Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады icon

Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады



НазваниеДиссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады
Дата конвертации22.10.2012
Размер289.47 Kb.
ТипДиссертация
источник






























Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі тірек сөздер: кәсіби іс-әрекет, педгогикалық қарым-қатынас, тұлға, даярлау жүйесі, кәсіби бағыттылық, базистік қасиеттер, зияткерлік, гуманистік негіз, психологиялық мәдениет, мотивация, дидактикалық білік, педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары, құзіреттілік, репродуктивтік іс-әрекет, жүйелілік, кәсіби бағыттылық.

^ Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Осыған байланысты бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі қарқынды әрекеттермен сипатталады.

Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, педагогтар мен психологтарға байланысты. Олардың жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілігі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.

Сондықтан жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық-психологиялық мамандардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ педагогтар мен психологтарды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.

Маман дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-психологтің жеке тұлғасын қалыптастыру талап етіледі. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі кәсіби дайындау барысында жетіледі.

Зерттеудің өзектілігі қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері жағдайындағы психологиялық-педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.

Біріншіден, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Психолог-педагог мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы кәсіби дайындау жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.

Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік жағдайлардағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктеріне ие болған, білім берудің мақсатына жетудің қандай да бір тәсілінің тиімділігін анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін психолог-педагогтың белсенді шығармашылығының, жеке тұлғасының рөлінің өсуі.

Үшіншіден, психолог-педагогтың кәсіби рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.

Төртіншіден, жаңа психологиялық-педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мәнін анықтау, психологиядағы, педагогикадағы белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқындау арқылы психология-педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.

Бесіншіден, болашақ педагогтар мен психологтардың кәсіби іс-әрекетке дайындаудың жүйесін құру қажеттілігі.

Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко, А.Р. Ерментаева, А.П. Сейтешев, А.Г. Казмагамбетов, Г.Ж. Меңлібекова, М.С. Молдабекова, А.А. Бейсенбаева, А.А. Қалыбекова, Л.К. Керимов, Р.Г. Лемберг, Б.И. Мұқанова, В.В. Трифонов, Г.А. Уманов, Г.Т. Хайруллин, Н.Д. Хмель, В.К. Шабельников, Х.Т.Шериазданова, Э.И.Шнибекова, Н.Н. Хан, А.Ж.Қайдарова және т.б.) байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова, Ә.Н. Көшербаева) ең маңызды жақтарын қарастырған.

Бірқатар зерттеулерде педагогтың кәсіби дайындығының заңдылықтары (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.); педагогикалық іс-әрекет мәні және құрылымы (С.И. Архангельский, Д.М. Гришин, К.М. Левитан, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова және т.б.); жалпы педагогикалық біліктердің қалыптасу әдістемесі (О.А. Абдуллина, С.И. Кисельгорф, И.Т. Огородников, Л.Ф. Спирин, И.Я. Томин, Н.М. Яковлева және т.б.); мұғалімді дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М. Большакова, А.А. Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник, Л.Ф. Спирин, В.А. Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.) нақтыланған.

Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесін О.А. Абдуллина, В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев, Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және т.б. шешкен. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н. Тарасович, Г.И. Хозяинов және т.б.) және педагогикалық техниканы жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров, А.А. Кан-Калик, Л.И. Рувинский және т.б.).

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық дайындықтың жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов және т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық (К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық сараптама, өз педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю.А. Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А. Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.).

Сонда болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың кейбір аспектілері зерттелген. Сол сияқты психологтарды да кәсіби іс-әрекетке дайындау біршама қарастырылған. Ал екі мамандықты Қазақстан республикасында біріктіріп дайындау жағдайы жолға қойылғанда, жоғары оқу орындарында педагог-психолог мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың теориясы күні осы кезге дейін психология мен педагогика ғылымдарында анықталмаған. Десек те, болашақ педагог және психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығына қатысты теориялық және тәжірибелік жай-күйді сараптау педагогика және психология ғылымдарындағы зерттеу аумағындағы білімдерді үйлестіріп, жүйелеуге және оларды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың негіздерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарға орай, жоғары оқу орнында кәсіби іс-әрекетке педагог және психологтарды дайындауды қарқындандыруды, олардың жеке тұлғасын дамытуды, үздіксіз кәсіби-әдістемелік тұрғыдан өзін өзі жетілдіруді қамтамасыз ететін теориялық негізінің жоқтығы зерттеу мәселесі болып отыр. Негізгі қарама-қайшылық жоғары оқу орнын педагог-психолог ретінде бітірушінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын арттыру қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде.

Айтып кеткен пікірлеріміз мынадай қарама-қайшылықтардың бетін ашады:

- дамып жатқан білім беру жүйесі, оның түсініктемелік-терминологиялық қамтамасыз етілуі мен кәсіби іс-әрекеттің мәнін зерттеудің педагог-психологтарды дайындау саласында жеткіліксіздігі (мақсаты, құру принциптері мен мазмұны) арасында;

- болашақ педагог-психологтарды жоғары оқу орындарында оқытудан бастап, кәсіби іс-әрекетке дайындау қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жасалуының жеткіліксіздігі арасында;

- қазіргі кездегі әлеуметтік жағдайда педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетіне деген талаптар мен оның қалыптасуы әдістерінің жете қарастырылмауы арасында.

Аталған қарама-қайшылықтар өзара байлынысты және олардын шешімін болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын жүйеге келтіру арқылы, сондай-ақ білім беру мекемелерінің сұранысы мен мемлекетіміздегі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қарастыруға болады.

Сонымен, жоғары оқу орнында болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау жүйесі мен оның компонеттерінің өзара әрекетін, құрылымдық принциптері мен жүзеге асыру жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындауда және тақырыпты: «Болашақ педагог және психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығы» - деп тандауымызға негіз болды.

^ Зерттеудің мақсаты: болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін жүйелеу және осы даярлықтың эмпирикалық мәліметтер негізінде қазіргі жай-күйін сипаттау.

^ Зерттеудің міндеттері:

1. Жоғары оқу орнында болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін жүйелеу.

2. Педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.

3. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының өзегін құрайтын базистік қасиеттерді негіздеу.

4. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын эксперименттік зерттеудің әдістемесін негіздеу.

5. Жоғары оқу орнында болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын сипаттау.

^ Зерттеу нысаны– жоғары оқу орнында болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлау жүйесі.

Зерттеу пәні – болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке даярлаудың психологиялық-педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.

^ Зерттеу әдістері. - Алға қойған міндеттерді шешу және бастапқы болжамды тексеру үшін мән-мағынасы жағынан зерттелініп отырған құбылысқа валидті болатын зерттеу әдістері мен әдістемелердің жиынтығы пайдаланылды:

  • болашақ педагог-психологтарға жоғары білім беру жүйесінің дамуын айқындауға мүмкіндік беретін отандық және шетелдік бағыттар мен қағидаларды жүйелеу үшін теориялық талдау, жинақтау, сараптау, салыстыру, жалпылау, нақтылау, жүйелеу әдістері;

  • болашақ педагог-психологтарда кәсіби іс-әрекеттің қалыптасуының концепциясын жасау үшін модельдеу әдісі;

  • болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының жай-күйі мен дамуын тексеру үшін бақылау, сауалнама, тесттер әдісі (Кеттел әдісі, «Өмір мағынасына бағдарлану» тесті, Рокичтің құндылықтарды зерттеу әдістемесі);

  • алынған эмпирикалық мәліметтерді сапалық және сандық сипаттау әдістері қолданылды.

Тәжірибелік-эксперименталды және теориялық әдістер әр түрлі педагогикалық эксперименттерді, олардың сараптамасын жүргізуге және нәтижелерін талқылауға мүмкіндік берді.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

1. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын зерттеудің теориялық және методологиялық бағыттары мен қағидалары жүйеленді. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын қарқынды және тиімді дамытудың негізі ретінде педагогикалық және психологиялық білім мазмұны мен педагогикалық практика қорытылып шығарылды.

2. Педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделі жасалды. Оның компоненттері ретінде тұлғалық, қызметтік, мазмұндық және амалдық негіздері анықталды.

3. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының өзегін құрайтын базистік қасиеттер негізделді. Болашақ педагог-психологтардың гуманистік парадигмаға негізделген деонтологиялық, технологиялық құзіреттіліктері мен кәсіби бағыттылығы олардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын көрсететін базистік қасиеттер және параметрлер ретінде зерттелді.

4. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын эксперименттік зерттеудің бағытына сәйкестендіріліп, оның әдістемесі негізделді.

5. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын теориялық және эксперименттік зерттеудің арқасында алынған ғылыми нәтижелер өңделіп, жалпыланып, болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының сипаттамасы берілді.

^ Зерттеудің практикалық мәні. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын қарқынды дамытуды қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстар мен технологиялық жоба жасаумен анықталады. Аталған әдістемелер мен технологиялар болашақ педагог-психологтарды ғана емес, басқа да маман дайындайтын жоғары оқу орындарында, педагогикалық колледждерде, білім жетілдіру институттарында да қолданыла алады.

^ Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми-методологиялық аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді теориялық-эксперименттік әдістерді пайдаланумен, алынған деректердің шынайылығымен, эксперимент барысында пайдаланған ұсыныстардың тиімділігі бойынша сарапталынуымен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, магистранттың зерттеу тәжірибесінің болуымен қамтамасыз етілді.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының жоғары оқу орнында қалыптасу деңгейін анықтау біздің эксперименттің ең маңызды тұсы болды. Ол үшін экспериментке қатысқан 40 студенттің психология және педагогика пәндерінің мазмұнын меңгеруі, педагогикалық практика барысында және психологиялық-педагогикалық технологияларды қолданулары бойынша 1) педагогикалық білім деңгейін таныту және 2) психологиялық білім деңгейін таныту мүмкіндіктері қандай екенін білу мақсатын қойдық. Сонда, психология және педагогика пәндерінің мазмұнын меңгеру көрсеткіші бойынша студенттердің өздерін бағалаулары арқылы 80% кәсіби іс-әрекет үшін қажетті педагогикалық білімді меңгергені, ал 70% психологиялық білімді меңгергені белгілі болды. Студенттердің 12,5% кәсіби іс-әрекет үшін қажетті өздері меңгерген педагогикалық білімді, ал 25% психологиялық білімді педагогикалық практика барысында қолдана алатындықтарын жазған. Студенттердің психологиялық-педагогикалық технологияларды қолдана алулары бойынша 7,5% өздері меңгерген педагогикалық білімнің, ал 20% психологиялық білімнің маңызын жазған. Эксперименттің бұл сатысындағы алынған нәтижелерді диаграммамен көрсеттік (1-сурет).



^ Студенттердің саны

 

 

 

 

 











































 

 


































 

Педа-гогика-лық білім деңгейін таныту

35

 

32

 

 

 

 

 

 

 

 










 

30

 

 

28

 

 

 

 

 

 

 




 

Психо-логиялық білім деңгейін таныту

25

 

 

 

 

24

 

 

 

 










 

20

 

 

 

 

 

 

20

 










 

15

 

 

12

 

 

 

 










 

10

 

 

 

 

8

 










 

5

 

 

 

 

 










 

0

 

 

 

 










 

 







Пән мазмұ-нын меңгеру




Педа-гогика-лық прак-тика бары-сында




Психо-логия-лық педа-гогика-лық техно-логия-ларды қол-дану бой-ынша













 

 

 

 

^ Кәсіби даярлықты таныту жағдаяттары

 

 

 

 

 


1-сурет – Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығының жоғары оқу орнында қалыптасу деңгейі


Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлығы деонтологиялық даярлық ретінде гуманистік қағидаға сай келуі экспериментте растауын былай тапты: сауалнамаға жауап берген студенттердің 32,5% бірінші кезекте оқушылар мектепте ерекше мейірімді сезінуі керек, ал тағы 27,5% мектеп ең алдымен адамгершілік қағидаларын танытудан үлгі болатын әлеуметтік институт деп санаған. Бұл студенттерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке деонтологиялық тұрғыдан даярлықты үздіксіз дамытуға әлеуетті жастар деп санаймыз.

Студенттердiң жүйелi жұмысының нәтижесiнде оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеу деңгейiнде өзгерiстiң болғаны анықталды. Бөлiмде келтiрiлген осы мазмұнды тапсырманы шығармашылықпен орындау, бiздiңше барлық студенттер ұмтылуы тиiс оңтайлы да орынды тәсiл болып табылады. Психологиялық-педагогикалық негіздегі тапсырмаларды орындаудың бұл тәсiлi студенттерден кәсiби даярлықты дамытуды мақсатты түрде талап етедi.

Зерттеудiң соңғы кезеңiнiң негiзгi көрсеткiшi студенттер iс-әрекетiнiң нәтижелерi және олардың кәсiби даярлығын көрсететін қасиеттер болып табылады (1-кесте):


1 кесте - Студенттердiң кәсіби даярлығының практика барысындағы даму көреткіштері (%)


Деңгейлер

Психологиялық-педагогикалық бiлiмдер

^ Кәсіби іс-әрекетте өзекті психологиялық-педагогикалық біліктер


Практи-каға дейiн

III курстағы практикадан кейiн

IV курстағы практикадан кейiн


Прак-тикаға дейiн

III курстағы практика дан кейiн

IV курстағы практика дан кейiн

Жоғары

20

35

40

0

42,5

55

Орта

32,5

32,5

35

40

35

20

Төмен

47,5

32,5

25

60

22,5




Бiлiмдер мен біліктер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау олардың деңгейiнiң педагогикалық практика барысында артуының жалпы үрдiсiн ғана емес, сонымен бiрге олардың арасындағы байланыс тығыздығының нығайғандығын көрсетедi.

Қазіргі таңда мамандардың кәсіби даярлығын қарқынды дамыту келесі жағдайлармен анықталады:

  • Қазіргі заманғы еңбек нарығы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, оқытудың жаңа технологиясы бойынша дайындықтан өтуді қажет ететін, өзін өзі кәсіби жетілдіруге бағытталған, бәсекелестікке қабілетті, мобильді, жоғары кәсіби маманды талап етеді.

  • Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда маманды оқытудың мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі, нақты жұмыс орнына немесе жекелеген тұлғаға маңызды болатын, кәсіпкерлік қызметтің нақты түйіндік мәселелері бойынша кәсіби дайындау ұйымдастырудың мәселесін қойып отыр.

  • Білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы жетістіктерінің ішіндегі біреуінің мәні ақпараттық хабарлаушы оқытуда кәсіби дайындаудың ең жақын аймағына бағыттайтын және маманның кәсіби қызметін дұрыс айқындауға мүмкіндік беретін жобалаушы оқытуға көшумен анықталады.

Сондықтан білім беру технологияларында психологиялық тренигтерді пайдаланудың тиімділігі оқытушының кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі.

Жоғары курс студенттерінің де, жас мамандардың да кәсіби даярлығын «Психологиялық, педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мамандардың кәсіби даярлығын дамытудың жүйесі» атты тақырыптағы арнайы әдістемелік семинарларды өткізу арқылы тексеруге болады деп санаймыз.

Ұсынылып отырған арнайы семинардың мақсаты – студенттерді, мамандарды кәсіби даярлықты дамыту жүйесінің мазмұнымен және оны пайдаланудың әдістемесімен, ерекшеліктерімен таныстыру. Бұл мақсатқа жету мынандай міндеттердің шешімін табумен байланысты:

- студенттердің, мамандардың кәсіби даярлықты дамытуға шынайы қатынасын қалыптастыру;

- студенттерді, мамандарды кәсіби даярлықты дамытудың мәнін ашып көрсету;

- студенттерді, мамандарды кәсіби даярлықты дамыту жүйесінің құрылымдық компоненттері мен олардың мазмұны туралы теориялық білімдермен қаруландыру, оларды іске асыру жолдарын көрсету.

Әдістемелік семинар мынадай тақырыптарды қарастыруы керек:

1. Педагогикалық жүйенің жалпы сипаттамасы.

2. Психология және педагогика пәндері бойынша білім меңгерудің маңызы.

3. Қазіргі психологиялық технологиялар.

4. Қазіргі педагогикалық технологиялар.

5. Психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Әдістемелік семинардың негізін төмендегідей басты идеялар құрайды:

- психологиялық, педагогикалық технологияларға шығармашылықпен қарау идеялары;

- тұлғаның кәсіби дамуына қатысты идеялар;

- жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру идеялары.

Арнайы семинарда әрбір тақырыптың мазмұны аудиториядағы тыңдаушылардың назарына ұсынылып, талқыға түседі. Мұның өзі ұсынылып отырған кәсіби дайындау жүйесінің мазмұнымен және оны жоғары оқу орнының педагогикалық үдерісінде пайдалану әдістемесімен әрбір болашақ маманды таныстыруға мүмкіндік беріп, оны келешекте өз тәжірибесінде қолдануға зор ықпалын тигізеді.

Осы шарттарды жүзе асыру мақсатында біз іс-шаралар жүйесін қорытындыладық. Оған кіретіндер:

1. Студенттерге психологиялық және педагогикалық білім бергенде нақты бір педагогикалық шеберлік бойынша педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық деңгейін анықтау бойынша психодиагностикалық және педагогикалық диагностика тапсырмаларын орындау және талдау жасау.

2. Психологиялық, педагогикалық білім меңгеру бойынша психологиялық түзеу жолдарын және нақты бір студенттердің кәсіби шеберлігін жетілдіретін жеке психологиялық кеңес беру жұмыстары.

3. Кәсіби даярлықтың мазмұны мен құрылымын меңгеру бойынша студенттік топта интербелсенді әдістер арқылы жұмыс жүргізу.

4. Студенттердің оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету.

5. Студенттердің педагогикалық практика кезінде шынайы кәсіби-педагогикалық қызметті тәжірибе кезінде жүзеге асыруы; олардың оқыту-тәрбиелік процестерді кәсіби даярлықпен жүзеге асыруына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

6. Болашақ психолог-педагогтармен аудиториядан тыс уақытта кәсіби бағыттылықты дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық тренингтер ұйымдастыру.

7. Әрбір студенттің деонтологиялық даярлығын дамытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

8. Психология және педагогика сабақтарында кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін артыратын шығармашылық тапсырмаларды орындау.

9. Болашақ психолог-педагогтарды кәсіби дайындауға байланысты мәселелерді белгілі бір шамада қарқынды шешуге мүмкіндік беретін ең тиімді бағыт – жоғары оқу орындарында психологиялық дамыту тренингтерін ұйымдастыру.

10. Болашақ психолог-педагогтарды, мамандарды кәсіби даярлықты дамыту жүйесінің мазмұнымен және оны пайдаланудың әдістемесімен, ерекшеліктерімен таныстыру мақастында әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізу.

Зерттеу жұмысы бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес жоғары білім беру жұмысының мақсат-міндеттерін, жаңашылдық сипатын айқындап, болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамытудың көкейкестілігін әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеумен, эмпирикалық материалдар жинақтап, осы орайда ғылыми нәтиже алумен сипатталады.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – бұл психолог-педагогтың жоғары оқу орнында психологиялық-педагогикалық білімді қалай меңгергенін байқататын, кәсіби бағыттылығын көрсететін, деонтологиялық қасиеттерін анықтайтын, психология және педагогика бойынша технологиялық құзіреттілігін танытатын, педагогикалық практика кезінен шынайы бастау алып, жетілетін шығармашылықтың ерекше түрі. Ол оқушыларға білім беру және олардың дамуына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау арқылы әлеуметтік мәдениет тәжірибесін беруге бағытталған.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлықты біртұтас жүйе ретінде меңгеру болашақ психолог-педагогтың 1) психологиялық-педагогикалық білімді меңгергенін, 2) кәсіби бағыттылығын, 3) деонтологиялық қасиеттерін, 4) психология және педагогика бойынша технологиялық құзіреттілігін, 5) педагогикалық практика кезіндегі маман ретіндегі белсенділігін қарастырады. Мұндай көпжақтылық болашақ психолог-педагогтың көбінесе өз бетімен жұмыс жасауда және тәуелсіз болуда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, өзін өзі дұрыс бағалауда көрініс табады. Сонымен қатар болашақ маманның өзінің барлық мүмкіндіктерін кәсіби-педагогикалық қызметке бағындыру, өз тәжірибесін жетілдіру, проблемалық педагогикалық жағдайларды шешу үшін жеке педагогикалық стилін құру мүмкіндіктерін ашады.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамыту моделін құрудың жетекші бағыттары гуманистік, жүйелілік, тұтастық, дамыту, сәйкестік, табиғилық қағидалары болып табылады.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамыту моделі мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны мен құрылымын меңгеруді қарастырады.

Эксперименттік тексеру барысында болжамдар болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамытудың барлық негізгі ерекшеліктерін анықтады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамытудағы ЖОО-дағы оқытушының да тұлғалық және маман ретіндегі ерекшеліктерін жоққа шығармайды. Осы бағыттағы одан әрі зерттеу бағыттарын былайша қабылдаған жөн: болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын дамыту барысын ашу; болашақ психолог-педагогтардың кәсіби-педагогикалық құзіреттілік компоненттерінің мазмұнын анықтау; кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлықты дамыту барысында ЖОО студенттерінің теориялық және практикалық әрекеттерінің өзара байланысын анықтау.

Зерттеу көрсеткендей студенттердің педагогикалық практикаға үйлесімді кәсіби даярлығы оны жетілдіру мәселесін нәтижелі шешу үшін қажет. Бұл логиканың негізгі мағынасы тәрбие, дамыту әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру, оның мәнін ұғыну; тәрбие, дамыту әрекетінің жекелеген формаларын, әдістерін меңгеру; оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие, дамыту жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру біліктері мен дағдыларын меңгеру; осы біліктер мен дағдыларды тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын, әдістерін және технологияларын ұйымдастыруға студенттерді тарту негізінде дамыту. Мұндай бірізділіктің тұтас жүйелерді дамыту теориясы түріндегі әдіснамалық негізі бар.

Зерттеу барысында педагогикалық практикада студенттердің білім деңгейі мен кәсіби қалыптасу дәрежесі талап деңгейінен төмен екендігін көрсетті.

Эксперимент студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіруге арналған кешенді тапсырмалар моделі мен бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Зерттеудің негізін тәрбиелік тақырып бойынша жасалынған кешенді тапсырмалар құрады. Педагогикалық практика барысында әртүрлі тәрбиелік шараларды құрастырумен қоса, оқушыларды бақылау және зерттеу, мәліметтерін жинау, оларды талқылау, талдау, мәселелерді шешудің ең тиімді жолдарын таңдап алу, нәтижелерді болжау, іс жүзіне асыру, студенттердің ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстарына көңіл бөлінді..

Педагогикалық практиканы студенттердің кәсіби даярлығын дамыту бойынша қолдану жолында теориялық қағидалар мен эксперименттік зерттеу жұмыстардың нәтижесі төмендегідей қорытындылауға ықпал етті:

- педагогикалық практикада орындау үшін психологиялық-педагогикалық тапсырманы құрастырудың және оларды студенттердің педагогикалық практикасында қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздері жасалды;

- қоғамның сұранысына сәйкес жоғары оқу орнындағы «педагогика және психология» мамандығының студенттерінің кәсіби даярлығымен қоса олардың педагогикалық практикасын жетілдіру қажеттігі анықталды;

- педагогикалық практиканың психологиялық-педагогикалық тапсырмаларын орындау негізінде студенттердің кәсіби даярлығының дамуына ең тиімді ықпал жағдайлары айқындалды;

- болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажетті біліктер мен білімді қалыптастыру үшін үш негізгі талаптарға жауап беретін арнайы іріктеліп алынған психологиялық, педагогикалық тапсырмаларды қолданған жөн: тәрбие, дамыту әрекетінің қазіргі жағдайға сәйкес келуі; студенттер меңгерген психологиялық және педагогикалық теориялық білім мен практикалық біліктер жүйесін өзекті етуге жағдай жасау; студенттерді тәрбие, дамыту іс-әрекетінің шығармашылық сипатын олардың психологиялық, педагогикалық тапсырмаларды орындауы мен шешуінің стандартты емес жолдарын өз бетінше іздеуге ынталандыру.

Сонымен, зерттеу нәтижелері психологиялық-педагогикалық теорияның педагогикалық практикамен байланысын, болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығын дамытуды көрсетеді. Студенттердің біліктері кәсіби даярлықтың құрылымындағы жүйелі түрде жасалынған іс-әрекет және оларды игерілген білімдер негізінде саналау есебінен дами түсті, білім де тереңдей түсті және олардың практикалық мәнділігі де өсті. Ертеректе қалыптасқан білімдер жаңа сапаға ие болды.

Сонымен қатар, педагогикалық практика болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығын дамытудың қолайлы шарты болып табылады. Сонымен қатар педагогикалық практика жоғары оқу орнындағы болашақ психолог-педагогтардың педагогикалық практикасын жетілдіру мәселесін де шеше алатыны анық. Сонда, осы зерттеу студенттердің кәсіби іс-әрекетке даярлығының дамуына, сондай-ақ педагогикалық практиканың тұжырымдамасы мен технологиясының жетілуіне мүмкіндік береді.

Зерттеу келесі дербес болжамды растады: егер, кәсіби іс-әрекетке даярлығы мен ұмтылысын құндылық ретінде, өзін жетілдірудің негізі ретінде анықтай алса, онда, педагогикалық практика тапсырмалары болашақ психолог-педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау үшін психологиялық-педагогикалық білімдерді пәнаралық негізде интеграциялауға арналған нақты мүмкіндіктер туғызады.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығын дамыту педагогикалық-психологиялық және пәндік компоненттерді қамтитын әрбір бағыттың анықталуы арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығын дамытуда психологиялық және педагогикалық пәндердің алатын орны ерекше болып табылады деп санаймыз.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығын дамыту шарттарын жүзе асыру мақсатында біз іс-шаралар жүйесін қорытындыладық. Оған кіретіндер:

1. Студенттерге психологиялық және педагогикалық білім бергенде нақты бір педагогикалық шеберлік бойынша педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық деңгейін анықтау бойынша психодиагностикалық және педагогикалық диагностика тапсырмаларын орындау және талдау жасау.

2. Психологиялық, педагогикалық білім меңгеру бойынша психологиялық түзеу жолдарын және нақты бір студенттердің кәсіби шеберлігін жетілдіретін жеке психологиялық кеңес беру жұмыстары.

3. Кәсіби даярлықтың мазмұны мен құрылымын меңгеру бойынша студенттік топта интербелсенді әдістер арқылы жұмыс жүргізу.

4. Студенттердің оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету.

5. Студенттердің педагогикалық практика кезінде шынайы кәсіби-педагогикалық қызметті тәжірибе кезінде жүзеге асыруы; олардың оқыту-тәрбиелік процестерді кәсіби даярлықпен жүзеге асыруына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

6. Болашақ психолог-педагогтармен аудиториядан тыс уақытта кәсіби бағыттылықты дамытуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық тренингтер ұйымдастыру.

7. Әрбір студенттің деонтологиялық даярлығын дамытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау.

8. Психология және педагогика сабақтарында кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін артыратын шығармашылық тапсырмаларды орындау.

9. Болашақ психолог-педагогтарды кәсіби дайындауға байланысты мәселелерді белгілі бір шамада қарқынды шешуге мүмкіндік беретін ең тиімді бағыт – жоғары оқу орындарында психологиялық дамыту тренингтерін ұйымдастыру.

10. Болашақ психолог-педагогтарды, мамандарды кәсіби даярлықты дамыту жүйесінің мазмұнымен және оны пайдаланудың әдістемесімен, ерекшеліктерімен таныстыру мақастында әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізу.

Сонымен, егер, жоғары оқу орнында кәсіби дайындау саласының негізгі бағыттары, қағидалары жүйеленіп, олар психологиялық-педагогикалық білім мазмұнында, педагогикалық практика өрісінде нақтыланып, жүзеге асырылса, гуманистік парадигма негізінде студенттердің деонтологиялық даярлығын, кәсіби бағдарлануын және технологиялық құзыреттілігін базистік қасиеттер ретінде дамыту мақсаттары қойылып, шешілсе, онда болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау үрдісінің тиімділігі арттады деген біздің зерттеудін жалпы болжамы расталды.

Сонымен қатар:

1) егер, психологиялық және педагогикалық пәндер бойынша білім мазмұны мектептегі педагогикалық іс-әрекет және маман тұлғасы мен кәсібилігін арттыру мәселелерін шешуге бағытталса, онда болашақ психолог-педагогтарды кәсіби даярлау мақсатқа сай болатыны;

2) егер, кәсіби іс-әрекетке даярлығы мен ұмтылысын құндылық ретінде, өзін жетілдірудің негізі ретінде анықтай алса, онда, педагогикалық практика тапсырмалары болашақ психолог-педагогтарды кәсіби іс-әрекетке даярлау үшін психологиялық-педагогикалық білімдерді пәнаралық негізде интеграциялауға арналған нақты мүмкіндіктер шығатыны;

3) егер, психолог-педагогтардың педагогикалық іс-әрекетті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін олардың психологиялық және педагогикалық әсер ету әдістерін қолдана алуы жайлы білімдерін, біліктерін және қабілеттерін анықтаса, онда олардың кәсіби даярлығын анықтайтын технологиялық құзіреттіліктің даму деңгейін сипаттайтыны;

4) егер, оқушыларға қамқорлық жасау, психологиялық демеу көрсету сияқты ниеттері жетекші тұлғалық сипат алса, онда, бұлар болашақ психолог-педагогтардың кәсіби даярлығының деонтологиялық факторлары мен шарттары болып табылатыны;

5) егер, болашақ психолог-педагогтардың кәсіби бағыттылығы мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттер бойынша психологиялық және педагогикалық білімге негізделсе, онда олардың кәсіби даярлығы деңгейлі сипатта болатыны туралы зерттеудің дербес болжамдарының дұрыс жасалғандығы анықталды.

Кеттелл әдістемесі арқылы эксперименттік зерттеуден болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығында маңызды орынға ие болатын тұлғалық қасиеттердің орнығып қалыптаспағандығы көрінеді.

Рокич әдістемесі арқылы эксперименттік зерттеуден болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығына ықпалын тигізетін құндылықтар иерархиясының дұрыс қалыптаспағандығы көрінеді.

Болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығына маңыз беріп, олардың кәсіби іс-әрекетке даярлықты дамыту субъективті бағыттылығы, ұмтылысы болатындығын жан-жақты анықтау үшін өмір мағынасына бағдарлануы зерттелді. Мұнда болашақ психолог-педагогтардың өмір мағынасына бағдарлануы төмен дәрежеде болатындығы белгілі болды. Сонда, болашақ психолог-педагогтар өз өмірлеріне мақсатты нақты қоймай, өмір ағысымен тіршілік кеше берді деген қорытынды жасауға болады. Олай болса, болашақ психолог-педагогтар жоғары оқу орнында өздерінің кәсіби даярлығын дамытуға түбегейлі ден қоймайды, және өз мамандықтарының келешегін айқын біле алмайды.

Олай болса, эксперименттік зерттеу нәтижелері болашақ психолог-педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығын тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды анықтап, қарқынды жүзеге асыру керектігін дәлелдеді.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Жаңа психологиялық, педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық даярлығын қалыптастыру, болашақ психолог-педагогтарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен кәсіби білім беру сияқты мәселелерді зерттеу келешектің ісі болып табылады.

Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:

  1. Эффективный компонент использования тренинга в казахской группе. «Honors high School», 2010. Том 15. Психология и социология. Материалы 6-ой международной научно-практической конференции.– г.София: «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2010. - С. 3-7.

  2. Педагогикалық қарым-қатынастың тұлғалық дамудағы педагогикалық- психологиялық негізі. «Уалиев оқулары -2010». Қазақстанның білім жүйесін болон процесі контексінде дамыту: Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары.- 1 бөлім. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. - 122-128 б.

3. Эффективный компонент использования тренинга в казахской группе. (статья). «KLUCZOWE ASPEKT NAUKOWEJ DZIALANOSCI – 2011».VoIume 11. Pedagogiczne nauki: Материалы 7-ой международной научно-практической конференции. - PrzemysI Nauka i studia, 2010. – С. 34-38.

4. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауының теориялық мәселелері. (мақала) Шығыстың аймақтық хабаршысы. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы. - Өскемен, 2011. - 120-123 Б.

5. Эффективный компонент использования профессионального психолого-педагогического тренинга. «Настоящие исследования и разивтия -2011». Том 10. Психология и социология: Материалы VII международной научно-практической конференции. - г.София: «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2011. - С. 89-92.

6. Теория психолого-педагогического тренинга. «Образование взрослых в контексте развития инновационных образовательных систем»: Научная практическая конференция. - УО «МГУ им. А.А.Кулешова», 2011. – С.75-80.

7. Қазақ студенттерінің құндылықтары мен қызығушылықтарын зерттеу. «Қайнар» университетінің Хабаршысы, №1/27.- Алматы, 2011. – 83–86 Б.

8. Болашақ педагог және психологтардың педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі. Хабаршы. «Психология» сериясы №3(28). – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. - 48-52 Б.


Отпечатано на принтере

г.Усть-Каменогорск

0,9 п.л.






Похожие:

Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген
Ымдар: Адамгершілік, адамгершілік әрекет (іскерлік), адамгершілік білімдер, адамгершілікке тәрбиелеу, әлеуметтік мәдениет, дәстүр,...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен құралады. Диссертацияның жалпы көлемі 63 бет машинада терілген, 21 сурет, 4 кесте бар
Негізгі терминдер: титан, алюминий, жоғарытемпературалы өздігінен таралатын синтез (ЖТӨТ синтез), композиттік материалдар, интерметаллидті...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады iconДиссертация көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі 80 бет, 5 сурет, 3 кесте бар
Негізгі терминдер: патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық, патриоттық тәрбие, патриоттық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы