. Карнеги, М.В. Демин, И.А. Зимняя, М.Е. Дашкин, Е.А. Климов, Л.Я. Гозман, В.А. Малахова, В.А. Кан-Калик, Г.Т. Хайруллин, В.Н. Куницина), андрагогикалық принциптер қарастырылған еңбектердің (Джоди Спиро, Т.Г. Браже, С.И. Змеев, С.Г. Вершловский) тұлға дамуындағы қарым-қатынас феноменінің ерекшелігін айқындау үшін маңызы зор. Қарым-қатынас мәселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Коган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф. Ломов, М.И. Лисина, К. Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, И.А. Әбуева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған.


Қарым-қатынас мәселесімен Қазақстанда айналысушы ғалымдардың да еңбектерінің маңызы зор. Х.Т. Шериязданова жасөспірімдер және жеткіншектерді психологиялық қолдауға арналған қарым-қатынас тренингтерін қарастырды.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынасқа жасауын жетілдіру үшін тренингті қолдану ерекшеліктерін Ж.А. Аубакирова қарастырады. А.Р. Ерментаева педагогикалық қарым-қатынаста тренинг әдістерін қолданудың этнопедагогикалық бағытын ұсынған ғалым. Сонымен бірге А.Р. Ерментаева студенттерді субъект бағдарлы дайындау технологиясын ұсынады. Студенттермен қарым-қатынасты жетілдіруде педагогикалық эмпатия механизмінің ерекшеліктерін Р.Б. Карамуратова, студенттердің қарым-қатынас мәдениеті мәселесін Ш.Ч. Батымбаева, ал студенттердің қатынас мәселесінің ерекшеліктерін Г.К. Касымбекова, М.Д. Ауренова өзінің зерттеу жұмысында «Балалар үйіндегі жеткіншектердің әлеуметтік бейімделуіндегі қарым-қатынастың рөлі» мәселесін зерттеді.

Студент қарым-қатынас субъектісі ретінде әр тұрғыдан: «студент» ұғымын анықтау; жас ерекшеліктерінің (Б.Г. Ананьев, Е.И. Степанова, А.И. Канатов т.б.), тұлғалық ерекшеліктерінің әсері (Н.К. Крупская, М.В. Кларин, Р.А. Исламшин, Ж.А. Макатова т.б.); оқыту үдерісін ұйымдастыру (А.С. Белкин, Н.О. Вербицкая, Ө. Өтебаева), студенттердің субъектілігін дамыту (А.В. Белошицкий, Б.А. Тұрғынбаева, Г.И. Артемьева және т.б.) аспектілерінде қарастырылады. Тұлға құрылымының зерттелуі (Я. Щепанский, А.Г. Ковалев, Г. Нойнер, К.К. Платонов, М.С. Каган) ересек адамның өзгеріп, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі үшін көптеген мүмкіндіктері бар күрделі жүйе болып табылатынын дәлелдеуге ықпалын тигізеді. Біздің зерттеу жұмысымыз үшін педагогикалық іс-әрекеттегі студенттердің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас мәселесі (М.Б. Галямова, Г.Н. Губайдуллина, Ғ.Н. Көшербаева т.б.); педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің рөлдік ұстанымдары (В.А. Сластенин, К.С. Мусин, В.Т. Кудрявцева); педагогикалық қарым-қатынастың фасилитаторы – андрагогтың құзыреттілігін арттыру мәселесі (М. Малевски, В. Дрофа, Б.А. Тұрғынбаева, Г.Ж. Даулетбаева және т.б.) қарастырылған зерттеулердің маңызы зор.

Зерттеу процесі бойынша әдебиеттер мен елімізде дамып келе жатқан педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесіне жасалған талдау зерттеу мәселесінің көптеген аспектілерінің теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттелінбегендігін, оның тиімділігін бағалайтын бақылау-диагностикалық құралдардың әзірленбегендігін айқындауға мүмкіндік берді. Осы жағдай қоғам талаптарына сәйкес кәсіби білім беру саласында педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру үшін оны жетілдіру қажеттігі мен теориялық тұрғыда негізделген студенттермен педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесінің жоқтығы деп айқындалған қарама-қайшылықпен күрделене түседі.

^ Зерттеу нысаны: тұлға дамуындағы қарым-қатынас процесі.

Зерттеу пәні: студенттердің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктері теориялық тұрғыда негіздеу және қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесін жасау.

^ Зерттеудің міндеттері:

  1. Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздерін айқындау.

  2. Тұлға дамуы теорияларының педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде талдануын қарастыру.

  3. Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтап, сипаттау және оны жетілдірудің психологиялық мүмкіндіктерін негіздеу.

  4. Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу негізінде тексеру және ғылыми әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы философиялық пайымдаулар, тұлғалық іс-әрекет тұрғысынан, андрагогикалық жүйелерді зерттеу мен басқаруды синергетикалық тұрғыдан қарастырудың жетекші идеялары, тұлғаның дамуы, тұтас педагогикалық процесс, тұлғааралық қарым-қатынас теориялары құрайды.

^ Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» және басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, алыс, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері, жоғары оқу орнында оқытудағы жаңашылдық тәжірибелер, диссертанттың осы жүйедегі тәжірибесі.

^ Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге теориялық талдау жасау, модельдеу, озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, өзіндік бағалау, сұрау, салыстыру, нақтылау және зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу, графикалық бейнелеу.

^ Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

  • «тұлғалық даму» ұғымы нақтыланды;

  • «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымына анықтама беріліп, студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы, ерекшелігі айқындалды;

  • ЖОО білім беруде студенттердің тұлғалық дамуындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің теориялық тұрғыда негізделген моделі жасалып, психологиялық шарттары айқындалды;

  • тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілген студенттердің тұлғалық дамуындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесі жасалды.

^ Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу барысында әзірленген студенттердің тұлғалық дамуындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің моделі, әдістемесі, психологиялық шарттар кешені, «ЖОО педагогикалық қарым-қатынас тренингтері» бағдарлама, әдістер кешені жоғары оқу орындарында, мамандарды даярлау, қайта даярлау жүйелерінде, қолданыла алады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Жоғары оқу орнында білім беру - студенттің кәсіби білімінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында бірін-бірі толықтыратын оқудың барлық түрлерін қамтитын жүйе, сонымен қатар ол әлеуметтік-мәдени жобаларды қолдау құралы болып табылады.

  2. Жоғары оқу орнында білім беру жүйесінде студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас – мазмұны ақпаратпен алмасу, тұлғааралық таным, ортақ мақсатқа бағытталған бірлескен іс-әрекет болып табылатын психологиялық ұстанымдары тең серіктестердің әлеуметтік-психологиялық әрекеттесу үдерісі; педагог осы үдерістің фасилитаторы болып табылады.

  3. Жоғары оқу орнында білім беру жүйесінде студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру моделі мен принциптерге негізделген педагогикалық шарттары.

  4. Жоғары оқу орнында білім беру жүйесінде студенттер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің әдістемесі.

^ Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбына сәйкес теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, ғылыми аппараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мақсатына, мазмұнына, міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді пайдаланумен, зерттеу тақырыбына байланысты тәжірибелік-эксперимент жүргізіліп, тиімділігі дәлелденуімен қамтамасыз етіледі.

^ Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыс C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткізілді.

Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің барысы мен нәтижелері әр түрлі кезеңдерде C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жалпы және педагогикалық психология кафедрасының мәжілістерінде, халықаралық (Семей, 2011; Өскемен, 2012), республикалық (Өскемен, 2011) ғылыми-практикалық конференцияларда, шетелдік басылымдарда (Чехия, 2012) баяндалды. Сонымен қатар зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарық көрген мақалаларда көрініс тапты.

^ Жұмыстың негізгі мазмұны: Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері талданып, тұлға дамуы теорияларының педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде талдануы сараланды. Тұлға сөзі (personality) ағылшын тіліне латынның «persona» сөзінен енген. Персона – бұл ертеде театрларда грек актерлері киген бет перде. Сонымен, тұлға – бұл белгілі бір өмірлік рөлдерді орындау барысында даралықтың қабылдаған әлеуметтік бейнесі болып табылады. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы, iс-әрекет барысында белсендi түрде өзгерiп және iс-әрекеттi де өзгертетiн табиғи әлеуметтiк орта сол тұлғаның күрделi арақатынасы арқылы жүрiп жатады. Өзгеру барысында әсiресе еңбек iс-әрекетi үрдiсiнде, адамдар бiр-бiрiмен белгiлi қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседi. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы, iс-әрекет барысында белсендi түрде өзгерiп және iс-әрекеттi де өзгертетiн табиғи әлеуметтiк орта сол тұлғаның күрделi арақатынасы арқылы жүрiп жатады. Өзгеру барысында әсiресе еңбек iс-әрекетi үрдiсiнде, адамдар бiр-бiрiмен белгiлi қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседi. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы, негiзiнен қоғамда қалыптасқан қарым-қатынас жүйесiмен анықталып, сол тұлғаның осы қатынас шартына орай iс-әрекетiнiң қалыптасуына және сол қоғамның басқа мүшелерiмен қарым-қатынасына байланысты болады.

Адамның қоғамдық қатынас жүйесiндегi орны мен әлеуметтiк орта әсерiнiң өзi, адамның жас ерекшелiгiне орай өзгередi. Тұлға сезiмдiк қасиеттермен, яғни индивид пен әлеуметтiк ортаның шартымен бiрлiкте қарастырылуы да көрсетiлген. Тұлғаны зерттеуге С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, К.К. Платоновтың Д.И. Узнадзе, Л.И. Божович, Л.С. Выготский, Е.В. Шорохова, З. Фрейд, А. Адлер, В. Райх, Г. Салливан, Э. Фромм, К. Левин, Б.Г. Ананьев, К. Роджерс, А. Маслоу, Б.В. Зейгарник, В.С. Мухина, М.И. Лисина, О.В. Хухлаева, А.М. Прихожан, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, И.С. Кон, В.А. Алексеев және т.б. еңбектері арналғанын ескерген жөн. Барлық тұлға теорияларды жалпылайтын келесі ережелер:

1. Дара айырмашылықтар немесе даралық маңызды мәнділікке ие. Тұлға – бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін белгілі сапалар кешені болып табылады.

2. Теориялардың басым бөлігінде тұлға ұйымдасқан құрылым түрінде көрсетіледі. Мұнда бақыланатын мінез-құлық ұйымдасқан тұлға ретінде, яғни тұлға – мінез-құлықты бақылау нәтижесінде қалыптасатын абстракция.

3. Теориялардың басым бөлігі тұлғаны статикалық феномен ретінде емес, өмірлік тәжірибе және даму перспективасы.

4. Көптеген тұлға анықтамаларында тұлға мінез-құлықтың тұрақты формаларына жауап беретін сипаттар ретінде қарастырады. Тұлға уақытқа және өзгермелі жағдайларға қатысты тұрақты болып келеді.

Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн-дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуалдық кемелденуінен байқалады. Психологияда психикалық даму заңдылығының 3 негізгі жолы қалыптасты: биогенетикалық – негізіне биологиялық процестердің жетілуі жатады, ал қалған даму процесстері жанама түрде қарастырылады;социогенетикалық – назар ең алдымен әлеуметтену процестерінде және қоғамды өмір жолына қатысты этапқа қоятын істерден көрінеді; психогенетикалық - негізіне психикалық процестер мен қызметтің өзіндік дамуы жатады.

«Қарым-қатынастың тұлға дамуына әсерін зерттеуші теориялық тұрғылар» атты екінші тарауда қарым-қатынастың педагогикалық–психологиялық сипаттамасы беріліп, студенттік кезеңдегі тұлғалық дамудағы қарым-қатынастың рөлі талданды.

Қарым-қатынас - ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті. 60-шы жылдардың аяғында әлеуметтік және педагогикалық психологияның қиылысында «педагогикалық қарым-қатынас» түсінігі пайда болып кеңестік ғалымдардың қызығушылықтарын тудырды. Коммуникативті құзыреттілік педагог кәсібилігінің ортаңғы діңгегі болып табылады, өйткені оқушылармен, студенттермен қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттің мәнін құрайды. Педагогикалық коммуникативтік құзыреттілік белгілі ғылыми білімдер және практикалық шеберлік жүйесін құрайтын күрделі құрылымға ие.

Берілген магистрлік диссертациялық зерттеу жұмысында қарым-қатынас біріншіден, тұлғаның іс-әрекет түрі ретінде, екіншіден тұлғаның өзін жүзеге асыру тәсілі ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас жасау тиімділігі адамдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейіне байланысты болады. Біз зерттеу жұмысымызда тұлғаның дамуындағы қарым-қатынасты негізгі мотивациялық, білімдік, тәжірибелік - әрекеттік, тұлғалық құрамнан тұратын күрделі жүйе ретінде қарастырамыз.

Магистрлік диссертацияда ұсынылып отырған қарым-қатынасты жетілдіру арқылы тұлғалық дамуды қамтамасыз ету моделі мамандарды даярлауда жоғары білім беру мазмұнының талаптарының және эксперименттік зерттеу негізінде құрылды.


Кесте 1 – Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуын қарым-қатынасты жетілдіру арқылы жүзеге асырудың критерийлері мен көрсеткіштері



Қарым-қатынас құрамдары

Қарым-қатынас жетілуінің критерийлері


Қарым-қатынас жетілуінің көрсеткіштері

Мотивациялық

Кәсіби іс-әрекетке құндалақ қатынас


Мотивация түрі; кәсіби іс-әрекетке бағыттылық, кәсіби жетілуге деген қажеттілікті; Кәсіби іс-әрекетте жетістікке жетудің өзіндік болашағын құру

Білімдік

Қарым-қатынас біліміне жүйелі ие болу

Қарым-қатынас, коммуникация құралдары, техникалары, қақтығыстар және т.б. жайлы білімдер, қарым-қатынас әрекеттерін саналау

Тұлғалық


Тұлғалық мәнді қасиеттердің жиынтығы: коммуникациялық, ұйымдастырушылық, шығармашылық және т.б.

Байланыс жасау деңгейі, коммуникациялық сәйкестік, қарым-қатынасқа бейімделушілік, қарым-қатынас табыстылығының әлеуеті.

Рефлексиялық әрекеттік

Тұлғалық даму және қарым-қатынас икемділігіне ие болу

Студенттердің қарымқатынас икемділігін өзіндік бағалау


Зерттеу жұмысының шеңберінде педагогика және психология мамандығының студенттерінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші қарым-қатынасты жетілдіруді педагогикалық қарым-қатынас тренингтері арқылы жүзеге асыруға болады. Өйткені «Педагогикалық қарым-қатынас негіздері», «Әлеуметтік психология», «Психология» пәндерін оқыту процесінде студенттер қарымқатынасқа қатысты теориялық білімдерге ие боа алады. Ал практика барысында қарымқатынас икемділігі мен дағдылары дамиды. Зерттеу жұмысында дамыту тәсілі ретінде ұсынып отырған педагогикалық қарым-қатынас тренингі осы аталған қарымқатынас құрамының кешенін қалыптастыруға бағытталған (қарым-қатынас білімі, икемдігі, тұлғалық мәнді сапалар, кәсіби іс-әрекет мотивациясы). Сонымен бірге, субъект-субъектілік қарым-қатынасты жүзеге асырып, әрбір тренингке қатысушының тұлғалық, даралық дамуына, көзқарас шеңберін кеңейтуге бағытталады. Бірақ тұлғалық даму мәселесін бір ғана педагогикалық қарым-қатынас шеңберінде шешу мүмкін емес, соған қарамастан тұлғалық өзіндік дамуға, өзіндік жетілуге күшті серпіліс беретіні сөзсіз. Ұсынылғандарды тексеру мақсатында студенттерінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші қарым-қатынасты жетілдірудің моделі құрылып, мақсаттық, диагностикалық, жобалау және тренингті жүзеге асыру құрамдарын біріктірді. Бұл модель студенттерінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші қарым-қатынасты жетілдіруді педагогикалық қарым-қатынас тренингі арқылы жүзеге асыру кестесін сипаттайды. Тренинг бөлшектеліп арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық әрекеттер және ұйымдастыру қадамдарының жиынтығы, жүзеге асырылуда белгілі бірізділікке ие және контекті үш бағытта бекітеді: біріншіден білім алуға және оны пайдалануға мүмкіндік береді; екіншіден, икемділіктерді меңгеруге және оларды түзетуге; үшіншіден, кез келген тренинг сабағы – бұл болашақ маманның тұлғалық және кәсіби ұстанымының мақсат, мотив, мазмұнын саналау. Педагогикалық қарым-қатынас тренингі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды қарастырады. Бірінші кезең тұлғалық даму кезеңі: пәнге деген қызығушылықтың пайда болуы, қарым-қатынас тренингінде белсенді қстанымда болу, кәсіби мәнді қарым қарым-қатынас тренингі қатынас сапаларын дамыту. Екінші кезең қарым-қатынас техникаларын меңгеру: қарым-қатынас білімі мен икемділігін қалыптастыру, қарымқатынас әрекеттерін саналау, рефлексияның дамуы, кәсіби жетілудің қажеттілігін түсіну. Үшінші ықпалдастық кезеңі: өзіндік дамуға тұрақты мотивацияның қалыптасуы, икемділіктерді жетілдіру, тұлғаның мәнді сапаларын дамыту, өзіндік педагогикалық тәжірибеге ие болу және үлгіленген педагогикалық қарым-қатынас. Студенттерде қарым-қатынасты жетілдірудің әрбір кезеңі алдыңғы кезеңді меңгеруге негізделеді, соның негізінде белгілі бір мақсатқа сәйкес оның мазмұнын тереңдетіп, кеңейтеді. Сонымен бірге әрбір кезең міндеті келесіге өтіп, әрбір тренингтік сабақтарда қарым-қатынас құрамының бірізділікпен дамуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты педагогикалық тренинг арқылы жетілдіру моделін практикалық жүзеге асуын тұлғаға-бағдарланған технология негізінде мүмкін болады. Өйткені тұлғаға-бағдарланған технология тұлғаның өзіндік дамуына ықпал етеді (К.А. Абульханова-Славская, А.Г. Асмолов, Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, В.П. Зинченко, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, В.А. Петровский, В.М. Розин, С.Л. Рубинштейн, В.И. Слободчиков, Д.И. Фельдштейн); педагогикалық практикадағы ізгілендіруді қамтамасыз етеді (Е.В. Бондаревская, Г.Н. Волков, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов); дамыта оқыту тұжырымдамасына негізделеді (В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Е.Н. Кабанова-Меллер, З.И. Калмыкова, С.А. Смирнов, Г.А. Цукерман, Д.Б. Эльконин); оқу процесін өзара әрекет ретінде ұйымдастырады (Ю.К. Бабанский, П.Л. Гальперин, И.И. Ильясов, В.Я. Ляудис, М.И. Махмутов, Н.Ф. Талызина, Е.И. Унт, И.И. Чередов, Г.И. Щукина); танымдық қызығушылықты, дербестікті, шығармашылықты дамытады (Д.Б. Богоявленская, П.И. Пидкасистый, Я.А. Пономарев, Г.К. Селевко, Т.И. Шамова, Е.А. Яковлева); білім алушыны диагностауға және даралық жол табуға бағдарланған (Ю.З. Гильбух, К.М. Гуревич, Л.М. Фридман).

Аталған барлық бағыттар үшін жалпылық бұл студент тұлғасына, оның даралық ерекшеліктеріне, студенттердің әлеуеттік мүмкіндіктерін, өзіндік дамуын анықтау үшін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігіне бағдарлану болып табылады. Сонымен, жоғары оқу орнында студенттерді оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық әдебиеттерге жасаған талдау негізінде тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдірудің мәні, құрылысы және мазмұны нақтылауға; тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдіру моделін құруға, студенттердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін критерийлерді, көрсеткіштерді және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Педагог бойындағы тұлғалық сапалардың дамуын, оның ішінде маңызды сапа коммуникативтілік қабілетті арнайы ұйымдастырылған психологиялық тренинг, топтық дискуссиялар, рөлдік ойындар, қарым-қатынасқа қатысты семинар, конференцияларға қатысу және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруға болады.

Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспериментке С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» мамандығының 1, 2, 3, 4 курс студенттері алынды. Эскпериментке қатысқан студенттер саны - 63.

Педагогика және психология мамандығы студенттерінің тұлғалық дамуындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін эксперименталды зерттеуді жүзеге асыру үшін келесі әдістемелер жиынтығы таңдалып алынды: Коммуникациялық ұйымдастырушылық қабілеті; Т. Лиридің тұлғааралық қатынастарды диагностауға арналған «Мен-қандаймын?» әдістемесі; Х.Зиверттің «Шығармашылық қабілеттерді анықтауға» арналған тесті; К.Замфирдің А. Реан түрлендірген «Кәсіби іс-әрекет мотивациясы» әдістемесі; Б. Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» анкетасы; В.И. Моросанованың «Мінез-құлықты өзіндік реттеу стилінің ерекшеліктері» сауалнамасы; Дембо-Рубинштейннің А.М. Прихожан түрлендірген «Өзіндік бағаны зерттеу» әдістемесі; К. Роджерстің «Өзін-өзі қабылдау межесі» әдістемесі жүргізіліп, зерттеу нәтижелеріне математикалық-статистикалық талдау әдістері: орта тенденция табу; пайыздық үлесті табу; квадраттық ауытқуды табу; Пирсон әдістемесі; Стьюденттің t критерийі қолданылды.

Мақсаттық құрамы

^

Мақсаты: педагогика және психология мамандығы студенттернінің тұлғалық дамуын қарымқатынасты жетілдіру арқылы жүзеге асыру







^ Тұлғалық даму құрамы

Мотивациялық


Білімдік


Тұлғалық


Рефлексиялық -әрекеттік




^ Диагностикалық құрам

Қарым-қатынасты жетілдіру критерийлерінің қалыптасуы

Кәсіби іс-әрекетке құндалақ қатынас

Қарым-қатынас біліміне жүйелі ие болу

Тұлғалық мәнді қасиеттердің жиынтығы

Қарым-қатынас икемділігіне жүйелі түрде ие болу

Қарым-қатынасты жетілдіру кқрсеткіштері

Мотивация түрі;

кәсіби іс-әрекетке бағыттылық, кәсіби жетілуге деген қажеттілікті; Кәсіби іс-әрекетте жетістікке жетудің өзіндік болашағын құру

қарым-қатынас, коммуникация құралдары, техникалары, қақтығыстар және т.б. жайлы білімдер, қарым-қатынас әрекеттерін саналау

Байланыс жасау деңгейі, коммуникациялық сәйкестік, қарым-қатынасқа бейімделушілік, қарым-қатынас табыстылығының әлеуеті

Студенттердің қарым-қатынас икемділігін өзіндік бағалауы




Қарым-қатынасты жетілдіру деңгейлері

Репродуктивті

Енжар

Өнімді

Шығармашылық



Қарым-қатынасты жетілдіру кезеңдерін жобалау және жүзеге асыру

Даярлық кезеңі

мақсат қою

оқу мазмұнын таңдау және құру




^ Негізгі кезең

Қарым-қатынасты жетілдіру құралдары

Тренинг жаттығулары

Психогимнастикалық жаттығулар

Пікірталастар

Рөлдік ойындар

Миға шабуыл




Кешенді жүзеге асыру

1-ші кезең

Тұлғалық өсу

  • пәнге деген қызығушылық;

  • педагогикалық қарым-қатынас тренингінде белсенді ұстанымды дамыту;

  • тұлғалық мәнді сапаларды дамыту

2- ші кезең

Қарымқатынас техникасын меңгеру

  • қарым-қатынас білімі мен икемділігін қалыптастыру,

  • қарымқатынас әрекеттерін саналау,

  • рефлексияның дамуы,

  • кәсіби жетілудің қажеттілігін түсіну

3- ші кезең

Ықпалдастық

  • өзіндік дамуға тұрақты мотивацияның қалыптасуы,

  • икемділіктерді жетілдіру,

  • тұлғаның мәнді сапаларын дамыту,

  • өзіндік педагогикалық тәжірибеге ие болу және үлгіленген педагогикалық қарым-қатынас.







^ Педагогикалық қарым-қатынас барысын бақылау. Өзгерістер енгізу



^

Бақылау кезеңі


қарым-қатынасы жетілген тұлғалық дамуға ие студент


Сурет 2 – Тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдіру моделі

Кесте 2 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің анықтау және дамыту эксперименттеріндегі орташа арифметикалық шамасы, орташа квадраттық ауытқу, мәнділік деңгейі көрсеткіштері


Тұлға дамуының

көрсеткіштері

Анық. экспер.

Хар±m

Дамыт. экспер.

Хар±m

Стьюденттің t-критерийі бойынша көрсеткіш

Мәнділік

деңгейі

«Коммуникативтік қасиеттерді анықтау»

0,51±0,12

0,63±0,1

3,7**

>t0,01

«Ұйымдастырушылық қасиеттерді анықтау»

0,49±0,15

0,6±0,2

3,9**

>t0,01

Тапқырлық

18,1±7,2

28,7±10,5

14,3 **

> t 0,01

Кіріктіру қабілеті

22,2±8,5

28,6±7,6

3,8 **

> t 0,01

Дивергентті ойлау

24,2±9,7

26,2±8,9

4,5**

> t 0,01

Ассоциация еркіндігі

19,8±8,8

22,3±7,9

3 **

> t 0,01

Рефлексиялықмотивациясы

2,5±1,01

2,9±1,1

2,8 **

> t 0,01

Рефлексиялықбағыттылық

21,3±6,6

23,4±5,3

4,7 **

> t 0,01

Өзін қабылдау (рефлексия)

121±21,9

132±23,6

6,3**

> t 0,01

Өзіндік реттеу

21,6±6,3

22,9±6,8

3,1 **

> t 0,01

Өзіндік баға

61±15,8

75,8±14,1

3,6**

> t 0,01


Анықтау және дамыту экспериментінде студенттердің орташа арифметикалық шамасы, орташа квадраттық ауытқу, мәнділік деңгейі көрсеткіштері топтар арасындағы айырмашылықтың мәнді екенін көрсетеді, яғни мұндай айырмашылықтардың байқалуы тұлғалық дамуды қарым-қатынас тренингтерін ұйымдастыру, сонымен бірге белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылған кешенді бағдарлама негізінде мүмкін болды деген қорытынды жасауға әкеледі.

Анықтау және дамыту экспериментінде студенттердің тұлғалық даму көрсеткіштері және даму механизмдері көрсеткіштерінің корреляциясы Пирсонның сызықты корреляциясы арқылы анықталды:

Кестеден көріп отырғанымыздай, тұлғаның даму көрсеткіштері және тұлғаның даму механизмдері көрсеткіштері арасындағы корреляция жоғары екенін көре аламыз.

Сонымен, 050103 «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің тұлғалық даму көрсеткіштері және тұлғалық даму механизмдері көрсеткіштері арасындағы корреляция көрсеткіштері дамыту эксперименті барысында анықтау экспериментіне қарағанда жоғары болғанын байқаймыз. Мұның өзі «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінде сабақтың белсенді әдістерімен қатар, тұлғаны дамытуға бағытталған қарым-қатынасты жетілдіру жұмыстары, оның ішінде қарым-қатынас тренингтерін жүргізілуіне байланысты болды деген ойдамыз.


Кесте 3 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің тұлғалық даму көрсеткіштері және тұлғалық даму механизмдері көрсеткіштерінің корреляциялық матрицасы


Тұлғалық

даму механизм дері


тұлғалық

даму көрсеткіштері

Анықтау эксперименті

Дамыту эксперименті

Рефлексивті механизм

Өзіндік реттелу механизмі

Өзін бағалау механизмі

Рефлексивті механизм

Өзіндік реттелу механизмі

Өзін бағалау

механизмі

Тапқырлық

0,25

0,33

0,18

0,57 ***

0,50***

0,46 **

Кіріктіру қабілеті

0,06

0,07

0,21

0,71

0,58

0,54

Дивергентті ойлау

0,32

0,36

0,1

0,51

0,44

0,49

Ассоциация еркіндігі

0,29

0,38

0,46

0,46

0,43

0,31

Тұлға мотивациясы

0,003

0,33

0,26

0,42

0,57

0,53

Тұлғалық

бағыттылық

0,42

0,06

0,25

0,42

0,40

0,44


^ Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:

  1. Жанузакова Г.У. Тұлғаны зерттеудегі гуманистік бағыт теориялары.- «Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журнал-Өскемен: С.Амажолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2011.№1. – 141-145 бб.

  2. Жанузакова Г.У. Студенттердің тұлғалық дамуындағы өзіндік сана мәселесі. - «Шығыстың аймақтық хабаршысы» ғылыми журнал-Өскемен: С.Амажолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2011. №3. – 144-147 бб.

  3. Жанузакова Г.У. Студенттердің қарым-қатынасының педагогикалық психологиялық негіздері. - «Білім, ғылым, және инновациялар бірлігі» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған ІІ-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Өскемен С.Аманжолов ат. ШҚМУ баспасы, 2011 . - 286-291 бб.

  4. Жанузакова Г.У. Білім беру жүйесінде тұлғаны дамыту мәселелері. - «Тәуелсіз Қазақстан - біздің тағдырымыз» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, 2011. - 56-58 бб.

  5. Жанузакова Г.У. Духовно-нравственное воспитание личности. - W zbiorze ztrzymają się materiały VIII Międzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji «Europejska nauka XXI powieką - 2012». 07 - 15 maja 2012 roku po sekcjach: Psychologia i socjologia. Wszelkie prawa zastrzeżone. Przemyśl. Nauka i studia – 7-12 str.



^ Жанузакова Гульфайруз Укметбековна

Особенности общения в личностном развитии студентов специальности «Педагогика и психология»

6М012300 – Социальная педагогика и самопознание

РЕЗЮМЕ

Актуальность: Модернизация казахстанского образования, связанная с интеграцией в мировое сообщество, базируется на ключевых моментах. Это переход на мировой уровень образования главной концепции развития личности и, как следствие, необходимость разработки и внедрения теоретических и прикладных подходов в высших учебных заведениях. Одним из путей, обеспечивающих качественную подготовку выпускников вуза, сегодня является профессионально-образовательная ориентация при подготовке специалистов на овладение ими личностных качеств, которая приобретает приоритетную роль в развитии будущих профессиональных качеств специалистов. В настоящее время в теории и практике накоплен огромный опыт по вопросам развития личности, в котором отражены эффективные методы, технологии обучения, но не уделяется внимание особенностям организации педагогического общения между субъектами педагогического процесса. Теоретические и практические исследования показывают, что значительная часть педагогических трудностей обусловлена не только недостатками научной и методологической подготовки преподавателей, но и недостаточной сферой педагогического общения. Одним из эффективных путей решения этой проблемы является совершенствование педагогического общения между субъектами в системе вуза. Педагогический процесс немыслим вне общения, вне установления многообразных коммуникативных связей между обучающими и обучающимися, поэтому коммуникативная способность выступает одной из важных составных частей, как личностного, так и профессионально-педагогического качества преподавателя, что определяет актуальность данной темы.

^ Цель исследования: Теоретически обосновать и установить методические условия совершенствования особенностей общения в личностном развитии студентов специальности «Педагогика и психология».

^ Объект исследования: процесс общения в личностном развитии.

Предмет исследования: особенности общения в личностном развитии студентов.

Научная новизна исследования:

  • уточнили понятие «личностное развитие»;

  • дали определение термину «педагогическое общение», определили структуру и особенности педагогического общения студентов;

  • создали модель и определили психологические условия на основе теоретических данных по совершенстованию педагогического общения личностного развития студентов;

  • проведен эксперимент по эффективности разработанной методики совершенствования педагогического общения в личностном развитии студентов.

Zhanuzakova Gulfayruz Ukmetbekovna
Features of communication in the personal development of students "Pedagogy and Psychology"
6М012300 - Social pedagogy and self-knowledge



SUMMARY



Relevance: The modernization of Kazakhstan's education related to the integration into the global community based on the key points. This transition to a world-class education the main concepts of personal development and as a consequence, the need for the development and implementation of theoretical and applied approaches in higher education. Today one way of providing quality training graduates is a professionally-oriented education in preparing professionals to master their personal qualities, which takes priority role in the development of future professional skills of specialists. At present the theory and practice has accumulated vast experience in the development of personality, which reflects the effective methods of technology training, but do not pay attention to the peculiarities of the organization of pedagogical communication between the subjects of the educational process. This, in turn, affects the effectiveness of the educational process and personal development of students. Theoretical and practical studies show that a significant part of educational difficulties caused not only by lack of scientific and methodological training of teachers, but also the lack of a sphere of pedagogical communication. One of the most effective ways of solving this problem lies in improving the teaching of communication between the subjects in the university. Pedagogical process is unthinkable outside communication is to establish multiple communication links between teaching and students, so the communicative ability of playing one of the important parts, like personal and professional quality of teachers and teaching that determine the relevance of the topic.

Objective: In theory, justify and establish a methodology to improve the conditions of the features of communication in the personal development of students majoring in pedagogy and psychology.

^ The object of study: the process of communication in personal development.

Subject of research: characteristics of communication in the personal development of students.

Results:

 refined the concept of "personal development";

 gave the definition of the term "teacher talk", defined structure and features of pedagogical communication students;

 created a model and psychological conditions are defined on the basis of theoretical data sovershenstovanii pedagogical communication of personal development of students in educational institutions;

 an experiment was conducted on the effectiveness of the developed technique to improve communication in teaching personal development of students.


Отпечатано на принтере

г. Усть-Каменогорск

0,66 п.л.


Начало формы




Похожие:

Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Диссертация көлемі және құрылымы iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Диссертация көлемі және құрылымы iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация машинамен терілген 65 бетте көрініс тапқан мәтіннен және ол кіріспе, 3 бөлім, қорытынды 2 бетте және 37 пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
Кілт сөздер. Форум. Интеграция. Уәж. Сегрегация. Резерв. Интеграция. Құқық. Гендер. Саясат. Билік. Конституция. Орган. Бап. Бағдарлама....
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі және құрылымы iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы