Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж icon

Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж



НазваниеДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Дата конвертации22.10.2012
Размер192.33 Kb.
ТипДиссертация
источник










Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі - 76 бет.

Иллюстрация, кестелер және пайдаланылған әдебиеттер саны: Жұмыста 138 атаудан тұратын әдебиет көздері пайдаланылған.

Түйінді сөздер тізімі – Ашрам, агапе, бахаизм, діни наным, ескі өсиет, крещение, ереси, конфессия, миссионерлік, православие протестантизм, діни бірлестіктер, діни экстремизм, иегов куәгерлері, секта.

^ Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Магистрлік жұмысы Қазақстандағы діни ахуалдың қоғамдағы мәселелері қоғамдық қатынастардың қазіргі өзгермелі жағдайындағы бүгінгі күннің сұраныстарына сай шешімін табуды қажет ететін әлеуметтік-философиялық талдауға негізгі тенденцияларды зерттеуге байланысты мәселелерге арналған. Жұмыста негізгі әлеуметтік-философиялық парадигма ретінде еліміздегі діни ахуал мәселелерінің өзара байланысын, оларды сипаттайтын философиялық, психологиялық, этикалық, діни зерттемелерге сараптама жасалған.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Мәселенің өзектілігі тек қазіргі қоғамның күрделі, әлеуметтік-саяси мәселелерімен шектелмейді. Діни ахуал мәселелері, діни-рухани келісім қатынастары, қоғамдық қатынастарда терең көрініс табады. Біз үшін күшті тәуелсіз Қазақстандық қоғам мен мемлекет-демократия мен нарықтық экономия арқылы шығады.

Қазіргі Қазақстан қоғамы дамыған елдердің әлеуметтік-саяси, экономикалық-шаруашылық тәжірибесін жай, қарабүйыр көшіруден, осы тәжірибені өз дәуірі тұрғысынан даму мұратына сай шығармашылықпен талдай отырып, қабылдауы қажет. Көп конфессиялы, көп ұлтты болғанына қарамастан, қазіргі ұлтаралық және конфессия аралық келісім мен бейбітшілікті сақтап келе жатқан Қазақстанда ұлт мәселесі, ұлтаралық қатынастар, діни бірлестіктер, аралық төзімділік мәселелері айрықша сипат алып отыр.

Қазіргі таңда діни бірлестіктердің діндер арасындағы татулық пен төзімділікті сақтау жауапкершілігі - халықаралық қауіпсіздік бағдарламалардың қатарында маңызды орын алады.

Қазіргі кезде болмысымыздың ең көкейтесті мәселелері ұлттық үндестіктің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «Мен» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады деген сұрақтарды тарихтың тұңғиығымен тамырластыратын ел басы Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» еңбектерінде құндылығының жоғары екендігін ерекше атап өтуге болады [1].

Дін-қоғамдық сананың ең күрделі ежелгі формасы, әрі оның құрамдас бөлігі ретінде алғашқы адамдардың «адамтану» процесінің нәтижесі ғана емес, оның басты көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі аталмыш мәселені тереңдете қарастырудың нәтижесінде еліміздегі діни ахуалдың мәселелері бүгінгі заман тұрғысынанталдауға мүмкіндік аламыз.

Тамырын тереңге жайған діни-рухани келісім қатынастарының зерттеле қоймаған жақтарын аша түсу ғылымға қосылған үлкен үлес болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да ежелден қалыптасқан діни-рухани мәдениетіміздің бүгінгі заңды жалғасы ұлттық діни-рухани - мұраларымыздың қазірде қолға алынуы заман талабы екеніні бәрімізге мәлім. Дегенмен, осы диссертациялық жұмыстың көлемінде жоғарыда аталған мәселелердің барлығына толыққанды жауап беру және әлеуметтік-философиялық тұрғысынан толық талдау жасау өте қиынға соққанымен. Алайда, аталмыш жұмыста Қазақстандағы діни ахуалдың нығайюына қоғамдағы мәселелердің мәніне әлеуметтік - философиялық тұрғысынан талдау жасалмақ.

^ Зерттелу деңгейі: Философия тарихында аталған мәселені ойшылдар дәуір қалыптасқан әлеуметтік - философия аумағында қарастырып, өз тұжырымдары мен көзқарастарын ортаға салды.

Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы сынды ойшылдар өз халқының тағдырын ойлаған қазақ зиялылары дін мәселесін жан-жақты қарастырған. Қ. Халид, С. Бабажановтың еңбектері аталмыш кезеңдегі қазақ қоғамындағы ислам дінінің әсерін анықтауда өлшеусіз үлес қосты.

Қ. Шүлембаев, Ж. Қажымов сияқты авторлардың еңбектерінде кеңес дәуіріндегі үстем еткен партиялық - таптық идеологияның тегеуріні анық байқалады.

Қазіргі философияның өзекті мәселелеріне қатысты жан-жақты зерттеу жүргізіп жүрген профессор Н.Ж. Байтенова «Шығыс философиясындағы кемелденген адам мәселесі» еңбегінде Абайдың діни көзқарасына қарастырады Шәкәрімнің адами, кісілік қасиеттеріне байланысты көзқарасына, рух бостандығы мәселелесіне тоқталады.

Еліміздегі діни-рухани келісім қатынастарының қоғамдағы мәселелерінің діни-философиялық негізін, әлеуметтік құрылымын философиялық және діни тұрғыда зерттеп жүрген отандық ғалымдар қатарының артуы бүгінде мақтанышпен айтуға тұрарлық.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ислам діннің ықпалын әлеуметтік және философиялық тұрғыда зерттеген ғалымдардың қатарына Ғарифолла Есім, С. Ақатай, Ғ. Ақмамбетов, Ж. Алтаев, Н. Байтенова, М. Бурабаев, Т. Ғабитов, А. Қасабек, Д. Кішібеков, Қ. Нұрланова, Ә. Нысанбаев, Ә. Наурызбаева, Н. Мұсаева, Ж. Молдабеков, Д.С. Раев, М. Орынбеков, О. Сегізбаев, С.Б. Бөлекбаев, К.Б. Ахметжанова сынды ғалымдардың есімдерін атауға болады.

Диссертацияға өзек етіп алынған тақырыпты қарастыру барысында аталған ғалымдар еңбегінің мәні өте зор. Қазақтың ұлттық діни дәстүрі, рухани болмыстары мен әдебиеті, әдет-ғұрыптары мен өнері, тарихи қырлары мен философиялық-герменевтикалық тұрғыда айналысқан философтардың, әлеуметтанушылардың, дінтанушылардың, тарихшылардың, тіл мамандарының, заңгерлердің, өнертанушылардың еңбектері ғылыми зерттеуімізге арқау болды.

^ Зерттеу жұмысының мақсаты: Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты қазіргі Қазақстандағы діни ахуалдың философиялық - әлеуметтік тұрғысынан талдау жасау және оның қоғамдағы әлеуметтік орны мен рөлін, маңызын айқындау, өзіндік алатын орнын ашып көрсету.

^ Зерттеу жұмысының міндеттері: Зерттеу нысаны етіп алынған мақсатты жүзеге асыру барысында диссертациялық жұмыстың алдында мынандай міндеттер туындайды:

-дүниеге көзқарас, дін, сенім, наным ұғымдарының әлеуметтік-философиялық мазмұны төңірегіндегі ой-пікірлерді сараптап, жүйелеп, зерттеп, талдануы;

- дінаралық келісім және оның қоғам өміріндегі орнын айқындау;

- қазіргі Қазақстандағы діни ахуалдың мәнін айқындау.

^ Зерттеу нысаны: Қазіргі Қазақстандағы діни ахуалын пайымдау.

Зерттеу пәні: Қазіргі Қазақстандағы діни ахуалын философиялық - әлеуметтік тұрғыда қарастыру.

^ Зерттеу әдістері: Қойылған алынған пікірлер мен тұжырымдамалар философия ғылымында басшылыққа алынған тарихи және логикалық, талдау және біріктіру, жүйелеп қарастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы зерттеледі.

^ Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: Қойылған алынған пікірлер мен тұжырымдамалар философия ғылымында басшылыққа алынған тарихи және логикалық, талдау және біріктіру, жүйелеп қарастыру әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы зерттеледі. Қазіргі Қазақстандағы діни-ахуал мәселелері философиялық, тарихи-этнографиялық, әлеуметтік әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынған.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы зерттеушінің көтерген тақырыбы, алға қойылған басты мақсаты мен оның орындау барысында шешуді қажет ететін міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде танылады.

- дүниеге көзқарас, дін, сенім, наным ұғымдары төңірегіндегі ой-пікірлерді философиялық тұрғыдап сараптап, жүйелеп, зерттелуі;

- дінаралық келісім және оның қоғам өміріндегі орны айқындалды;

- қазіргі Қазақстандағы діни ахуадың мәні айқындалды.

^ Зерттеу жұмысының теориялық және ғылыми – практикалық маңызы: Бүгінгі күнде дін мәселесіне қазақ жастарының назары да ерекше. Әрине, оларға енді керегі керектісі дариядай шексіз ислам ілімінен өзекті ақпараттар алу. Сол ақпараттарды өз мүдделерін алдыға қоятын басқа да діни құрылымдар қамтамасыз ету қаупі бар, діни экстремизм бүгінгі қоғамның ересен зобалаңы.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан азаматтары сабырлы, зиялы, ізетті, мейірімді, ұжданшыл, әділетшіл қасиеттерімен байқалғаны абзал. Ол дегеніміз әлем тарихында жарқын мәдениеттің тасушы еліне айналу мүмкіншілігін береді.

Зерттеу жұмысындағы негізгі тұжырымдарды, теориялық қағидалар мен нәтижелерін философия және философия тарихы бойынша «Дінтану» оқу-әдістемелік кешенін жасауға мүмкіндік береді.

Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдамалар.

- Дүниеге көзқарас, дін, сенім, наным ұғымдары төңірегіндегі ой-пікірлерді философиялық тұрғыдап сараптап, жүйелеп, зерттеу - болашақ мамандардың діни - рухани, адамгершілік тұрғыдан жетілдіріп, олардың ұлттық мәдениетке деген көзқарастын қалыптастыру нәтижесінде оларға берілген әлеуметтік, философиялық, саяси анықтамалар ежелгі Үнді, Қытай, антикалық философияда, Платон, Аристотель ілімінде, ортағасырдан Фома Аквинский, ортағасыр шығыста әл-Фараби, Ибн Сина ілімдерінде, Ыбырай мен Абай еңбектерінде кеңінен қаралады;

-діни бірлестіктердің әлеуметтік - философиялық мәні ашылып көрсетілді;

-дінаралық келісім және оның қоғам өміріндегі орны айқындалды;

-қазіргі қазақстандағы діни ахуалдың мәнін ашып көрсетілді.

^ Зерттеу жұмысының талқылануы мен сыннан өтуі: Бітіру жұмысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасында орындалды. Ізденіс барысында алынған нәтижелері мен қорытындысы ШҚМУ университетінде, ғылыми басылымдарда баяндалып, талқыға түсті. Тақырып бойынша ғылыми мақала жарияланды.

Бітіру жұмысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің философия және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасының 2012 жылғы 8 мамыр (№ 10 хаттама) мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

^ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік жұмысы Еліміздегі діни-рухани келісім қатынастарының қоғамдағы мәселелері қоғамдық қатынастардың қазіргі өзгермелі жағдайындағы бүгінгі күннің сұраныстарына сай шешімін табуды қажет ететін әлеуметтік-философиялық талдауға негізгі тенденцияларды зерттеуге байланысты мәселелерге арналған.

Кіріспеде магистрлік жұмыстың өзектілігі негізделеді, мәселенің зерттелуіне сипаттама беріледі, қорғауға ұсфынылатын қағидалар айқындалып, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық құндылығы мен тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.

«Қоғам өміріндегі діни мәселелерді философиялық тұрғыда негіздеу» атты бірінші бөлімнің «Дүниеге көзқарас, дін, сенім, наным ұғымдарының әлеуметтік- философиялық мазмұны және оның теориялық талдануы» деп аталатын бірінші бөлімшесінде зерттеу барысында ойшыл-философтардың дүниеге деген көзқарастарының қалыптасуы мен жүзеге асырылуы жайында сөз қозғалады.

Дүниетанымның басты категориясы ретінде «дүние» және «адам» алынады. Дүниетану - күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды.

Дүниеге көзқарас қоғамдық сананың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философия, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөль атқарады. Ғылыми білімдер дүниеге көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет ету; сонымен қатар ғылым адамды әртүрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысы ақыл-ой арқылы тануына жағдай жасайды [2].

Сонымен, философтардың ой-пікірлеріне сүйене отырып, дүниетаным дегеніміз - адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасы деп тұжырымдалынады.

^ Діннің функциялары:

1) əлеуметтік функциясы - дін қай заманда да қоғамдық процестерді басқару қоғамда тұрақтылық сақтау, ұлттық менталитет қалыптастыру қызметтерін атқарып отырды.

2) адамгершіліктік функциясы - дін жалпыадамзаттық моральдық қасиеттерді насихаттап, индивидтің адамгершілік келбетін өзгертуге үлесін қосады.

3) компенсаторлық - адам қиындық-дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде дін көмекке келіп, қайырымсыз дүниені о дүниедегі мəңгілік бақытқа үмітпен алмастырады, адамға сенім-жігер, рухани күш береді.

«Діннің әлеуметтік-философиялық концепциялары және адамгершілік ұстанымдарының әсері» атты бөлімнің екінші бөлімшесінде діннің мәнін әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түсіндірудің негізгі үлкен кемшілігі онда адамның мәні оның әлеуметтік-мәдени деңгейіне бағытталған. Бірақ адамның мәні көп деңгейлі. Осы көп деңгейлікті ескерудің формасы ретінде бүгінгі күні діннің мәнін түсіндірудің терең - психологиялық пайымдауы болып табылады. У. Джеймстің концепцияларын ресейлік ғалым Е.А. Торчинов негізге ала отырып өзінше жаңа бір тұрғыдан діннің бір қырын ашуға тырысты. Оның тұжырымдары қазақстан территориясына аз жеткен, яғни танымал емес. Е.А. Торчинов діннің негізгі элементтері болып саналатын атрибуттарын дәйектілікпен тұжырымдаған.

«Діни сенімдерді негіздеудің философиялық мәні» атты үшінші бөлімшесінде Қазақстанда ислам басқа елдерге қарағанда өзгешелеу қабылданды, өйткені ертедегі түркі сенімінің негізінде табиғатқа табыну, ата-бабалар аруағына сиыну, магия, шаманизм, көкке табыну (тенгреианство) жатқанды. Бұл «нанымдар тарих барысында әртүрлі ықпалдарға тап болды, әсіресе шығыстық-ирандық (зоростризм), өз кезегінде, әртүрлі мысалы христиандық ілімдерге: несториан мен яковиттерге, православтарға (мелькиттер) және армян-григорияндық бағыттарға біршама төзімді қарым-қатынас орнатты, өйткені ілкі қазақтар иланған нәрселердің барлығы да біршама өзгеше мағынада қандайда бір деңгейде ерте христиандық ілімдерге тән болды.

Қазақ халқының күнделікті тұрмысындағы исламның ықпалын анықтауда мұсылманның бес парызының орындалу дәрежесін анықтаудың маңызы зор. Қазақтарда ислам дініне байланысты әдет-ғұрыптардың бәрі бірдей мүлтіксіз атқарылмағанмен, кейбір салттар әртүрді деңгейде орындалып отырған. Соның ішінде қазақ халқының мінез-құлқына, өмір сүру тәртібіне неғұрлым жақынырағы етене қабылданып, сіңісті болған. Әсіресе жеке бір ғана адамның қатысуымен атқарылатын әдет-ғұрыптардан гөрі көншіліктің қатысуын талап ететіндерінің (жұма намаз, айт намызы, жарапазан айту) жиі орындалып отырғаны байқалады [3, 28 б.].

«Қоғамдағы рухани келісім қатынастарының мәселелері» атты екінші бөлімінде дінаралық келісім қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізі болып табылады. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттілігімен, бір-бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты келелі мәселелер қарастырылады.

«Дінаралық келісім және оның қоғам өміріндегі орны» атты екінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүру алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуымен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін келіссөздер арқылы қамтамасыз етілетіні жөнінде айтылады.

Жаһандану жағдайында орын алып отырған ұлтаралық, дінаралық қайшылықтарды реттеу мен үйлестіру мақсатында Елбасымыз халықаралық деңгейде тұңғыш рет әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының басын қосып, оларды ашық әңгімеге шақыруы - еліміздің бітімшершілік әлеуметінің өсіп келе жатқанының айқын айғағы. Бұл әрекеті адамның абыройын құрметтеуді көтеруге, дін ұстау бостандығын қорғау мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті және келісім қатынастарды арттыруға жәрдемдесті және діннің бейбітшілікті қамтамасыз етудің қуатты құралы бола алатындығын дәлелдеу түсті. Осы мәселелерді әлемдік деңгейдегі маңызды шара ретінде айқындауы, іс жүзінде халықаралық келісім қатынастарды нығайтудағы қомақты мәселелердің бірі деп еспетеуге болады.

Екінші бөлімшесінде дінаралық келісімді нығайтудың әлеуметтік рөлі қарастырылады. Ұлттық қауіпсіздік сол елдің ішкі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси, ұлтаралық жағдайларына тікелей байланысты және сол жағдайларға тәуелді. Мемлекетте ұлттық қауіпсіздік саясаты дұрыс жүргізілгенде ғана сол салаларды одан әрі дамытуға болады. Қандай да мемлекет болмасын өзінің алдына бірінші кезекте - Мемлекеттінің, ұлтының қауіпсіздігі жөніндегі мәселені қояды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың енгізген «Қазақстан - 2030» бағдарламасы осы проблемаларды шешудегі негізгі бағдар болып табылады.

Қауіпсіздік, тұрақтылық туралы сөз қозғағанда терроризммен діни экстремизм мәселесі бірінші орында тұрады. Мемлекеттің ұстанған дұрыс саясаты мен терроризмге байланысты халықаралық ынтымақтастықты жандандырып қомақты іс-шаралар атқарылуда [4].

Қазір елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың барлығы бір мақсатпен ортақ үйде біріктіріп, топтастырып, ауыз бірлікті күшейтіп отыр. Ислам өз ізбасарларын ұлтқа, нәсіліне, тіліне қарап бөліп алалап, жіктемейді, қайта бірлікке, татулыққа, ынтымақтастыққа шақырады [5, 103-104 бб.].

Әлемдік дін көшбасшыларының бір елде қатарынан үш рет басып қосып, дінаралық ашық-жарқын үнқатысуға баруы,өзара түсіністікпен пікір алмасуы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діннің атқаратын қызметі, жасайтын ықпалы жөнінде ортақ шешім қабылдауы-тарихта бұрын-соңды болмаған маңызы зор оқиға.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін діни сенім мемлекетіміздегі ең басты саяси-әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр. Оған тіл мен дінін дәріптеп, ұлттық болмыс-бітімін айқындауға ұмтылған еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың шығармашылық, рухани белсенділігі, дін жөніндегі айқын идеологиялық бағыт-бағдарды анықтауға деген саясаттың бой көтеруі басты себеп болды. Халықаралық қауіпсіздікті орнықтыруда қай діннің де ұстанымы бір. Біздің пікірімізше, қай жерде де бір дінді бір діннен жоғары қоюға, барлық бақытсыздықты өзге діннен іздеуге болмайды. Барлық діннің мақсат-мүддесі – бейбітшілік, татулық, қантөгісті, қылмысты болдырмау, елді арсыздық, ұятсыздық, қатыгездіктен қорғау.

Үшінші бөлімшесінде «Ұлтаралық келісімдегі қарым-қатынастың маңыздылығы мен ынтымақтастығы» туралы айтылады.

Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасыр табалдырығында» атты кітабында қоғамның қазіргі таңдағы даму кезеңінде ерекше мәнді проблемалардың бірі - ұлттық және ұлтаралық қатынастардың байланысын баяндайды [6, 91 б.]. Өзінің еңбегінде Президент қазақ мемлекетімен жаңа азаматтық идентификацияның көпдеңгейлік сипатының үйлесімділігін (тұлға - әлеуметтік топ - мемлекет) ретінде ұсынады, тек ұлттың қайта өрлеуіне әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бір-біріне қарсы эволюциялық қозғалыстың стимулын қоздырушы болып табылады [6, 38 б.]. «Ұлтаралық келісім - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі, - деп атап көрсеткен болатын, - Бұл әлде бір тылсым формула немесе саяси қалып емес, бұл - шын мәнінде Қазақстанның ішкі саясатының өзегі» [7, 227 б.].

Ұлтаралық келісім - кездейсоқ құбылыс емес, адамзат табиғатына негізделген қоғамдық феномен. Келісімнің болуы белгілі бір халықтың, тіпті бүкіл қоғамның дамуына ықпалын тигізеді. Тұлғаның интернациональдық қасиеттерін қалыптастыру ісінің негізгі бағыттарын терең және дұрыс түсіну үшін, осы жұмысты қолға алған әрбір адамға, ең алдымен, бұл ұғымның мәні жайында мағлұмат алуы қажет деп санадық. Ұлтаралық шиленіс пен әр түрлі дәрежедегі қақтығыстар адамзат дамуының барлық кезеңдері үшін тән құбылыс десек те, бүгінгі қоғам ұлтаралық келісім шараларын нығайтуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының дінаралық келісім мен конфессияаралық қатынастарды дамытуды өзінің теңдестірілген сыртқы саяси стратегиясының шешуші қыры ретінде қарстырғандығының нәтижесінде әлемнің саяси және рухани лидерлері Қазақстанға ұдайы қолдау көрсетіп, елімізде өтіп жатқан халықаралық шараларға қатысып, белсенділік танытуда. Осы бағыттағы достық, іскерлік қарым-қатынастарды одан әрі дамыту басым бағытымыз болып қала береді [8, 2 б.].

Еліміздің діни толеаранттылық саласындағы жетістіктері туралы көптеген белгілі саяси және діни лидерлер өз пікірлерін білдіріп жүр. Осы фактінің өзі Қазақстандағы этносаралық және дінаралық бейбітшілік пен келісім құру саясаты халықаралық тұрғыда танылып отырғанын айғақтайды. Теңдік пен өзара құрметке негізделген сарабдал саясаттың арқасында 130 ұлт пен ұлыс және 46 конфессия өкілдері біртұтас Қазақстан шаңырағы астында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.
«Облыстағы діни ахуал» атты төртінші бөлімшесінде Шығыс Қазақстан аумағында діни ахаул тұрақты және дәстүрлі өкілдерінің бар болуымен сипатталады, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдар болып табылады. Соның ішінде 2012 жылы 31 наурызда облыс көлемінде 329 діни ұйымдар, соның ішінде 187 ислам, 36 православия, 2 иуадаизм, 6 католицизм, 92 протестантизм, 6 дәстүрлі емес (бахаи, кришна, истинрайсцы орден, саентология) бар. Сонымен қатар, Рим-Католиктік приходты ұсынатын 4 шетел миссионерлері жұмыс істейді.

^ Діни төзімділікті қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері. Дін саласындағы ең маңызды және әрекет етуші бағыттағы жұмыстардың бірі – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары діни төзімділікті қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша төмендегі бағыттарда жүргізіледі:

- конференция, «дөңгелек үстел», дәріс, әңгімелер өткізу;

- бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыру, арнайы

мәліметтер беру,

- ақпараттық-әдістемелік материалдарды даындау және тарату;

  • қоғамдық-маңызды шараларды ұйымдастыру және өткізу;

  • тұрғындармен дін мәселесі бойынша ақпаратты-насихаттау тобының мүшелерінің кездесулері.

Дін - бұл адам жанының өте нәзік және сезімтал саласы. Сондықтан адам баласы жас кезінен-ақ өзін басқалардың көзқарасын сыйлауға, діни төзімділікке, айналасындағыларды тыңдай және ести білуге тәрбиелеуге, ар-ождан бостандығының, діни төзімділіктің, дүниетанымдық плюрализмнің ғаламат жетістіктер, яғни солар арқылы мәдениет пен демократия деңгейі туралы баға беруге болатын басты белгілер екенін өйткені тек солар ғана Тұлғаға дінге сену мен сенбеу және әртүрлі діни ілімдер арасында еркін таңдау жасауға кепілдік, сонымен бірге өзінің наным-сенімін қоғамда ашық көрсетуге мүмкіндік беретінін есте ұстауға тиіс.

Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетуімен отандық зерттеушілердің дәстүр мен ұлттық мәдениетке, оның тарихы мен ерекшеліктеріне деген қызығушылық арта түсті. Ғылымның әртүрлі қырларынан жазылған зерттеулер мен ұлттық рухани мұрасын игеріп, мәдени төл тумалылықты қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірді.

Зерттеу қорытындылары мен тұжырымдары философия, дінтану, әлеуметтану, мәдениет теориясы мен тарих жүйесіндегі қайнар көздері мен құрамдас бөлімдерінің бірі болатындығымен көрінеді. Зерттеу нәтижелері әлеуметтану, дінтану, әлеуметтік философия, өлкетану және мәдениеттану теориясы мен тарихынан арнаулы курстар әзірлеу кезінде қолданыс табуы мүмкін.
^


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н. Тарих тоғысында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 25 б.

2. Философиялық сөздік / Редкол: Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Ж.М. Әбділдин. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. - 142 - 143 бб.

3. И. әл-Мансури. Мұсылмандық мерекелер мен салт-жоралғылар. - М., 1997. - 28 б.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Ақиқат, 2005. - № 3.

5. Ж. Исахметұлы. Қазақстан - әлемдік діндердің имандылық, ізгіліктің және гуманизм диалогының орталығы. - Ізденіс. - 2008. - № 4. - 103-104 бб.

6. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. - Алматы: Өнер, 1996. - 91 б.

7. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері . - Алматы. - 2003.

8. Өркениеттер үнқосуының өрісі кең // Егеменді Қазақстан. - 1 шілде. - 2009. – 2 б.


Диссертацияның негізгі мазмұны келесі басылымдарда жарық көрді:

  1. Каленов Ж. Қазақстандағы діни ахуал. «Білім, ғылым және

инновациялар бірлігі» атты ғалымдар мен студенттердің ІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2011 – 401-404 бб.

  1. Каленов Ж. Дін және қоғамның дағдарыс күйі // Ізденіс. – Алматы. -2001.- № 3. -206 -210 бб

  2. Каленов Ж. Конфессияаралық және ұлтаралық қатынастар мәселесі //Қазақстан жоғарғы мектебі. – 2011. - № 3. – 172-178 бб.

  3. Каленов Ж. Абай өсиеттеріндегі діннің философиялық мәні. Эрдэм шинжилгээний бичий (Хис –ийн баян-Өлгей аймаг дахь Салбар сургууль). Хис –ийн Өлгей аймаг дахь Салбар сургуулйн Эрдэм шинжилгээний сәтгүүл №1 (101) Улаанбаатор хот . – 2011. 140-143 бб



^ Каленов Жаксылык

Религиозное положение в современном Казахстане

6M020100 – Философия


РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования: Казахстан - страна, мир и благополучие которой, является результатом согласия народа на пути в достижении единых целей к процветанию.

Магистрская работа посвящена проблемам духовно-религиозного согласия и общественным отношениям в стране. На сегодняшний день современные изменчивые отношения в обществе требуют философского анализа и осмысленно основных тенденций развития межрелигиозного согласия в стране.

^ Обьект исследования: Религиозная обстановка в современном Казахстане.

Предмет исследования: Религиозное положение в современном Казахстане с социально – философской точки зрения.

^ Цель исследования: Социально-философский анализ религиозного положения современного Казахстана

Задачи исследования: В ходе осуществления цели, были решены следующие задачи:

- исследование, анализ и систематизация взглядов, мнений о социально-философском содержании понятий «мировозрение», «религия», «вера», «вероисповедание».

- расскрытие сущности религиозных обьединений с философской точки зрения.

^ Теоретические и методологические основы исследования: Полученные заключения и выводы исследованы путем применения методов и приемов системного подхода, исторического и логического анализа и синтеза, которыми руководствуется философская наука.

Проанализирована философская, историко-этнографическая, социальная и методическая литература по проблеме религиозного положения современного Казахстана.

^ Теоретическая и практическая значимость: Основные выводы, теоретические положения и результаты исследования дают возможность разроботать учебно-методический комплекс «Религиоведение» по философии и истории философии.

^ Научная новизна работы заключается в следующем: Новизна научно-исследовательской работы видится нами в реализации задач требуемых для достижения поставленной цели:

  • определено понятие межрелигиозное согласие и его место в жизни общества;

  • определена религиозная обстановака в современном Казахстане.



^ Kalenov Jaksylik

The religious problem in Kazarhstan nowadays

6M020100 - Philosophy


SUMMARY


Research themes actuality.Master work deals wist the problems of realations of the religious negotiations, the necessity of decisions to the requirements of nowadays. Changeable conditions, the research of main tendencies of social- philosophical analysis.

^ Object of the research:To analyse the religious problem in Kazakhstan nowadays.

Subject of the research: To analyse a social - philosophical religious problem in Kazakhstan nowadays.

Aim of the research: The main aim of the research work is to analyse a social - philosophical problems of the religion in Kazakhstan.

^ Task of the research: To sole problems mentioned above the next work must be done:

  • Resarching, systematization, analyzing and making the conclusion of social - philosophical opinions, beliefs and understanding concerning religion.

  • To define the social - philosophical contents of religious organizations.

Theoretical and methodological foundations of the research work: The given opinions and conclusions were researched using historical, logical, analytical and systematically connected ways and methods of the science of philosophy. Alongside with the resear of religious problems in Kazakhstan. Nowadays the analysis of social - philosophical, historical – etnographical literature was done.

^ Scientific novelty of the work consists the next: Scientific novelty of the research. Scientific novelty of the work, the theme, the aim were exposed in the process of the fullfilmend of the taks which were to be solved.

  • Philosophical religious opinions, beliefs and understanding were analysed and systematized.

  • Religious talks and their role in life were defined.

  • The meaning of the religion in Kazakhstan nowadays was also exposed.

The theoretical and practical importance: The main conclusions, theoretical rules and results in Philosophy and of philosophy give the opportunity to prepare the programme in methods of teaching in subject “Religious Knowledge”.





Отпечатано в типографии

г. Усть-Каменогорск

0.5 п.л



Похожие:

Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның...
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның көлемі және құрылымы
Диссертацияның көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс электронды мәтінде 96 бетте беріліп, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан,...
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconЖұмыстың жалпы сипаттамасы
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, 4 тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады....
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның құрылымы кіріспеден, негізгі...
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен құралады. Диссертацияның жалпы көлемі 63 бет машинада терілген, 21 сурет, 4 кесте бар
Негізгі терминдер: титан, алюминий, жоғарытемпературалы өздігінен таралатын синтез (ЖТӨТ синтез), композиттік материалдар, интерметаллидті...
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен, әдебиет тізімінен, қосымшадан тұрады
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Кілттік сөздер: аксюморон, пародокс, элегия, прозаизм, инверсия, редиф, онтологиялық обертон, контраст, реминисценция
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі
Диссертация материалдары машинкада басылған 70 бетті, 11 таблицаны, 3 суретті, 105 пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертацияда философия, социология, педагогика, психология және менеджмент бойынша 35 астам әдебиет көзі пайдаланды
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы