Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген icon

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген



НазваниеДиссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген
Дата конвертации22.10.2012
Размер236.75 Kb.
ТипДиссертация
источник








Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген.

Негізгі ұғымдар: Адамгершілік, адамгершілік әрекет (іскерлік), адамгершілік білімдер, адамгершілікке тәрбиелеу, әлеуметтік мәдениет, дәстүр, мотив, салт, салт-дәстүр, сыныптан тыс жұмыстар, тәрбие, тәрбиелеу, халықтық педагогикасы, этнопсихология, этнопедагогика, рухани құндылықтар, әлеуметтік-тарихи мұра.

^ Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жас ұрпаққа жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Сондықтан қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани, әлеуметтік мәдениетті жетілдіру көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Жас ұрпақты халықтық педагогика идеялары негізінде әлеуметтік мәдениетті дамыту мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде әлеуметтік мәдениетті дамыту. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу қажет. Осыған байланысты бастауыш мектепте-ақ оқушыларға білім беру барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде әлеуметтік мәдениетті дамыту оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Сондықтан қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қазақ мектептерінің білім мен тәрбие мазмұнын ұлттық сипатта жетілдіру қажеттілігі арта түсуде.

Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келетін игілікті іс екендігі белгілі. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін емес», - дейді.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру», - деп көрсетілгенмен, қазақ халқы дәстүрлерінің тәрбиелік тағылымына да ерекше назар аударылғанын байқауға болады. Қай халықтың болмасын алыс заманнан бері қалыптасқан өмір салты, материалдық рухани мұралар жасау жолдары, дәстүр тағылымдары, кісілік қалыптары – сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы, көрінісі болып, бүгінгі және болашақтағы әлеуметтік әрі мәдени болмысының биік те берік тұғыры десек болады.

Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өз талғам-танымына лайық дәстүрі, салты болады. Дегенмен қанша уақыт өтсе де ата дәстүр сақталып, мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өйткені сол арқылы ғана адамзат өз тарихын біле алады. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден-балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-тәжірибелік дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттың алға жылжу өрісі де болмас.

Біздің қоғамның жаңаруы үшін, адамдардың мінез-құлқы жаңаруы керек. Өйткені қазіргі кезеңде адамгершілік, азаматтық, тектілік сияқты қасиеттер сынға түсуде. Қоғамымызға адал, инабатты, парасатты адамдар қажет. Әрбір азамат адамгершілігі жоғары болып, уақыт пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мұндай қасиеттерді адам өз бойында еңбек, саяси, құқықтық, эстетикалық, ұлттық сана-сезім тәрбиесі арқылы ғана дамыта алады. Адам баласының ежелден келе жатқан дәстүрінің бірі ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың әр түрлі ой-пікірлері, іс-тәжірибелері ғасырлар бойы келе жатқан ортақ мүддесінен жинақталған. Осы орайда халық педагогикасының озық үлгілері жас ұрпақ тәрбиесін жетілдіру, ана тілдің өрісін кеңейту, білім беру саласынан өткен олқылықтардың орнын толтыру, ұлттық тәрбие беруді нығайту құралының бірі болып табылады.

Ұлттық тәрбие беру мәселесі қоғамды жандандыру, адамзаттық рухани мәдениет үлгілерін үйрену, оны ұлттық қалыпқа келтіру мәселелерімен тығыз байланыстыру болып келеді.

Бүгінгі таңда қазақтың халықтық салт-дәстүрлерін жинақтап, бір жүйеге келтіріп, сол арқылы жастарды тәрбиелеудің қажеттілігі өсуде.

Ұлттың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, салт-санасына байланысты тұрмыс-салт жырларын шығарып, жер байлығын өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет-ғұрып дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеп келеді.

Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, өрлеу жолына түскен еліміздің ұлттық сана-сезімі, ой-өрісі кеңейген қазіргі кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен даналарымызды, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, болашаққа мирас ету – бізге парыз.

Қазіргі таңдағы еліміздің түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты респуликамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы – бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлтық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлтық әдет-ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білуі бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында (2003 ж.) «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс» - деп, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған аса бай мәдени мұрасының мүмкіндігінің жоғары екендігіне ерекше мән береді.

Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, білімді ана тілінде меңгеру, ұлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану туралы көптеген ғалымдар айтып өткен, оның мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған. Дегенмен, қазақ этнопедагогиксында жас ұрпақты тәрбиелеуде халықтық педагогиканың оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың маңызы ғылыми тұрғыда жеткіліксіз қарастырылған.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында экономикалық, саяси-идеологиялық, әлеуметтік-мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы педагогика ғылымының алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойды. Бұл талап-міндеттер қазақтың халықтық педагогикасы өзекті мәселелермен тікелей байланысты.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, сыннан өтіп келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, жас ұрпаққа үлгі-өнеге, ұлттық тәрбие алуына ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу. Сондықтан жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек. Себебі, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осыған орай біз зерттеу жұмысымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудағы маңызын қарастыруды жөн көрдік. Ендігі жерде алдымызға қоятын мақсатымыз – жас ұрпақты тәрбиелеу үшін арнайы оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастырудың шарттары болу керек.

Тәрбие беру ісі, тұлғаны дамыту мен жетілдіру қоғамдық сана мен қоғамдық құрылысқа байланысты. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен өндірістік қатынастар жаңғырып, жаңарып, өзгеріп жас ұрпақ тәрбиесіне өз ықпалын тигізеді. Қазақ халқының көне дәуірден бері сары майдай сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлері болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, оның адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлқын дамытуда үлкен мәнге ие.

Әлеуметтік мәдениетті білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген ерекше тұлғалық ұстаным, қасиет, құрылым ретінде қарастыруға болады.

Әлеуметтік мәдениет жалпы мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген әлеуметтік мәдениет кіші мектеп жасындағы оқушылардың саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Ортағасырларлық ғұламалардың мұраларындағы бұл мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.

Әлеуметтік мәдениет жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Ұлттық тәрбиенің арқауы болып табылатын халық тағылымының мән-маңызы мен құндылығын белгілі ғалымдар Г.С. Виноградов, В.Ф. Афанасьев, А.Ф. Хинтибидзе, А.Ш. Гашимов, Г.Н. Волков, И.Я. Ханбиков, А.Э. Измаилов және т.б. зерделеген.

Бүгінгі таңда бұл проблемаға ғалымдар әр қырынан мән беріп, түрлі зерттеулер жүргізеді. Мәселен, әлеуметтік мәдениеттің өзегі болатын қарым-қатынастың философиялық негізін В.С. Библер, Л.Н. Коган, М.Х. Балтабаев, Д. Кішібеков т.б. қарастырған. Қарым-қатынастың психологиялық мүмкіндіктерін Қ.Б. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, С. Бабаев, А.А. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн зерттеген т.б.

Әлеуметтік ортадағы этномәдени аспектілерді С.А.Ұзақбаева, К.Ж. Қожахметова, Ж. Наурызбай, т.б.; ұлттық тәрбие беру мәселелерін Қ. Бөлеев, Б.А. Тойлыбаев, К.А. Оразбекова, С.К. Қалиев, Ә.Қ. Қисымова, т.б.; білім мазмұнын, әдістемелік міндеттерді шешуде Л.К. Керімов, С.Ж. Пірәлиев, М.Н. Сарыбеков, А.Г. Қазмағамбетов, Б.К. Момынбаев, О. Сәлімбаев, О. Сыздықов, Е. Омар т.б. еңбектерін атап өтуге болады.

Соңғы кездері елімізде халық тағылымдары арқылы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін дамытуда этнопедагогика мен этнопсихология материалдарын пайдаланудың мәселелері С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, К. Қожахметова, М. Балтабаев, Қ. Бөлеев, О. Сәлімбаев, Б.Т Ойлыбаев, А. Мұхамбаева, Р. Дүйсенбінова, Ә. Табылдиев, Ә. Сәдуақасов, Ф. Бөрібекова, Б. Қойбағарова, Р. Төлеубекова, Б. Мұқанова, А. Мағауова, Р. Әбілова, Ұ. Әбдіғаппарова, Г. Бахтиярова, Б. Өтешова, А. Дайрабаева және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Осы ғалымдардың зерттеулерінен тәрбие, даму мен оқыту жұмысы халықпен бірге өсіп, бірге дамығандығын және оның озық дәстүрлері келер ұрпаққа мирас болып келе жатқаны негізделген.

Қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі мәдениет дамыту мәселесінің мән-маңызына, жалпы адамзат қоғамындағы рөліне айрықша ден қоюда. Әсіресе, ұлттық педагогика идеялары негізінде жас ұрпақтың әлеуметтік мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.

Ұлттың руханиятын тәрбиенің, дамытудың басты құралы ретінде пайдалану қажеттігі заманында, қазақ халқының өткенінен жан-жақты хабардар, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасқан, парасатты, патриот азамат тәрбиелеудің жағдайы да бар.

Осы орайда республикада халықтық дәстүрді жинақтап, зерттеп, саралап игерту, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру үздіксіз жүзеге асырылатын маңызды іс болып табылады.

Алайда ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға білім мен тәрбие беру, олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту және оқу-тәрбие үрдісін бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің, мазмұнының, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды.

^ Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде халық педагогикасы мен психологиясындағы ғылыми маңызы зор мағлұматтар мен халық тәрбиесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың ұлттық сана-сезімін, мінез-құлық мәдениетін дамыту.

^ Зерттеудің міндеттері:

- қазақ халық дәстүрлерінің педагогикалық-психологиялық мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- ұлттық салт-дәстүрлер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтау;

- ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың моделін жасау және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

^ Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының даму үдерісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамыту үшін қазақ халқының ұлттық құндылықтарын пайдалану жолдары.

^ Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазақ халқының ұлттық құндылықтары бастауыш мектеп оқушыларына білім беру мен оларды дамыту талаптарына сәйкес дайындалып, сыныптан тыс тәрбие тәжірибесіне ендірілсе, онда бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың педагогикалық, психологиялық мүмкіндіктері артады.

^ Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, әлеуметтану, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелерін зерттеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау.

^ Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ халқының ұлттық құндылықтары бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытатын психологиялық-педагогикалық құрал болып табылады.

^ Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері жөніндегі философиялық, этнопедогогикалық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдар, идеялар, тұтас педагогикалық үдеріс, тәрбие мен даму теориялары, қазақ халық педагогикасы мен психологиясының негізгі қағидалары, психологиядағы өзіндік сана-сезімдер мен тұлғалық қасиеттердің дамып, жетілуі туралы қағидалар құрайды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытуды зерттегенде жүйелілік теориясы туралы ілім негізге алынады.

^ Зерттеу көздері болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беру тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім тұжырымдамасы; ҚР Білім және ғылым Министрлігінің оқу-тәрбие ісіне қатысты құжаттары; оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамытуға қатысты философтардың, психологтердің, педагогтердің еңбектері; бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін ұлттық құндылықтар негізінде дамытудың озық тәжірибелері.

^ Зерттеудің негізі кезеңдері: зерттеу екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде (2010-2011 ж.ж.) зерттеу проблемасы бойынша әдіснамалық және ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен материалдар жиналып, талдау жасалынды. Оқу-тәрбие үдерісін қазақ халқының құндылықтары негізінде ұйымдастыру жайлы ғылыми материалдар сұрыпталды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталынды. Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды меңгеру деңгейі, оны күнделікті іс-әрекеттерде ұтымды пайдалану жолдары қарастырылды.

Екінші кезеңде (2011-2012 ж.ж.) эксперимент жоспары құрылды; мектепте эксперимент жұмысы жүргізілді; жинақталған материалдар жүйелене отырып жазылды; жүргізілген эксперименттің нәтижесі (алғашқы және соңғы) сандық және сапалық жағынан өңделіп, эксперименттің және жалпы ғылыми-зерттеудің қорытындысы шығарылды; рәсімделіп, магистрлік диссертация жазылды, қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың маңызына сәйкес жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытылды, диссертация әдебиеттері жүйеге келтіріліп, талап бойынша рәсімделді.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қолдану туралы талданған, жазылған түрлі әдебиеттер мазмұны ашылды;

- қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлері бастауыш мектеп оқушыларын дамыту үдерісіне ендірілді;

- ұлттық құндылықтар арқылы бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары анықталды;

- бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтеік ортада мәдениетті, тәртіпті, саналы мінез-құлық танытудың және оны дамытудың бағдарламасы жасалды.

^ Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелерді, жинақтаған материалдарды жалпы бастауыш мектептерінің мұғалімдері қолдана алады. Сонымен бірге бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру, қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.

^ Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:

Алға қойылған міндеттерді шешуге сай келетін кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, ғылыми аппатарттық баяндау логикасы мен әдебиеттерге шынайы талдау жасаумен қамтамасыз етіледі.

^ Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асырылды және автордың басылым көрген ғылыми-мақалаларында көрініс тапты.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық көздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі сипатталады.

«Ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың теориялық негіздері» - деп аталатын бірінші бөлімде зерттеудің ғылыми-теориялық негізі тұрғысында «мәдениет», «мінез-құлық», «мораль», «әлеуметтік мәдениет», ұғымдарының өзара байланысы мен олардың мазмұны және тәрбиелеуші, дамытушы мүмкіндіктері анықталады. Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалады.

Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру, дамыту мәселесі педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан теориялық-практикалық жағынан негізделініп, мақсаттары мен міндеттері, ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне тән дамытушы, тәрбиелеуші және мазмұндық сипаттама беріледі.

Зерттеу жұмысымызда ғылыми еңбектерді зерттей келе сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының жоспарында сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық үлгісін және оған қойылатын әдістемелік, педагогикалық, психологиялық тұрғыдағы талаптарды көрсетіп жасадық.

Сыныптан тыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы оқушының жас мөлшеріне, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай белгіленуге тиіс.

Әдебиеттерге жасалған талдау бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамыту моделін жасауға мүмкіндік берді (1 кесте).


Кесте 1 - Бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық құндылықтар негізінде әлеуметтік мәдениетін дамытудың педагогикалық-психологиялық үлгісі

Компоненттер

Өлшемдері

Әлеуметтік мәдениет саласынан білімі мен түсініктері

Әлеуметтік мәдениетті дамытуға

қатынасы

Әлеуметтік мәдениет талаптарын күнделікті іс- әрекетінде ұстануы


Көрсеткіштері

Мотивациялық

-мектеп оқушысының әлеуметтік мәдениет дамытуда сыныптан тыс жұмыстарға қызығушылығы;

-өз-өзін саналы әрекет жасауға ұмытылысы;

-сыныптан тыс жұмыстардағы тәрбие ерекшеліктеріне қызығушылығы;

-қарым-қатынас жасаудағы сөз мәдениетін сақтауға әрекеттенуі.

-мәдениетті оқушы болуға ұмтылуы;

-мәдениетті іс-әрекеттегі өзіндік ерекшеліктерін меңгеруі;

-ұлттық мінез ерекшеліктеріне ұмтылуы.


- әдептілік сақтауға ұмтылысы;

-сөз мәдениетін қалыптастыруға ұмтылысы;

-тәртіп сақтауға, гигиеналық тазалыққа ұмтылысы;

-ұлттық мәдениетті білуі

Танымдық

-жеке тұлғаның әлеуметтік мәдениетті білуі;

-ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін білу;

-әлеуметтік мәдениеттің нормаларын, ережелерін, талаптарын білуі;

-отбасында әлеуметтік мәдениетті дамыту ерекшеліктерін білуі.

- әлеуметтік мәдениеттің ережесін білу;

-тазалықты, гигиенаны сақтау;

- қарым-қатынас этикетін білу;

-қоғамдық орындардағы талаптарды білу;

-көшедегі тәртіпті біліп, ұстану;

-қонақтағы әдептілікнормасын білу.

-қарым-қатынас мәдениеті туралы білім деңгейін көтеру

-достық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

-сөз мәдениетін меңгеру;

-қарым-қатынас этикетін білу

Процессуалдық

- әлеуметтік мәдениеттің ереже жаттығуларының заңдылықтарын іске асыру;

-халық педагогикасын, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдану;

- рухани құнды қасиеттерін көрсете білуі;

-қоршаған ортада әлеуметтік мәдениетті көрсете білу, мінез-құлық ережелерін сақтау, әлеуметтік мәдениет принциптерін үйлесімді пайдалану.

-мәдениетті оқушы болуға ұмтылуы;

-мәдениетті іс-әрекеттегі өзіндік ерекшеліктерін меңгеруі;

-ұлттық мінез ерекшеліктеріне ұмтылуы.


-салауатты өмір салтын қалыптастыруды жүзеге асыруы;

- мектеп оқушысының әдепті оқушы және мәдениетті іс-әрекетке ұмтылуы;

- ұлттық сөз қорын, мәдениетін, салт-дәстүрін пайдалану және қолдану.

Бұл модельдің негізінде бастауыш мектеп оқушыларының халықтық педагогика идеялары негізінде әлеуметтік мәдениетін дамытудың жоғары, орта, төмен деңгейлері анықталды.

Осындай бірізділікпен айқындалатын бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетінің даму деңгейлері оқу-тәрбие процесінде олардың адамгершілік сезімі, ұлттық санасы, еркі, рухани мәдениеттілігі мен мінез-құлқына, өмірлік бағдарының дұрыс қалыптасуына жүйелі, ықпалды әрекет жасауға мүмкіндік туғызады. Осы орайда, әлеуметтік мәдениет өз алдына және сырттай да құрылмайды, ол зерттеу жұмысының мақсатына орай өздігінен дамытылатын күрделі процестің нәтижесі деп тұжырым жасадық.

«Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамыту үшін ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдары» атты екінші бөлімде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-теориялық және әдіснамалық мазмұны сипатталып, оны жүзеге асыру жолдары қарастырылып, тәжірибе мен эксперимент жұмыстарының нәтижесі беріледі.

^ Алынған қорытынды бойынша:

Сонымен, біз өз зерттеуімізде ТМД мен Қазақстан ғалымдарының философия, педагогика, психология саласындағы ұлттық салт-дәстүр мәселесіне байланысты ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, ұлттық салт-дәстүр туралы білімі дамыған тұлға бейнесін «салт», «дәстүр», «ұлттық салт-дәстүр» ұғымдарымен байланыстыра қарастырдық. Халық тағылымдарының танымдық мәнін ашу халықтың ежелгі дүниетанымын, яғни тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, өнерге деген көзқарасын танып білуге көмегін тигізеді.

Біз қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дала ойшылдары мен ағартушы-педагогтердің ой-пікірлерін, оның ішіндегі халық тағылымдарының танымдық, тағылымдық қасиеттерін зерделей келе, мынадай тұжырымдар жасадық:

Бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық салт-дәстүр туралы білімін және осы негізде әлеуметтік мәдениетін дамыту мақсатында жүргізілген тәжірибелік-зерттеу жұмысымыздың барысы мен нәтижесінде философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми жұмыстарға, әдебиеттерге талдау жасалып, оның бүгінгі таңдағы білім беру мен тәрбиелеуде аса қажетті екендігі дәлелденіп көрсетілді. Оқушылардың халық тағылымдары, ұлттық салт-дәстүр туралы білімдерін дамытуда бастауыш мектеп оқушыларында әлеуметтік мәдениетті дамыту қажеттігі мен мүмкіндіктерін талдадық.

Сонымен, қазақ халық педагогикасын құрайтын озық салт-дәстүрлер, ұлылардың ой-пікірлері ұлттық құндылықтар ретінде анықталады. Осы ұлттық құндылықтар жас ұрпақтың әлеуметтік ортадағы үлгілі мінез-құлқын дамытуға негіз бола алады.

Зерттеу деректеріне жүгінсек, әлеуметтік мәдениеттің негізі – бұл жеке басқа қойылатын талаптар, мектеп оқушыларының тәртіп ережелері, қоғамдық ұйымдар, әдеп, өнер, еңбек ұжымы және өзін-өзі басқару болып табылады.

Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық тәжірибелік-зерттеу жұмысымызда мектептерде халық тағылымдары негізінде бастауыш мектеп оқушыларының салт-дәстүр білімдерін дамытудың жай-күйі зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларжүргізілді:

а) оқу-тәрбие бағдарламалары мен әдістемелік құралдарда оқушылардың халық тағылымдары негізінде білімдерін қалыптастырудың жағдайы сөз болды;

ә) мұғалімдердің бастауыш мектеп оқушылар дүниетанымын қалыптастыру мүмкіндіктерінің бүгінгі жай-күйіне талдау жасалды;

б) оқушылардың эксперимент кезіндегі халық тағылымдарын меңгеруі мен дағдыларын игеру көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейі анықталды;

в) мектеп тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын салт-дәстүр туралы білімін қалыптастырудың олқылықтары мен себептері атап көрсетілді.

Біз бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамыту жолдарын теориялық жағынан талдап, былайша қорытынды жасадық:

- баланың әлеуметтік мәдениетін дамыту бастауыш мектептен басталуы қажет;

- баланың әлеуметтік мәдениетін дамытуда сыныптан тыс ұйымдастырылған жұмыстардың тиімділігі жоғары болады;

- баланың әлеуметтік мәдениетін дамытуда ұйымдастырылған жұмыстардың осы мақсатты қамтып, жұмыстың тәрбиелік мазмұны да осы бағытта болуы тиіс;

- әлеуметтік мәдениетін дамытуда ұлттық салт-дәстүрлерді және инновациялық технологияларды пайдалану қажет;

- баланың әлеуметтік мәдениетін дамыту тек мұғалімге байланысты емес, сонымен бірге ата-анасы мен отбасы мүшелеріне де байланысты болады;

- әлеуметтік мәдениетін дамытуда баланың өзі белсендіь болып, өзі талпыныс жасаса ғана белгілі жетістікке жете алады.

Бастауыш мектеп оқушыларының әлеуметтік мәдениетін дамытуда жеке бас гигиенасынан бастап сыныптан тыс уақыттағы баланың мінез-құлқын әлеуметтік талап-тілектерге сай етіп мектепте тәрбие беру психологиялық-педагогикалық жағынан маңызы зор іс болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамыту бойынша сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарын оқушының әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және білім берудің мақсатымен өзара байланысты болып келетін мақсат-бағдарлы тәрбие жұмысының дербес түрі ретінде анықтаймыз.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу сабақта, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын-сайыстар өткізу т.б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысымызда байқағанымыздай, бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен оқулықтарында халық тағылымдары негізінде ұлттық салт-дәстүр туралы білімді мәселесіне онша көп көңіл бөлінбеген. Соңғы жылдарда ғана зерттеу жұмыстарының мазмұнына арқау болып жүргендігі байқалады. Қазақ елі болашағын ұрпағына аманат етіп, сенім артып отырған заманда халқымыздың тағылымға толы қазынасын меңгеру, сол негізде ұрпақтың ұлттық салт-дәстүр туралы білімін қалыптастыру мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Бұл мәселенің баяу шешімін табуына әр түрлі себеп-салдардың барлығы анықталып, оларға талдау жасалынды. Олар: біріншіден, әлеуметтік; екіншіден, психологиялық; үшіншіден, педагогикалық себеп-салдар.

Сонымен, зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

  • қазақ халқының ұлттық мұраларының жеке тұлға қалыптастырудағы тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, себебі олар ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етіп, адамгершілік, ізгілікке негізделген әлеуметтік мәдениеттің дамуына негіз болады;

  • ұлттық құндылықтарды зерттеу, жүйелеу, ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасып дамуына әсер еткен факторларды саралау, қазіргі кезеңде бастауыш мектепте оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамытуға мазмұндық тұрғыда сипаттама беруге ықпал етті;

  • психологиялық-педагогикалық еңбектерге жасаған талдаулар бастауыш мектепте оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамытудың педагогикалық, психологиялық шарттарын анықтауға мүмкіндік туғызды;

  • ұлттық құндылықтар арқылы бастауыш мектепте оқушылардың қоғам сұранысына сай жеке тұлғасын қалыптастыру, олардың әлеуметтік мәдениетін дамыту сатылы, жүйелі түрде жүзеге асырылып, мектептегі педагогикалық процестің негізгі бөліктері – оқу пәндері, тәрбиелік іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға болады деген тұжырым жасалып, тексерілді;

  • жұмыстың зерттеу проблемасына орай бастауыш мектепте оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамытуды сыныптан тыс тәрбие шаралары арқылы ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары нақтыланып, тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп, тиімділігі айқындалды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

  • мұғалімдер мен оқушыларға арналған халықтық педагогика идеяларына негізделген тәрбиелік, өзара қарым-қатынас тәлімін дамытуға байланысты және ұлттық қарым-қатынас психологиясы ерекшеліктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда сипаттайтын оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар жазу;

  • жоғары оқу орындарында, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіретін институттарда, мектептерде ұлттық құндылықтарға негізделген әлеуметтік мәдениетті дамыту проблемасы бойынша әдістемелік семинарлар мен педагогикалық кеңестер т.б. өткізу;

  • бастауыш мектепте оқушылардың әлеуметтік мәдениетін дамыту үшін оқу пәндерін, тәрбиелік шаралар мен психологиялық қолдау жұмыстарын ұтымды ұштастыру.

Сонымен, зерттеу жалпы ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық рухани мәдениетті, әлеуметтік мәдениетті дамыту қажеттігін көрсетті. Бұл күрделі де, маңызды мәселенің шешімін табу, осы салада ғылыми педагогикалық, психологиялық зерттеу жұмыстарының деңгейін жоғарылату және берілген ұсыныстар мен әдістемелер нақты жағдаймен сәйкес келуі, бұл мәселені дамыта отырып, оны әлемдік білім кеңістігі деңгейіне көтеру; халықтық педагогика идеялары негізінде оқулықтар (балабақшадан жоғары оқу орнына дейін) мен бағдарламалар, әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік аудио-видео құралдар, электрондық оқулықтар жасау; ұлттық ауыз әдебиеті шығармаларын, халықтық салт-дәстүрлерді, ұлттық мәдениет пен тарихты кеңінен оқыту, халықтық педагогика идеяларын жүзеге асырушылар – мұғалімдерді қайта даярлау жүйесінен өткізу және жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындықтан өткізу қажет деп есептейміз.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамту мүмкін емес. Келешекте қазақ халық педагогикасы дәстүрлерін оқушылардың ұлттық-рухани санасы мен ұлттық білім беруді дамыту ісінде және т.б. проблемаларды арнайы зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.


Диссертацияның негізгі мазмұнының басылымдарда жариялануы:

  1. Кіші мектеп оқушыларының эмоционалды жан-дүниесінің коррекциясы. Жантану. Ғылыми-практикалық журнал. – Алматы, 2011. - №7, 15-17б.

  2. Педагог толеранттылығының психологиялық тұғырлары. Шығыстың аймақтық хабаршысы. Ғылыми журнал. ШҚМУ – Өскемен, 2011. - №2, 107-112 б.

  3. Педагог табыстылығының психологиялық қырлары. Шығыстың аймақтық хабаршысы. Ғылыми журнал. ШҚМУ – Өскемен, 2012. - №5, 135-140 б.


Абылгазина Райхан Даулеткановна

Развитие социальной культуры учащихся начальной школы на основе этнических ценностей

^ 6М012300 - Социальная педагогика и самопознание

РЕЗЮМЕ

Актуальность исследования. Модернизация, обновление и изменение в обществе и производственных отношениях имеет огромное влияние на воспитание подрастающего поколения. Ценности народа, традиции, передающиеся от поколения к поколению, имеют огромную роль в воспитании, развитии нравственных качеств и поведении будущего поколения.

Социальную культуру личности можно рассматривать как знания, умения, навыки и внешние ценности человека, основанные на особые личностные установки, качества, структуру. Социальная культура, являясь неотъемлемой частью общей культуры, выступает как путь развития мироввозрения и самосознания. Социальная культура, основанная на этнических ценностях, дает возможность формированию у учащихся начальной школы сознательного подхода к решаемой проблеме, гуманного построения общения, развитию нравственно-духовных ценностей, систематизации своих действий. На сегодняшний день в республике сбор, исследование, анализ национальных традиции для внедрения их в воспитание молодежи, является особо актуальной проблемой в науке.

^ Цель исследования: Развитие этнического самосознания, культуры поведения учащихся начальной школы, используя научно обоснованные этнопедагогикой и этнопсихологией факты и методы, направленные на национальное воспитание.

^ Задачи исследования:

- раскрыть психолого-педагогического содержание қазахских национальных традиций;

- определить психолого-педагогические условия развития социальной культуры учащихся начальной школы;

- разработать модель развития социальной культуры на основе этнических ценностей и экспериментально проверить его значимость.

^ Обьект исследования: Процесс развития учащихся начальной школы.

Предмет исследования: Пути использования этнических ценностей казахского народа в развитии социальной культуры учащихся начальной школы.

^ Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

- раскрыто содержание использования этнических ценностей в учебно-воспитательном процессе;

- внедрены передовые традиции казахской национальной педагогики в процесс развития учащихся начальной школы;

- определены психолого-педагогические условия развития социальной культуры учащихся начальной школы на основе этнических ценностей;

- разработана программа развития социальной культуры и проявления сознательного поведения учащихся начальной школы.

^ Abilgazina Raihan Dauletkanovna

The development of social culture of elementary school students, based on ethical values

6М012300– Social pedagogy and self-knowledge

SUMMARY

The relevance of the study. Modernization, renovation and change in society and the relations of production has a huge impact on the education of the younger generation. Values ​​of the people, traditions, passed down from generation to generation, have an important role in the education, development of moral qualities and behavior of future generations.

Social culture of personality can be regarded as knowledge, skills, and the external value of human personality based on the specific installation, quality, structure. Social culture, as an integral part of general culture, serves as a way of mirovvozreniya and identity. The social culture based on ethnic values​​, allows the formation of a primary school class-conscious approach to the problem at hand, building a humane communication, the development of moral and spiritual values ​​and organize their actions.

At the moment, when there is a huge need for the use of national values ​​in the education and development as a key tool in raising obvious possibilities to diversify informed about the history of the Kazakh people, about mirovvozrenii formed moral conduct, patriotic identity. Today in the republic's Cathedral, research, analysis of national tradition to introduce them to the education of youth, is a particularly important problem in science.

^ Research goal: The development of ethnic identity, culture, behavior of primary school students, using evidence-based pedagogy, and ethno-psychology, facts and methods to national education.

Research objectives:

- Rasskryt psychological and pedagogical content қazahskih national traditions;

- Definition of psychological and pedagogical conditions of social culture of primary school students;

- To develop a model of social culture on the basis of ethical values ​​and experimentally verify its validity.

Object of research: The development of elementary school students.

Subject of research: Ways of ethnic values ​​of the Kazakh people in the development of social culture of elementary school students.

Scientific novelty and theoretical significance of the study:

- disclosure of the use of ethical values ​​in the educational process;

- implemented best traditions of the Kazakh national pedagogy in the development of primary school students;

- identified psychological and pedagogical conditions for the development of social culture of elementary school students, based on ethical values​​;

- a program of social and cultural manifestations of the conscious behavior of elementary school students.


Отпечатано

на принтере

г. Усть-Каменогорск

0,7 п.л.




Похожие:

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен, әдебиет тізімінен, қосымшадан тұрады
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертацияның көлемі 95 бет, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 17 кесте, 5 сурет, 83 әдебиеттер тізімінен тұрады
Кәсіби іс-әрекет, педгогикалық қарым-қатынас, тұлға, даярлау жүйесі, кәсіби бағыттылық, базистік қасиеттер, зияткерлік, гуманистік...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 10 кесте, 6 сурет, 88 әдебиеттер тізімі, 3 қосымша берілген iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы