Д иссертация көлемі мен құрылымы icon

Д иссертация көлемі мен құрылымы



НазваниеД иссертация көлемі мен құрылымы
Дата конвертации22.10.2012
Размер171.07 Kb.
ТипДиссертация
источник








Д

иссертация көлемі мен құрылымы.
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға басылған 62 бетте баяндалған, кестелер мен суреттер кірістірілген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 47 атаудан тұрады.

Кілттік сөздер: кадрлар, экономикалық талдау, экономикалық-математикалық әдістер, айқын емес жиындар теориясы, логикалық шешім әдісі, алгоритмдер, web-бағдарламалау тілі, мәліметтер қорын басқару жүйелері, тиімділікті бағалау, кадрлық үрдістер, жобалау, критерий, альтернатива, еңбек ресурстары, ақпараттық жүйе.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін кадрларды басқарудың қазіргі кездегі тиімді түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.

Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізі проблемаларының бірі – кадрмен қалай тиімді жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; кадрды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.

Кез келген ұйымның кадрлық қамтамасыз етуі оның жұмысының нәтижелігіне, бәсекеге қабілеттілігіне, экономикалық тұрғыда өсуіне әсер етеді. Бұл мәселелер кадрлық саясаттың бірыңғай ғылыми бағдарламасын құру аясында шешіледі. Оның ішінде кадрлық шешімдер үшін ақпараттық жүйе құру және жобалау маңызды элементі болып табылады.

Жоспарлау процесі, кадрды жинақтау және іріктеу проблемалық және, сонымен қатар, бұл процестер кез-келген ұйымның өміріндегі қажетті процестер болып табылады. Басшының маңызды міндеті – осы процестерді оңтайландыру, оларды максимальды түрде тиімділеу болып табылады.

^ Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсат – кадрлық басқарудың ақпараттық ресурстарын және ақпараттық үрдістерін тиімді жобалау әдістерін ұсыну. Кадрлық шешімдер үшін ақпараттық жүйе құру.

Қойылған мақсатқа сәйкес диссертациялық зерттеудің келесідей негізгі міндеттері анықталды:

  • ЖОО-дағы кадрлық қамтамасыз ету жүйелерін қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

  • еңбек ресурстарын басқарудағы экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілерді жан-жақты зерттеп, меңгеру;

  • ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз ету үрдісін зерттеу;

  • қазіргі заманғы инструменталдық құралдарды: web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдарын меңгеріп, практикалық тапсырма орындауда қолдану;

  • кадрлық шешімдер үшін ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесін құру.

^ Зерттеудің нысаны – кадрлық қамтамасыз ету, оны құруды тиімділеу.

Зерттеудің пәні – еңбек ресурстарын басқарудағы экономикалық-математикалық әдістер, алгоритмдер, web-бағдарламалау тілі, мәліметтер қорын басқару жүйелері.

Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу барысында жұмыста келесі әдістер қолданылды: экономикалық-математикалық әдістер, айқын емес жиындар теориясы негізінде шешім қабылдау әдістері, айқын емес логикалық шешім әдісі, web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдары.


^ Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

  • айқын емес жиындар теориясы (Заде) негізінде ЖОО кадрлық қамтамасыз етуінің ақпараттық ресурстарын және ақпараттық үрдістерін тиімді жобалау әдістері қолданылды;

  • кадрлық шешімдер үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ғылыми негізделген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды;

  • кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі университеттің оқу үрдісін, құрылымдық бөлімдер жұмысын басқаратын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бір ішкі жүйесі болып табылады.

^ Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы.

ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз етуінің ақпараттық ресурстарын және ақпараттық үрдістерін тиімді жобалау әдістері ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың нәтижесінде құрылған кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі:

    • кадрлар есебін жүргізуге;

    • кадрларды іріктеп, бөлуге;

    • университеттің құрылымы мен штатын тиімді анықтауға;

    • қызметкерге қатысты жеке мәліметтерін алуға;

    • кадрлардың сандық және сапалық құрамы жайлы, олардың дамуы мен қозғалысы жайлы мәліметтер алуға;

    • кадрлық үрдістерді тиімділеуге мүмкіндік береді.

Құрылған ақпараттық жүйе ЖОО-да қолданылуына ұсынуға әзір.


^ Алынған нәтижелер

1. Айқын емес логикалық шешім әдісімен бос орынға үміткерді тағайындау есебін шешу.

Кадрлар бөлімі немесе құжыра басшылығы оқытушы қызметіне үміткерлерді қарастырады. Мақсатымыз, айқын емес логикалық шешім әдісін қолданып, ең мықты үміткерді таңдап алу.

Алдымен мынадай ережелер тізімін енгізеді:

Егер үміткердің квалификациясы жеткілікті, білімі – базалық, педагогикалық стажы – жеткілікті, ғылыми дәрежесі – жоқ, ғылыми атағы – жоқ, академиялық дәрежесі – магистр, компьютерлік сауаттылығы – жеткілікті болса, онда қанағаттанарлық үміткер.

Егер үміткердің квалификациясы жеткілікті, білімі – базалыққа жақын, педагогикалық стажы – жеткілікті, ғылыми дәрежесі – жоқ, ғылыми атағы – жоқ, академиялық дәрежесі – магистр, компьютерді жақсы меңгерген болса, онда қанағаттанарлыққа жақын үміткер.

Егер үміткердің квалификациясы жеткілікті, білімі – базалық, педагогикалық стажы – жеткілікті, ғылыми дәрежесі – кандидат, ғылыми атағы – жоқ, академиялық дәрежесі – магистр, компьютерді жақсы меңгерген болса, онда аса қанағаттанарлық үміткер.

Егер үміткердің квалификациясы жеткілікті, білімі – базалық, педагогикалық стажы – жеткілікті, ғылыми дәрежесі – бар, ғылыми атағы – бар, компьютерді меңгеруге қабілетті болса, онда мінсіз үміткер.

Егер үміткердің квалификациясы жоқ, білімі – базалық емес, педагогикалық стажы – жеткіліксіз болса, онда қанағаттанарлықсыз үміткер.

Тиімді шешім қабылдау үшін келесідей критерийлер енгізілді:

– біліктілігі;

– білімі;

– педагогикалық стажы;

– ғылыми дәрежесі;

– ғылыми атағы;

– академиялық дәрежесі;

– компьютерлік сауаттылығы;

Ережелерді қалыптастыру үшін үміткерлерді бағалау үшін қолданылатын және лингвистикалық айнымалыларының мүмкін мәндерін анықтау керек.

“Егер = СӘЙКЕС, = БАЗАЛЫҚ, = ЖЕТКІЛІКТІ, = ЖОҚ, = БАР, = МАГИСТР, онда ^ S =ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ”;

“Егер = СӘЙКЕС, = БАЗАЛЫҚҚА ЖАҚЫН, = ЖЕТКІЛІКТІ, = ЖОҚ, = ЖОҚ, = МАГИСТР, = МЕҢГЕРГЕН, онда ^ S =ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚҚА ЖАҚЫН”;

“Егер= СӘЙКЕС, = БАЗАЛЫҚ, = ЖЕТКІЛІКТІ, = БАР, = ЖОҚ, = МАГИСТР, = МЕҢГЕРГЕН, онда ^ S =АСА ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ”;

“Егер= СӘЙКЕС, = БАЗАЛЫҚ, = ЖЕТКІЛІКТІ, = БАР, = БАР, = ҚАБІЛЕТТІ, онда ^ S =МІНСІЗ”;

“Егер = СӘЙКЕС ЕМЕС, = БАЗАЛЫҚ ЕМЕС, = ЖЕТКІЛІКСІЗ, онда ^ S =ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ”;


айнымалысы жиынында берілген.

айнымалысының мәні келесі меншікті функциялар көмегімен көрсетілген:

^ US = ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ –

MS = ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚҚА ЖАҚЫН –

^ S = ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ –

VS = АСА ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ –

^ P =МІНСІЗ түрде анықталады.

Таңдау жиынындағы бес үміткерден анықталады.

Қарастырылып отырған есепте үміткерлердің бағалаулары келесі айқын емес жиындар түрінде берілген:

СӘЙКЕС (біліктілігі)

БАЗАЛЫҚ (білімі)

ЖЕТКІЛІКТІ (педаг. стажы)

ДОКТОР/КАНДИДАТ (ғылыми дәр.)

ПРОФЕССОР/ДОЦЕНТ (ғылыми атағы)

ДОКТОР/МАГИСТР (академ. дәрежесі)

МЕҢГЕРГЕН (компьют. сауаттылығы)

Енгізілген белгілеулерді есепке ала отырып ережелер жиыны мынадай түрге келеді:

“Егер= А, В, С, D емес, E , F, онда Y =S”;

“Егер= A, B, C, D емес, E емес, Ғ, G, онда Y=MS”;

“Егер= A, B, C, D, E емес, Ғ, G, онда S = VS ”;

“Егер= A, B, C, D, E , G, онда S = P ”;

“Егер= A емес, B емес, C емес, онда S = US ”;

Көрсетілген ережелердің сол жақ бөлігі үшін меншік функциялары есептелінді:

үшін





Енді ережелерді мынадай түрде жазуға болады:











түріндегі ережені түрлендіру үшін Лукасевичтің импликациясын қолданып, әрбір жұп үшін -ғы келесі айқын емес қатынастарды аламыз:





қатынастарының қиылысу нәтижесінде жалпы функционалды шешім аламыз:



Әрбір альтернативтің қанағаттанарлығын есептеу үшін айқын емес ортада композициялық шешім ережесін қолданамыз:



мұндағы альтернативтің қанағаттандыру дәрежесі; U -да альтернативасының айқын емес жиын түрінде бейнеленуі; – жалпы функционалды шешім.

Сонда



Бірінші альтернатива үшін



Теңдеулік жиын және бұл жиынның қуаттылығы келесі формула бойынша есептелінеді:



үшін

;

үшін

;

үшін

;

үшін

;

үшін

;


-ң нүктелік бағалауы келесі формула бойынша есептелінді: Барлық альтернативалардың нүктелік бағауы табылды:











Бұл жерде ең жоғарғы нүктелік мәнге ие болған альтернатива ең мықты деп танылады. Біздің мысалда бұл - альтернативасы, сәйкесінше ең жоғарғы көрсеткішті үміткеріміз де сол болады. Екінші орында , үшінші . ең нашар көрсеткіш .

Айқын емес шешім ережелерін қолданып альтернативті көпкритерийлі таңдау әдісімен ең мықты деген шешім қабылданды.

Бұл әдіс көмегімен алынған есептеулер негізінде кадрлық шешімдер үшін ақпараттық жүйе құрылды.


^ 2. Кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі

Кадрлық қамтамасыз ету университеттің құрылымдық бөлімшесі, ЖОО-ң жарғысы мен Типтік ережелер негізінде жұмыс істейді және практикалық жұмысында ректордың нұсқаулары мен бұйрықтарына сүйенеді.

Кадрлық қамтамасыз етуде қағаз айналымы, есеп беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасалынып, енгізілуде.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу үрдісін, құрылымдық бөлімдер жұмысын басқаратын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс істеуде. Жүйенің барлық бағдарламалық модульдері өзара интегралданған және бір уақытта көп қолданушы жұмыс істей алатын бірыңғай ақпараттық ортаны ұсынады.

Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі сол бірыңғай жүйенің бір ішкі жүйесі болып табылады. Яғни, басқа ішкі жүйелермен тығыз байланыста. Атап айтқанда, оқу кестесін құруда, кафедра жүктемесін есептеуде өте үлкен роль атқарады.

Жүйенің тағы бір атап кететін ерекшелігі - барлық кадрлық қозғалыстар бұйрықтар арқылы жүзеге асуы.

^ Бағдарламалық ерекшеліктері

Таралу деңгейі мен өнімділікке қойылатын жоғарғы талаптарды есепке ала отырып, ақпараттық жүйеде үш деңгейлі архитектура қолданылады: мәліметтер қоры сервері – қосымша сервері – клиент.

Жасалған жүйе келесі системотехникалық талаптарды қамтамасыз етеді:

  • ашықтық;

  • интегралдануы;

  • масштабталынуы;

  • ауысымдылығы;

  • кеңейтілуі.

Ыңғайлы интерфейс қолданушының жоғарғы бағдарламалық квалификациясын талап етпейді.

Жүйенің функционалдануы келесі жалпыжүйелік бағдарламалық құралдарды қолдауы қажет:

Серверлік бағдарламалық өнімдер мен платформалар:

  • HTTP сервер;

  • Қосымша сервері;

  • Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (InterBase).

Клиенттік бағдарламалық платформалар:

  • Microsoft Office;

  • веб браузер.


Бағдарламаның қауіпсіздік деңгейі:

  • жүйеге қатынау әрбір қолданушыға жеке аутентификация (логин мен пароль) жүргізу арқылы жүзеге асуы;

  • қатал шектеулердің болуы;

  • жүйеде ақау болған жағдайда ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді резервті көшіру және қалпына келтіре алу құралының болуы.

Кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің функционалды мүмкіндіктері:

Кадрлар бөлімі маманы үшін:

  • авторизациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • оқытушы/қызметкерлердің электронды жеке парағын қалыптастыру;

  • оқытушы/қызметкерлер есебін жүргізу;

  • кадрлар қозғалысын жүзеге асыру;

  • бұйрықтарды қалыптастырып, бірден баспаға жіберу (келісім-шартқа отыру, келісім-шартты бұзу, ауысу, қосымша сағат алу және т.б. бұйрық түрлері).


Университеттің әкімшілік басқару персоналдары үшін:

  • кез келген оқытушы/қызметкерлердің электронды жеке парағын көру;

  • барлық бұйрықтарды көру;

  • стандартты және статистикалық есеп берулерге қатынай алу;

  • кадрлар қозғалысын бақылау;

  • басқару шешімдерін қабылдау үшін өзекті және нақты есеп берулерге негізделген аналитикалық есеп берудің әртүрлі формаларын қолдану.


Жүйені қолданушылар:

  • жүйе администраторы;

  • кадрлар бөлімі мамандары;

  • университеттің әкімшілік басқару персоналдары.





Сурет 1 - С.Аманжолов ат. ШҚМУ кадрлық қамтамасыз ету жүйесінің басты беті


Іздеу жүйесі жасалынып, ендірілген (мәліметтер қорындағы кез келген қызметкердің тарихын көруге мүмкіндік береді).

^ Оқытушылар мен қызметкерлер бөлімінде әр факультеттерге/кафедраларға/бөлімдерге қатысты оқытушы/қызметкерлер тізімі шығады. Иерархиялық ағаш түрінде, қолдануға ыңғайлы формада жасалған.





Сурет 2 - Оқытушы/қызметкердің жеке парағы


Жеке парақта сонымен қатар

  • кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы;

  • жеке карточкасы;

  • отбасы мүшелері туралы ақпарат;

  • барлық базалық білімі туралы ақпарат;

  • бұйрықтар журналы;

  • біліктілікті арттыру курстары бойынша мәліметтер алуға болады.

Есептер бөлімінде әртүрлі формадағы статистикалық және стандартты есептер қалыптасқан.

Бағдарламада жалпыға ортақ бірыңғай анықтамалықтар жүйесі қолданылады.

Кадрлық қамтамасыз ету бөлімінде барлық үрдіс, кадрлардың қозғалысы бұйрық арқылы жүзеге асады. Бағдарламада әртүрлі формадағы бұйрықтарды қалыптастыруға болады және бірден баспаға жіберу мүмкіндігі бар.





Сурет 3 - Келісім-шартты бұзу туралы бұйрықтың қалыптасуы


Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі:

    • кадрлар есебін жүргізуге;

    • кадрларды іріктеп, бөлуге;

    • университеттің құрылымы мен штатын анықтауға;

    • қызметкерге қатысты жеке мәліметтерін алуға;

    • кадрлардың сандық және сапалық құрамы жайлы, олардың дамуы мен қозғалысы жайлы мәліметтер алуға;

    • кадрлық үрдістерді тиімділеуге мүмкіндік береді.


Диссертациялық жұмыста алдыға қойған мақсатқа жету үшін қойылған келесі міндеттер орындалды:

  • ЖОО-дағы кадрлық қамтамасыз ету жүйелерін қарастырылды, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды;

  • еңбек ресурстарын басқарудағы экономикалық-математикалық әдістер мен үлгілерді жан-жақты зерттелінді;

  • ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз ету үрдісі зерттелінді;

  • қазіргі заманғы инструменталдық құралдарды: web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдарын меңгеріп, практикалық тапсырма орындауда қолданылды;

  • кадрлық шешімдер үшін ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі құрылды.


^ Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстың тізімі:


  1. Булгумбаева Д.Е., Каленова Б.С. Кадрларды басқарудың ақпараттық ресурстарын және үрдістерін тиімді жобалау әдістері. // «Қазақстан: Тәуелсіздік пен инновацияның 20 жылдығы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жинағы. – Өскемен, 2011. - 54-59 б.

  2. Булгумбаева Д.Е. ЖОО-ң кадрлық қамтамасыз етуінің ақпараттық ресурстарын және үрдістерін тиімді жобалау. // «Интеллектуальная нация: наука, образование и инновации» III Международная научно-практическая конференция. – Семей, 2012. - 34-38 б.


^ Булгумбаева Дана Еркиновна

Методы и модели оптимального проектирования информационных процессов и ресурсов кадрового обеспечения вуза

6М060200 - Информатика

РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования. Кадровое обеспечение любой организации влияет на результативность его деятельности, конкурентоспособность, экономический рост. Эти проблемы решаются на фоне создания единой научной программы кадровой политики. В том числе, создание информационной системы и прогнозирование являются важными элементами кадровых решений.

Цель исследования – предложение эффективных методов проектирования информационных ресурсов и информационных процессов кадрового управления.

^ Задачи исследования: рассмотреть системы обеспечения кадрового обеспечения вуза и выявить недостатки, всесторонне изучить оптимальные экономико-математические методы и образцы управления трудовыми ресурсами, изучить процесс кадрового обеспечения вуза, для кадровых решений создать информационную систему кадрового обеспечения вуза.

^ Объект исследования – кадровое обеспечение, оптимизация его построения.

Предмет исследования - экономико-математические методы управления трудовыми ресурсами, алгоритмы, язык web-программирования, системы управления базами данных.

^ Научная новизна исследования:

  • применены эффективные методы проектирования информационных ресурсов и процессов кадрового обеспечения вуза на основе теории нечетких множеств (Заде);

  • с целью эффективной организации работы отдела кадрового обеспечения ВКГУ им. С.Аманжолова для кадровых решений создана научно-обоснованная информационная система;

  • ИС кадрового обеспечения является одной из внутренних систем единой автоматизированной информационной системы, управляющей учебным процессом, работой структурных подразделений.

^ Теоретическая и практическая значимость исследования - предложены эффективные методы проектирования информационных ресурсов и информационных процессов кадрового обеспечения вуза.

Информационная система кадрового обеспечения, созданная в результате выполнения диссертационной работы, дает возможность оптимизировать следующие кадровые процессы:

  • вести учет кадров, отбор и распределение кадров;

  • эффективно определять структуру и штат университета;

  • получать личные данные сотрудника;

  • получать сведения о качественном и количественном составе кадров, их развитии и движений.

Р

азработанная информационная система кадрового обеспечения готова к применению в вузах.

^ Bulgumbayeva Dana Erkinovna

Methods and models of informatization processes project conception and university staffing recourses

6М060200 – Computer science

SUMMARY


Topicality of the theme – providing any organization with the stuff which influences the results, the skills to compete, its economic growth. These problems are solved on the basis of one scientific programme of the stuffing policy. It includes working out the information system and forecasting which is a very important element in taking decisions.

^ The purpose of research - proposal of efficient methods of designing information resources and personnel management processes.

The tasks: to consider the systems of stuffing policy of the University and finding out its shortcomings, to study methods from economics and mathematics for analyzing samples of stuffing policy, to investigate the process of stuffing policy at the University, to work out an information system of stuffing policy.

^ The object of study - staffing, optimization of its construction.

Article of research: the stuffing policy with the help of methods from economics and mathematics, algorithm, the language of web- programming, the system of management of the data.

Methods of investigation: мethods have been taken from the sphere of economics and mathematics. Methods of faking decisions on the basis of odd numerals, the method of logical conclusions, the theory of web-programming and the system of management of the data.

^ Scientific novelty of the investigation

- adaptation of effective methods to projecting the information on resources and the process of stuffing policy on the basis of mathematical theory;

- to provide effective policy of the East- Kazakhstan State University. The information system has been worked out to take effective decisions in the management of the stuffing policy;

- the information system of stuffing policy is one of the systems of the automatic equipment which governs educational process and its structural subsystems.

Theoretical and practical value of the investigation:

Effective methods of the projecting information on resources and stuffing policy has been introduced; which has been worked out as the result of the investigation. It gives the chance for improvement and correcting the process:

  • to keep records of the stuff;

  • to make choices and distribution of the stuff;

  • to define the structure and the stuff of the University effectively;

  • to get information about the personnel;

  • to get qualitative and quantitative information about the stuff, its moving and development;

The information system of the stuff policy is ready to be put into practice.


Принтерде басылған

Өскемен қ.

0,5 б.б.




Похожие:

Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconЖұмыс көлемі мен құрылымы
Негізгі тірек сөздер. Тұлға, адам тұлғасының дамуы, тұлғаның дамуы, тұлғаның қалыптасуы, тұлғаның ерекшелігі, тренинг, субъект, «Мен»-бейне...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconМагистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы
Магистрлік жұмыстың көлемі және құрылымы. Магистрлік жұмыс көлемі 103 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Сурет саны – 10, кесте – 15, жұмыс мазмұнын ашуда 86 әдебиеттер тізімі қолданылды
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады
Удің көкейтестілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеудің нысаны мен пәні, болжамы, зерттеудің әдістемелік негіздері, зерттеудің ғылыми...
Д иссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен, әдебиет тізімінен, қосымшадан тұрады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы