Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 icon

Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9



НазваниеДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
страница1/2
Дата конвертации22.10.2012
Размер406.32 Kb.
ТипДиссертация
источник
  1   2







Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны – 20, кесте саны – 9.

Тірек сөздер тізімі. Биоалуантүрлілік, қоршаған орта, флора, эндемик, реликт, мезофит, ксерофит, гидрофит, таксон, биоморфологиялық талдау, экологиялық-ценотикалық талдау, тіршілік формасы, бейімделу, фитоценоз.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Алтай өңірі табиғатының сұлулығы мен әр алуандылығы жағынан Қазақстанның басқа табиғи өңірлерінен асып түседі. Қазақстан Алтайының орналасуының ерекшелігі оның өсімдіктер жамылғысының алуандылығын түсіндіреді. Мұнда өзара кірігіп, байланысып кететін таулы-далалы, орманды, және биік таулы ландшафттарды байқауға болады. Қазақстан флорасында 6000-ға жуық өсімдік түрлері бар, флорасының түрлік байлығымен Қазақстан Алтайы ерекшеленеді. Дегенмен Қазақстан Алтайы флорасында сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер саны күннен күнге артуда. Биоалуантүрлілікті сақтап қалу жеке аумақтар мен елдердің ғана емес, сонымен қатар бүкіл планетаның маңызды көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Марқакөл қазаншұңқырының өсiмдiктер дүниесіне ғылыми зерттеулер кеңiнен жүргiзiлгенімен, Rosaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамы, экологиясы және болашақта қолданылуы, сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлер толығымен анықталмаған. Алдын ала деректер бойынша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының базасында осы өңірдің флорасы жайлы мәліметтер толық емес, түрлік құрамына инвентаризация толығымен жүргізілмеген. Осы өңірде кездесетін көптеген өсімдіктер бірқатар табиғи және антропогенді факторлардың салдарынан құрып кетудің сәл-ақ алдында тұр. Сондықтан инвентаризация мақсатында осындай ғылыми, әрі шаруашылық маңызы бар Марқакөл қазаншұңқырының флорасында басым болып табылатын тұқымдастың бірі Rosaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамына, экологиясы мен болашақта қолданылуына жан-жақты талдау жасау, қорғауға алынған сирек және жоғалып бара жатқан түрлерді анықтау жұмыстары зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.

^ Зерттеудің мақсаты: Rosaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамын, экологиясын және болашақта қолданылуын жан-жақты зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай келесідей міндеттер қойылды:

  • Rosaceae Juss.тұқымдасының түрлік құрамын анықтау, кеппешөп дайындау;

  • Rosaceae Juss.тұқымдасының түрлік құрамына конспект жасау;

  • Rosaceae Juss. тұқымдасына биоморфологиялық, экологиялық-ценотикалық талдау жасау;

  • Rosaceae Juss.тұқымдасының тарихи элементтерін, эндемик, реликт, сирек түрлерін анықтау және талдау жасау.

^ Зерттеу объектісі: Марқакөл қазаншұңқырының флорасы және өсімдіктер жамылғысы

Зерттеу пәні: флора және өсімдіктер жамылғысы, биогеография, өсімдіктер экологиясы

^ Жұмыстың әдіснамалық негізі: Таксономиялық, биологиялық, экологиялық зерттеулер жүргізу барысында И.Г. Серебряков, К. Раункиер, В.М. Шмидт, А.И. Толмачев, Р.В. Камелин т.б. жұмыстарында көрсетілген әдістер қолданылды.

Ботаникалық зерттеу бойынша өсімдік түрлері суретке түсірілді.

Өсімдіктерді анықтау кезінде «Флора Казахстана» Т.4 , «Флора СССР», «Флора Сибири», Байтенов М.С. «Флора Казахстана» том 1,2. Алматы: «Ғылым», 1999. «Иллюстрированный определитель растений Казахстана» Т. 2. «Наука» баспасы Казахской СССР, Алматы, 1972 ж. Өсімдік түрлерінің атауы С.К.Черепанов бойынша берілді.

Зерттеудің ақпараттық базасы: Марқакөл қазаншұңқыры флорасында (Rosaceae Juss.) тұқымдасының түрлік құрамы, экологиясы және болашақта қолданылуы тақырыбында зерттеу жұмыстары 2010-2012 жылдары жүргізілді. Зерттеу жұмысының жүргізілу барысы 3 кезеңді қамтыды: дайындық, далалық және қорытынды.

Дайындық кезеңінде зерттеу бағдарламасымен, әдеби, ғылыми деректермен, атап айтатын болсақ, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынан алынған материалдармен танысып, зерттеу аймағы мен маршруты белгіленді. Rosaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамын анықтау ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институты және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің кеппешөп үлгілері негізінде зерттелді.

Далалық кезең барысында тақырып бойынша зерттелген аймақтың флорасына зерттеу жүргізіліп, кеппешөп материалдары жиналды.

- Марқакөл қазаншұңқырына жүргізілген экспедиция барысында Rosaceae Juss. тұқымдасының түрлік құрамы зерттелді.

- Марқакөл қазаншұңқырындағы Rosaceae Juss. тұқымдасының тізімі жасалынды.

- Шаруашылық маңызы бар түрлер анықталды.

Қорытындылау кезеңі – зерттеу жұмысы барысында қойылған мақсат, міндеттерді орындап, жұмыс қорытындысы.

^ Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Марқакөл қазаншұңқыры флорасында Rosaceae Juss. тұқымдасының 25 тұқымдасқа жататын 85 түрі анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізілді, түр конспектісі жасалынды.

^ Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:

  1. Зерттеліп отырған ауданның физикалық-географиялық жағдайы және түтікті өсімдіктердің флорасы маңызды теориялық қызығушылықты тудырады.

  2. Жұмыс нәтижелері жергілікті жердің түтікті өсімдіктерін анықтағышын құруға қолданысын табады.

  3. Түтікті өсімдіктерден жинақталған кеппешөп материалдары, анықталған аннотациялық тізім және аймақтағы сирек кездесетін, жоғалуға жақын түрлердің анықталуы табиғатты қорғау мақсатында маңызы зор.

  4. Жұмыстың орындалуы кезіндегі жиналатын кеппешөп материалдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасы жанындағы Гербарий қорын толықтырды.

^ Алынған нәтижелер:

1 Марқакөл қазаншұңқырының флорасындағы Rosaceae Juss. тұқымдасына таксономиялық талдау

Марқакөл қазаншұңқырының флоралық әртүрлілігінде, 75 тұқымдастардан тұратын 700 түрлі жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер кездеседі. Соның ішінде біздің қарастырып отырған, Марқакөл қазаншұңқыры флорасында басым болып табылатын Раушангүлділер тұқымдасының 25 туысқа жататын, 85 өсімдік түріне зерттеу жұмыстары жасалды. Таксономиялық талдау жүргізуде Р.В. Камелин (1973) схемасы қолданылды.

1-кестеге сәйкес, Раушангүлділер тұқымдасына жататын туыстың сандық көрсеткіштерінің құрамы көрсетілді.


Кесте 1 - Раушангүлділер тұқымдасының түрлік құрамы





Туыс атауы

Түр саны

Түрдің жалпы санының тұқымдасқа қатынасы, %

1

Тобылғы-Таволга-Spiraea L.

4

4,7

2

Суықшөп-Сибирка-Sibiraea Maxim.

1

1,176

3

Ырғай-Кизильник-Cotoneaster Medik.

4

4,7

4

Шетен-Рябина-Sorbus L.

1

1,176

5

Долана-Боярышник-Crataegus L.

2

2,352

6

Таңқурай-Малина-Rubus L.

4

4,7

7

Бүлдірген-Земляника-Fragaria L.

2

2,352

8

Курилшай-Курильский чай-Dasiphora Raf.

1

1,176

9

Мажыра-Сабельник-Comarum L.

1

1,176

10

Қазтабан-Лапчатка-Potentilla L.

29

34,11

11

Сиббальдия- Сиббальдия-Sibbaldia L.

1

1,176

12

Жержастық-Дриадоцвет-Dryadanthe Endl.

1

1,176

13

Сиббальдиегүл-Сиббальдиецвет-Sibbaldianthe Juz.

1

1,176

14

Хамеродос-Хамеродос-Chamaerhodos Bge.

3

3,52

15

Колюрия-Колюрия-Coluria R.Br.

1

1,176

16

Шыршай-Гравилат-Geum L.

3

3,52

17

Дриада-Дриада-Dryas L.

1

1,176

18

Жұлдызгүл-Лабазник-Filipendula Adans.

1

1,176

19

Теңгежапырақ-Манжетка-Alchimilla L.

13

15,3

20

Ошаған-Репейничек-Agrimonia L.

2

2,352

21

Шелна-Кровохлебка-Sanguisorba L.

2

2,352

22

Итмұрын-Шиповник-Rosa L.


4

4,7

1-кестенің жалғасы

23

Қара раушан-Гультемия-Hulthemia Dumort.

1

1,176

24

Бадам-Миндаль-Amygdalus L.

1

1,176

25

Мойыл-Черемуха-Padus Mill.

1

1,176

Барлығы:

85






Марқакөл қазаншұңқырындағы Раушангүлділер тұқымдасының түрлік құрамына талдау жасау нәтижесінде, басым болып табылатын 29 түрді біріктіретін туыс – Potentilla L., ал екінші орында Alchimilla L. (13 түр) алады.


^ 2 Биоморфологиялық талдау

Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі, оның тіршілік формасы қалыптасады. Өсімдіктің тіршілік формасы оның өмір сүретін жағдайының – экологиялық факторардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Тірі ағзалардың, соның ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар рөлі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке өмір сүрген ету ортасындағы тіршілік үшін күресудегі және тіршілік іс - әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады. Тіршілік формаларының көптеген классификацияларының ішіндегі дүние жүзінде дұрыс қабылданып кең тарағаны Раункиер классификациясы. Rosaceae Juss. тұқымдасына биоморфологиялық талдауды Раункиер классификациясы бойынша қарастырдық. Раункиер тіршілік формаларын бөлшектегенде жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап, төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге алды. Ол тоқтаған (жаңару) бүршікердің немесе төбе өркендерінің жылдың қолайсыз уақыттарында топырақ немесе су бетінде қатысты орналасуына байланысты топтастырды.
Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы (Раункиер бойынша).

1. Фанерофиттер - өсімдіктің жер үстіндегі топырақтан жоғарғы бүршіктерінің жаңаруы (30 см-ден жоғары).

2.Хамефиттер – топырақ үстінен 20-30 см-ден жоғары бүршіктердің жаңаруы.

3.Гемикриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе топырақтың дәл үстіндегі бүршіктердің жаңаруы. Көбінесе олар өсімдік астына орналасады.

4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер) немесе су ішіндегі гелиофиттер) бүршіктердің жаңаруы.

5.Терофиттер – жылдың өсуге қолайсыз кезеңінен кейінгі тұқымнан шығып жаңару.

1-суретке сәйкес, ^ Rosaceae Juss. тұқымдасы түрлерінің тіршілік формаларының сандық көрсеткіші анықталды. Аталған тұқымдас түрлері тіршілік формасының 3 түрін қамтыды.

Фанерофиттер тобы түрлердің 41,7%-н құрады, бұл топқа - ^ Spiraea chamaedryfolia L., S.hupericifolia L., S. media Franz Schmidt, Sibiraea altaiensis (Laxm.) С.К. Schneid., Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex Blytt, C. multiflorus Bunge, Sorbus Sibirica Hedl., Crataegus chlorocarpa Lenne et C. Koch., C. sanguinea Pall., Rubus Caesius L., R. idaeus L., R. sachalinensis Levl., P.recta L., P. virgata Lehm., P. approximata Bge., Ch. erecta (L.) Bunge, Coluria geoides (Pall.) Ledeb., Geum aleppicum Jacq., Filipendula ulmaria (L.) Maxim., A. sibirica Zam., A. pachyphylla Juz., Agrimonia asiatica Juz., A. pilosa Ledeb., Sanguisorba alpina Bunge, S. officinalis L., R. acicularis Lindl., R. laxa Retz., R. pimpinellifolia L., Amygdalus ledebouriana Schlecht., Padus avium Mill., С. uniflorus Bunge, P. saposhnikovii Kurbatsky, G. rivale L., G. urbanum L.





1-cурет – ^ Rosaceae Juss. тұқымдасы түрлерінің тіршілік формаларының сандық көрсеткіші


Хамефиттер тобы түрлердің 31%-н құрады, тұл топқа - S. trilobata L., С. pojarkovae Zak., R. saxatilis L., Pentaphylloides fruticosa (L.) O. Schwarz., Comarum palustre L., Potentilla anserina L., P. chrysantha Trev., P. asiatica (Th. Wolf) Juz., P. canescens Bess., P. evestita Th. Wolf., P. longifolia Willd. Ex Schlecht., P. conferta Bunge, P. multifida L., P. Desertorum Bunge, P. norvegica L., P. tanacetifolia Willd. ex Schlecht., A. hebescens Juz., A. cyrtopleura Juz., A. Krilovii Juz.., A. lipschitzii Juz., A. murbeckiana Bus., A. orbicans Juz., A. pinguis Juz., A. scalaris Juz., Hulthemia berberifolia (Pall.) Dumort., P. argentea L..

Гемикриптофиттер тобы түрлердің 27,3%-н құрады, бұл топқа - F. vesca L., F. viridis (Duch.) Weston, P.bifurca L., P.gelida C.A. Mey., P. soongarica Bunge, P. nivea L., P. biflora Willd. Ex Schlecht., P. crantzii (Crantz) Beck., P. fragiformis Willd. ex Schlecht., P. imbricata Kar. et Kir., P. reptans L., P. salsa Kotuch., P. saposhnikovii Kurbatsky, P. supina L., Dryadanthe tetrandra Bunge, Sibbaldianthe adpressa (Bunge) Juz., Chamaerhodos altaica (Laxm.) Bunge, Ch. sabulosa Bunge, Dryas oxyodonta Juz., Alchimilla bungei Juz., A. rubens Juz., A. oxyodonta (Bus) C.G. Westerl., Sibbaldia procumbens L..


3 Экологиялық-ценотикалық талдау

Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі.

Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән — кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.

Мезофиттер деп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Гидрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың оргаңдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.

Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.

2-кестеге сәйкес, экологиялық талдау нәтижесінде Rosaceae Juss. тұқымдасы түрлерінің ылғалдылыққа байланысты бейімделген 3 негізгі экологиялық тобы бақылау жасау және ғылыми әдебиеттер негізінде айқындалды.


Кесте 2 - ^ Rosaceae Juss. тұқымдасына экологиялық-ценотикалық талдау




Түр атауы

Субстраттың ылғалдылығына байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

Фитоценоз типі



^ Spiraea chamaedryfolia L.

Мезофит

Тау баурайы мен субальпілік шалғын



S.hupericifolia L.

Мезофит

Дала, орманды-дала зонасының тасты, жыра беткейі, тау өзендерінің

жағалауы



S. media Franz Schmidt

Мезофит

Орманның көлеңкелі баурайы, шың құздарда, кейде субальпілік шалғындарда кездеседі



^ S. trilobata L.

Ксерофит

Ашық дала, таулы аңғарларда өседі



Sibiraea altaiensis (Laxm.)C. K. Schn.

Ксерофит

Ашық тау аңғары мен тау баурайы



Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex Blytt

Мезофит

Ашық, шағын ормандарда, кейде субальпілік белдеуге дейін өседі.



^ C. multiflorus Bunge

Ксерофит

Шың-құздар мен тау беткейі



С.pojarkovae Zak.

Мезофит

Биік таулы белдеу



С. uniflorus Bunge

Мезофит

Альпі белдеуі



Sorbus Sibirica Hedl.

Мезофит

Таулы белдеу

2-кестенің жалғасы



^ Crataegus chlorocarpa Lenne et C. Koch.

Мезофит

Өзен алабы



C. sanguinea Pall.

Мезофит

Орманды, орманды-дала, өзен жағалауы



Rubus Caesius L.

Мезофит

Орманды, өзен жағалауы, шабындықтарда өседі.



R. idaeus L.

Мезофит

Орманның шеткі аймағында өседі



R. sachalinensis Levl.


Мезофит

Орманды алқап



R. saxatilis L.

Мезофит

Қайыңды, шыршалы, қарағайлы орман, бұталы өсімдіктермен, таудың тастақ бекейі



^ Fragaria vesca L.

Мезофит

Шыршалы, самырсынды орманда, бұта арасында өседі



F. viridis (Duch.) Weston

Мезофит

Көктерек-қайыңды орман, ашық шөптесін өсімдікті таулы беткей, шалғынды, шалғынды-дала белдеуі



^ Pentaphylloides fruticosa (L.) O. Schwarz

Ксерофит

Тастақты беткейлер мен шалғынды белдеу



Comarum palustre L.

Гигрофит

Батпақты, батпақты шалғындық



Potentilla anserina L.

Мезофит

Шалғынды белдеу



P.bifurca L.

Ксерофит

Ашық дала белдеуі



P. chrysantha Trev.

Мезофит

Шалғынды, кесілген орманды жерлер



P. gelida C.A. Mey.

Ксерофит

Биік таулы белдеудің тастақты беткейі



P.recta L.

Мезофит

Дала, шалғынды белдеу



P. sericea L.

Ксерофит


Тау беткейі



P. soongarica Bunge

Ксерофит

Құрғақ дала,



P. virgata Lehm.

Ксерофит

Шалғынды дала белдеуі



P. asiatica (Th. Wolf) Juz.

Ксерофит

Таулы шөптесін және шалғынды белдеу



P. canescens Bess.

Ксерофит

Дала, құрғақ дала, егіндіктер мен жол жиегі



P. evestita Th. Wolf.

Ксерофит

Шөптесін өсімдікті таулы беткей



P. longifolia Willd. Ex Schlecht.

Ксерофит

Дала, шалғынды белдеу, орманның шеткі аймағы



P. nivea L.

Мезофит

Биік таулы белдеу



P. approximata Bge.

Ксерофит

Дала, шөптесін белдеу



P. argentea L.

Мезофит

Шалғынды дала белдеуі



P. biflora Willd. Ex Schlecht.

Мезофит

Биік таулы белдеу



P. conferta Bunge

Ксерофит

Дала, шалғынды белдеу, тау беткейі



P. crantzii (Crantz) Beck.

Ксерофит

Шалғынды, таулы белдеу



P. Desertorum Bunge

Мезофит

Биік таулы белдеу



P. fragiformis Willd. ex Schlecht. P. fragiformis Willd. ex Schlecht.

Ксерофит

Шалғынды-дала белдеуі



P. imbricata Kar. et Kir.

Ксерофит

Далалы аймақ



P. multifida L.

Ксерофит

Далалы-шалғынды белдеу



P. norvegica L.

Мезофит

Шалғынды белдеу



P. nudicaulis Willd. ex Schlecht.

Мезофит

Шалғынды белдеу

2-кестенің жалғасы



^ P. reptans L.

Мезофит

Ылғалды шалғынды белдеу



P. salsa Kotuch.

Ксерофит

Шалғынды жерлер



P. saposhnikovii Kurbatsky

Ксерофит

Шалғынды, шалғынды-дала



P. supina L.


Ксерофит

Шалғынды жер



P. tanacetifolia Willd. ex Schlecht.

Ксерофит

Шалғынды және шөптесін өсімдіктермен араласып өседі.



^ Sibbaldia procumbens L.

Мезофит

Субальпі және альпі белдеуі



Dryadanthe tetrandra Bunge

Мезофит

Альпі белдеуі



Sibbaldianthe adpressa (Bunge) Juz.

Ксерофит

Таулы-далалы белдеу



Chamaerhodos altaica (Laxm.) Bunge

Ксерофит

Субальпілік белдеу



Ch. erecta (L.) Bunge

Ксерофит

Құрғақ таулы тастақты беткейлер мен қарағайлы ормандар мен құрғақ шалғынды аймақ



^ Ch. sabulosa Bunge

Мезофит

Өзен жағалауы



Coluria geoides (Pall.) Ledeb.

Ксерофит

Таулы-далалы белдеу



Geum aleppicum Jacq.

Ксерофит

Таулы-далалы белдеу



G. rivale L.

Мезофит

Ылғалды шалғындықтар мен өзен жағалауы



G. urbanum L.

Мезофит

Ылғалды шалғындықтар



Dryas oxyodonta Juz.

Мезофит

Альпі шалғындығы



Filipendula ulmaria (L.) Maxim.

Мезофит

Өзен жағалауы



Alchimilla bungei Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. rubens Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. hebescens Juz.

Ксерофит

Ашық дала



A. sibirica Zam.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. cyrtopleura Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. Krilovii Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі белдеуі



A. lipschitzii Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. murbeckiana Bus.

Мезофит

Орманды алқап



A. orbicans Juz.

Мезофит

Орманды алқап, өзен жағалауы



A. oxyodonta (Bus) C.G. Westerl.

Мезофит

Таулы-тайгалы белдеу



A. pachyphylla Juz.

Мезофит

Әр түрлі шөптесін өсімдікті шалғынды беткей



A. pinguis Juz.

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



A. scalaris Juz.

Мезофит

Таулы-далалы белдеу



Agrimonia asiatica Juz.

Мезофит

Тау беткейі



A. pilosa Ledeb.

Мезофит

Өзен жағалауы



Sanguisorba alpina Bunge

Мезофит

Субальпі және альпі шалғындығы



S. officinalis L.

Мезофит

Қылқанжапырақты және аралас орман



Rosa acicularis Lindl.

Мезофит

Орманды, тау беткейі



R. laxa Retz.

Мезофит

Өзен жағалауы



R. pimpinellifolia L.

Ксерофит

Таулы беткей



R. oxyacantha Bieb.

Ксерофит

Тастақты, таулы беткей



Hulthemia berberifolia (Pall.)

Dumort.

Ксерофит

Таулы беткей

2-кестенің жалғасы



^ Amygdalus ledebouriana Schlecht. Amygdalus ledebouriana Schlecht.

Мезофит

Өзен аңғары



^ Padus avium Mill.

Мезофит

Өзен аңғары, орманды алқап


2-суретке сәйкес Марқакөл қазаншұңқырындағы Rosaceae Juss. тұқымдасы түрлерінің ылғалдылық жағдайына бейімделу қасиетіне байланысты экологиялық топтарының спектрі көрсетілген. Байқағанымыздай, басым экологиялық топ – 61,9% көрсеткіште мезофит тобына жататын түрлер құрайды, ал ксерофиттер – 36,9%, гидрофит – 1,2%-ды құрайды.





2-cурет - ^ Rosaceae Juss. тұқымдасы түрлерінің (ылғалдылық мөлешеріне

байланысты) экологиялық топ спектрі

  1   2



Похожие:

Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 90 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертация көлемі және құрылымы
Диссертациялық жұмыс машиналық баспа мәтінімен 92 бетте баяндалған. Диссертация кiрiспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Сурет саны – 10, кесте – 15, жұмыс мазмұнын ашуда 86 әдебиеттер тізімі қолданылды
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconМагистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы. Магистрлік жұмыс көлемі 103 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған...
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Сурет, кесте, қолданылған әдебиеттер саны. Диссертациялық жұмыста 11 сурет, 3 кесте, 63 қолданылған әдебиеттер тізімі бар
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9 iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы