Диссертация көлемі мен құрылымы icon

Диссертация көлемі мен құрылымы



НазваниеДиссертация көлемі мен құрылымы
Дата конвертации21.10.2013
Размер178.97 Kb.
ТипДиссертация
источник





Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға басылған 80 бетте баяндалған, 10 кестелер мен 20 суреттер кірістірілген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 45 атаудан тұрады.

Кілттік сөздер: web-қосымшалар, бағдарламалау тілі, мәліметтер қорын басқару жүйелері, web-серверлер, клиенттер, сұраныстар, ЖОО түлектері, жұмыспен қамту, жобалау, ақпараттық жүйе, қорғау, xss-шабуылдар, sqlinjection-шабуылдар, нысанды-бағытталған бағдарламалау, Интернет.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Жаһандану үрдісінің маңызды бір ерекшелігі жаңа ақпараттық технологияларды, соның ішінде дүниежүзілік Интернет желісін қолданудың күннен күнге артуында.

Web–қосымшаларды құру кезінде кездесетін қиындықтар:

- Интернеттің стандарттары мен хаттамалары жаңарған сайын web–қосымшалар да жаңарып отыруы керек;

- Web–қосымшалардың қолданушылық интерфейстен графикалық мықты интерфейске көшуі;

- Web–қосымшаларды құрастырушы құралдардың басым көпшілігінің күн өткен сайын жаңашылдықты талап етуіне сәйкес заманауи технологияларды қажет етуі. Осы арада web-қосымшаларды құрастыру құралдарын қолдану қиындығы, оларды жан-жақты меңгерген мамандардың тапшылығы еңбек ресурстарына деген шығынды көбейтуде.

Көптеген жаңадан ұсынылып отырған әдіснамалар орташа және үлкен көлемді web – қосымшаларды құрастырудың ерекшеліктеріне бейімделме-гендігін тәжірибелер көрсетуде. Бұл тәжірибелерді жасауда web–қосым-шаларды белсенді құрушылар болып саналатын Ресей мемлекетінің ғалым-бағдарламашылары A.B. Мельников, A.M. Вендров, C.B. Зыков, Е.А. Жоголев, A.B. Холчева, шетелдік бағдарламашылар М. Fernandez, D. Florescu, A. Levy, Р. Lockemann, D. Suciu және Қазақстандық ғалым-бағдарламашылар А.В. Фролов, А. Берікұлы, Асхын Тұрым өздерінің үлкен үлестерін қосып, бірнеше әдістемелік құралдар мен кітаптар, дискілер қолданысқа ұсынды. Олар өз жұмыстарында қай салада болмасын жан-жақты мүмкіндігі бар, көпфункционалды, көзделген мәселені шешуге бағытталған, жоғары дәрежеде қорғалған web–қосымшаларды жобалау мен құрастыру әдіснамаларын зерттеу үстінде екендіктерін жазады. Осыған орай web –қосымшаларды құрудың жаңа құралдарын меңгеру, олардың мүмкіндіктерін толық ашып көрсету практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып саналады.

^ Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсат - жоғарғы оқу орны түлектерін жұмыспен қамту есебінің жобасын .Net платформасында web-сүйемелдеу.

Қойылған мақсатқа сәйкес зерттеудің келесі міндеттері анықталды:

  • Заманауи web-қосымшаларды құру әдістері мен оларды қолдану ерекшеліктерін зерттеу және талдау;

  • С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да түлектерді жұмыспен қамту мәселесінің шешілу әдістерін зерттеу және олардың олқылықтарын анықтау;

  • Net платформасының мүмкіндіктерін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының сайтына түлектерді жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешу және бақылауға бағытталған web-қосымша құрастыруда қолдану.

^ Зерттеу нысаны: MicrosoftVisualStudio.Net ортасының мүмкіндіктерімен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының түлектерін жұмыспен қамту мәселесі.

^ Зерттеу пәні: қазіргі заманғы серверлік мәліметтер қоры, web-бағдарламалаудың нысанды-бағытталған тілдері, web-қосымшалар, web-қосымшаларды қорғаудың заманауи әдістері.

Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу барысында web-қосымшаларды құрудың жаңа технологиялары сараланды, нысанды-бағытталған талдау, жүйелік талдау әдістері, аспектілі-бағытталған web-бағдарламалау тілдері, серверлік мәліметтер қорын ұйымдастыру әдістері, қосымшаларды сенімді қорғау, әртүрлі шабуылдардан қорғану әдістері, ресурстарға рұқсат беру әдістері мен құралдары қолданылды.


^ Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

  • Заманауи web-қосымшаларды құру әдістері мен оларды қолдану ерекшеліктерін зерттеу және талдау;

  • MicrosoftVisualStudio.Net бағдарламасында математикалық үлгілеу жәе компьютерлік технологиялар кафедрасының сайтына түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған web-қосымша құрастыру;

  • Құрылған web–қосымшадағы ресурстарды қорғаудың, қатынауды басқарудың және аутентификациялаудың, xss-шабуылдардан, sqlinjection-шабуылдардан қорғаудың жаңа бағдарламалық кодтарын ұсыну.

^ Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы. Web-қосымшаларды құрудың жаңа технологияларын, әдістерін зерттеу кезінде оның жан-жақтылығын, тиімділігін, еңбекөнімділігін, қолдану ерекшеліктерін, артықшылықтарын анықтау керек болды. Тиімді деп танылған бағдарламалау ортасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасы сайтына түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған web-қосымшаны құру кезінде структуралы-функционалдық, жүйелік талдау, нысанды-бағытталған талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістердің ішінде структуралы-функционалдық әдіс тәжірибесі мол, бұрыннан қолданылып жүрген әдіс болса, жүйелік талдау және нысанды-бағытталған талдау әдістері жаңа әдістер қатарында. Бұл әдістерді практикалық қолдану әлі де болса көп зерттеулерді талап етіп отырған, даму үстіндегі әдістер болып табылады. Осы әдістердің көмегімен түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешетін web-қосымша Microsoft компаниясының VisualStudio.Net заманауи бағдарламалау-құрастырудың қуатты ортасында жобаланып, бағдарламаланды. Бұл қуатты ортада аспектілі-бағытталған web-бағдарламалау тілдерінің шоғырлануы платформа аралық шекісулердің болмауын, қорғаудың жаңа әдіснамасын, ресурстарды таратудың жаңа құралдарын ұсыну арқылы қойылған мәселені жоғары дәрежеде тиімді шешуге көмегін тигізеді. Зерттелген бағдарламалық ортаның аталған маңызды қасиеттерін практикалық дәлелдеу мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасы сайтына түлектерді жұмыспен қамту есебін web-сүйемелдеуге арналған қосымша дайындалды.

Құрылған web-қосымшаның мүмкіндіктері:

  • Кафедра түлектерін тұрақты есепке алу және бақылау;

  • Түлектердің тиімді жұмысқа орналасуына қолдау жасау;

  • Жұмыс беруші компаниялар, түлектермен интерактивті хабарласу және қосымшаны тұрақты web-сүйемелдеу.

Құрылған web-қосымшада түлектер өздерінің түйіндемелерін тіркесе, жұмыс беруші компаниялар өздерінің вакантты орындарын тіркей алады. Құрылған web-қосымшаның көмегімен түлектерді жұмысқа орналастыру жұмысын жүйелі түрде статистикалық тұрғыдан бақылауға, есепке алуға, жұмыс орындарын ұсынушы фирмалармен, кәсіпорындармен байланысты күшейтуге болады.

^ Алынған нәтижелер:

  1. Заманауи web-қосымшаларды құру әдістері мен оларды қолдану ерекшеліктерін зерттеу және талдау.

Ақпараттың қайнар көзі – Интернет болғандықтан, желідегі ақпаратты тасымалдау, өңдеу, қорғау мәселелерінің өзектілігі күн сайын артуда. Адам өміріне компьютердің, компьютерлік технологиялардың, бағдарламалық сервистердің кеңінен енуі барлық салалардағы жұмыс орындарында Интернетті, желіні күнделікті қолдану қажеттілігін тудырды. Қазіргі кезде көптеген web-беттер интерактивті және заманауи қызметтерді ұсынады: интернет-дүкендер, интернет-банкинг, динамикалық визуализация және өте күрделі әлеуметтік желілер. Сондықтан желіде жұмыс істейтін қосымшаларға деген тапсырыстардың өсуімен қатар мұндай қосымшалардың қауіпсіздік жағынан да, жылдамдық жағынан да, интерактивтілігі жағынан да жоғары деңгейде болуы – заман талабы. Қазіргі кезде web-қосымшаларды құрудың жаңаша көптеген технологиялары қолданыста (сурет-1).



Сурет 1 - Web-қосымшаларды құрудың заманауи технологиялары

Бұл технологиялардың ішінде MySQL, XML бағдарламалары серверлік мәліметтер қорын ұйымдастыру, басқару қызметтерін атқарады. Суретте олар ішкі шеңбермен ерекшеленген. Желіаралық байланысты басқарып, қатынас орнатудың Http хаттамасы кеңінен қолданылады және ол қосымшаның қай жақтан қолданылып тұрғанына қарамайды. Соңғы кездерде MySQL-ден гөрі MicrosoftSQLServer2008-кеңейтілген мүмкіндікті нұсқалары қолданыста.

Жаңа технологиялардың өздері клиент жақтан қолданылатын және сервер жақтан қолданылатын болып бөлінеді (суреттер-2а, 2б).





Сурет 2а - Серверлік заманауи технологиялар





Сурет 2б - Клиенттік технологиялар


Web-қосымшаларды құру технологияларының ерекшеліктерін анықтау үшін салыстырма кестесі жасалды (кесте-1). Мұндағы «+» - толық құпталу, «-» - толық құпталмау, «+/-» - жартылай құпталу белгілері арқылы қай технологияның жоғары деңгейде жұмыс істейтінін байқауға болады.


Кесте 1 - Web-технологиялардың салыстырма кестесі


Технологиялар

Ерекшеліктер

PHP

JavaScript

Java Servlets

Asp.Net

Көпплатформалылық

+/-

+

+

+/-

Жылдамдық

+/-

+/-

+/-

+

Көлемділік

-

+

+

+

Тілдік қуаттылық

+/-

+

+/-

+

Кеңею және үйлесу мүмкіндігі

-

+/-

+

+

Қолдану қарапайымдылығы және құрастыру құралдарының болуы

+/-

+

+/-

+

Бағдарламалық кітапханалар жиынтығы

+

+

+

+

Дизайндық, логикалық ұйымдастырылуы

+/-

+/-

+/-

+

Қуатты қорғау құралдары

+/-

+/-

+/-

+


Жоғарыдағы салыстырма кестеден ASP.NET технологиясының мүмкіндіктерінің жоғары екені көрінеді. Соңғы 5 жылда web-қосымшаны құрумен айналысатын фирмалар нарыққа .NET архитектурасын ұсынып отыр. .NET архитектурасы - қорғалған динамикалық web-қосымшалар құруда революциялық технология. Бұл платформаны кеңінен қолдану арқылы жоғары дәрежеде жобаланған, интерактивті, бағдарламалық коды қорғалған заманауи web-қосымша жасауға, жұмыс орнындағы көптеген проблемаларды шешуге болады. Сонымен қатар интернет-банкинг, коммерциялық сайттарды құрып, оларды динамикалық басқарып отыру жұмыстары да аталған жүйеде тиімді бағдарланады. Сондықтан бұл технологияның жетістіктері білім ордаларында, құпия ақпараттармен жұмыс істейтін әскери, құқықтық органдарда, коммерциялық ұйымдарда кеңінен қолданыла бастады.

Магистрлік диссертация мақсатына жету үшін Microsoft компаниясының web-қосымшаларды бағдарламалау-құрастырудың қуатты ортасы MicrosoftVisualStudio.Net-тің мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, практикалық қолданылды.


  1. MicrosoftVisualStudio.Net бағдарламасында математикалық үлгілеу жәе компьютерлік технологиялар кафедрасының сайтына түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған Web -қосымша құрастыру.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – ЖОО түлектерін жұмыспен қамту. Сол арқылы болашақта жұмыссыздықты жою. Жаңа технологиялардың бар болуы қандай мәселені шешуге де көмегін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда аталған .Net архитектурасы ұсынып отырған мүмкіндіктерді тиімді қолдану арқылы қойылған мақсатқа жетуге болатынына көзіміз жетті. Осы мақсатқа жету үшін алдымен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайтындағы түлектерді жұмыспен қамту бөлігін зерттедік. Сайт http://www.vkgu.kz адресімен ашылады. Оның ішінде «Әлеуметтік серіктестік және түлектерді жұмыспен қамту» бөлімі бар. Онда 3-суреттегідей деректер көрінеді.




Сурет 3 - С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайтының «Әлеуметтік серіктестік және түлектерді жұмыспен қамту» бөлімі


Сайтта өте қажетті деректер келтірілген. Соның бірі «Түлектердің 9-шы жәрмеңкесі» бетін ашсақ (сурет-4), келтірілген ақпараттың мәтін түрінде екенін байқаймыз.





Сурет 4 - «ЖОО түлектерінің 9-шы жәрмеңкесі» бөлімі


Сайттағы «Бос орындар» бетін ашсақ (сурет-5), тағы да электрондық кесте түрінде ұсынылып тұрған ақпаратты байқауға болады.




Сурет 5- «Бос орындар» бөлімі

Бұл арада біз сайт дұрыс жасалмаған, ақпарат дұрыс ұсынылмаған деген ойдан аулақпыз. Қосарымыз: түлектерді жұмыспен қамту мәселесін әрі қарай дамыту үшін әр кафедра өз түлектерінің жұмыспен қамтылу жағдайын өз қолына алу арқылы көмектесуі керек, жай ақпараттық сайттан гөрі нақты қызмет көрсететін web-қосымша құрудың жаңа технологияларын пайдалану керек. Сонда университеттегі барлық түлектердің жұмыспен қамтылуын бақылау жұмысы жеңілдеген болар еді.

Осы орайда MicrosoftVisualStudio.Net бағдарламасының мүмкіндіктерін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар кафедрасының сайтына түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуге бағытталған web-қосымша құрастыруды қарастырдық.

Web-қосымшаны құру кезінде .NET технологиясын құптайтын объектілі-бағытталған жобалау қолданылды. Web-қосымшаны қолданушыларға 3 рөл тағайындалды: Admin-администратор, employer-жұмыс беруші компаниялар, job seeker- түлектер (сурет-6).





Сурет 6 - Рөлдердің базада тіркелуі


Мұндағы негізгі ресурс серверде сақталған мәліметтер қоры, онда авторизация базасы, вакантты орындар базасы, резюмелер базасы сақталады (сурет-7).




Сурет 7 - Сервердегі мәліметтер базасының сақталу көрінісі


Базаларға қатынауға рұқсат алғаннан кейін рөлге сәйкес функцияларды орындауға болады. Web-қосымшада осы анықталған объектілер класстары құрылды. Әр класстың атқарушы процедуралары мен функциялары тағайындалды.

^ Бағдарламалық ерекшеліктері.

Таралу деңгейі мен өнімділікке қойылатын жоғарғы талаптарды есепке ала отырып, ақпараттық жүйеде үш деңгейлі архитектура қолданылады: мәліметтер қоры сервері – қосымша сервері – клиент.

Жасалған жүйе келесі системотехникалық талаптарды қамтамасыз етеді:

  • ашықтық;

  • интегралдануы;

  • масштабталынуы;

  • ауысымдылығы;

  • кеңейтілуі.

Ыңғайлы интерфейс қолданушының жоғарғы бағдарламалық квалификациясын талап етпейді.

Жүйенің функционалдануы келесі жалпыжүйелік бағдарламалық құралдарды қолдауы қажет:

Серверлік бағдарламалық өнімдер мен платформалар:

  • HTTP сервер;

  • Қосымша сервері;

  • Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (SqlServer).

Клиенттік бағдарламалық платформалар:

  • MicrosoftVisualStudio.Net2010;

  • web браузер.

Бағдарламаның қауіпсіздік деңгейі:

  • жүйеге қатынау әрбір қолданушыға жеке аутентификация (логин мен пароль) жүргізу арқылы жүзеге асуы;

  • қатал шектеулердің болуы;

  • жүйені администраторлық басқару мүмкіндігі.

Кафедра түлектерін жұмыспен қамту web-қосымшасының функционалды мүмкіндіктері:

Жұмыс беруші компаниялар үшін:

  • авторизациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • вакантты орынды жариялау парағын қалыптастыру;

  • бұрын жарияланған ақпараттарды жөндеу, жаңарту, өшіру;

  • түйіндемелер іздеу.

Кафедра түлектері үшін:

  • авторизациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • түйіндемепарағын толтыру;

  • вакантты орындарды іздеу.

Веб-қосымша администраторы үшін:

  • авторизациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • бұрын жарияланған ақпараттарды көру, жұмыспен қамтылу белгісін қою;

  • статистикалық есеп шығару;

Жүйені қолданушылар:

  • жүйе администраторы;

  • жұмыс беруші компаниялар;

  • кафедра түлектері.




  1. Құрылған web–қосымшадағы ресурстарды қорғаудың, қатынауды басқарудың және аутентификациялаудың, xss-шабуылдардан, sqlinjection-шабуылдардан қорғаудың жаңа бағдарламалық кодтарын ұсыну

Web-қосымшалар  — интернет арқылы қолжетімді көпшілікке таралған бағдарламалық қызмет-сервис, сондықтан олар желіде тасымалданатын құнды ақпаратты алуға, бұзуға, жүйеге еніп, әртүрлі былықтарды жасауға құлшынатын қиянатшылдар үшін жалықтырмас ермек.

Қазіргі кезде көпшілік сайт, web-қосымша құрушылар өз жұмыстарында JavaScript, PHP, Pithon, Clarion бағдарламалау орталарын қолданады. Әрине бұл құралдардың да мүмкіндіктері көп. Бірақ басты кемшілігі - қосымшаларды қорғау деңгейінің .Net технологиясынан төмендігі. Кез келген коммерциялық сайт іске қосылған кезде хаккерлер олардың осал тұстарын зерттей бастайды, егер тапса, бірден шабуыл басталады, сонын салдарынан сайтты қолдану мүмкіндігі күн өткен сайын төмендей береді. Оған дәлел: көптеген сайтты ашқан кезде оның үстінен дамылсыз жарнамалардың шыға беруі қолданушының сайтқа деген қызығушылығын төмендетеді, яғни сайттың xss-шабуылдан қорғау құралының төмендігі бірден байқалады. Кей кезде сайтта қандай да бір сұраныс жасасаңыз орнына басқа ақпарат ұсынады немесе сайттың асылып қалуы, саттағы ақпараттың дұрыс көрінбеуі, сайттағы ақпараттың жоғалуы сияқты құбылыстарды байқауға болады. Бұл – сайттың sqlInjection-шабуылдардан қорғау құралы деңгейінің төмендігі. Кейде сайттан әзер дегенде тапқан қажетті қосымшаның платформа таңдауына тап боласыз. Мысалы: мейлі ойын, тест болсын кейде орнатылмай қояды, басқа операциялық жүйені талап етеді. Бұл – платформааралық құптаудың деңгейінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан қорғалған web-қосымшалар құру мәселесі көкейкесті болып отыр.

Net технологиясын әртүрлі мақсаттағы шабуылдардан қорғау мүмкіндігі өте жоғары (сурет-8). Қазіргі заманғы қорғау құралдары өте көп, суреттен көріп тұрғанымыздай, олар бір жақты қорғайды: не серверді қорғайды, не клиентті қорғайды. Сұраныстардың орындалу жылдамдығын жоғарылататын DMZ –серверді қорғау, LAN-желілерді қорғау аппараттары тиімді, бірақ прокси-серверлерді желіаралық брандмауердің қорғауы жеткіліксіз, бұл жағдайда .Net технологиясының қорғау құралдары екі жаққа да қолданыла береді.

Web-қосымшаларға төнетін қауіпті үлгілеу арқылы жүйедегі деректер ағыны схемасын құру, қиянатшылдардың ақпарат көзіне ену нүктелерін анықтау, жүйенің басқыншылыққа әлсіз нүктелерін анықтау жұмыстарын мұқият жүргізу керек.





Сурет 8 - Net технологиясының қорғау деңгейі


Қауіп-қатерді алдын ала болжауды үлгілеу қосымшаға құрастырушы көзімен емес, қиянатшыл көзімен қарау арқылы құрылатын қосымшаның «жыртықтарын» бітеуге жол ашады. Бұл бақылау, сынау, үлгілеу жұмыстарын іске асыруды бағдарламаның кодына терең үңілу арқылы қол жеткізуге болады. .Net технологиясында мұндай қауіптерден қорғанудың жолы - MemberShip-қорғанысын кодқа енгізу, сонда әрбір SQL-инструкция түбегейлі тексерістен өтеді де қолданушының паролі базаға тіркеліп, кодталған қолданушының ғана сұранысына жауап беріледі.

MembershipProviderдің көмегі - жүйеге енген қолданушылардың рөліне сәйкес берілген логин, парольдерін базаға сақтап, шифрлеп отыру арқылы қауіпсіздікті жоғарылату болып табылады (сурет-9).





Сурет 9 - Рөлдердің деректер базасы


MembershipProviderдің басты функциясы – ресурстарды қорғау (шабуылдың SQLServer-ге түсетін сұраныс түрінде жүйеге өтіп кетуі, бағдарламаның осал тұстарын анықтап, оны клиенттің өзіне қауіп төндіретін құралға айналдыру), қатынауды басқару болып табылады. Құрылған wеb-қосымшада осы мүмкіндіктер толығымен бағдарламаланды: анықталған рөлдер бойынша алдымен тіркеуден өту қарастырылды (сурет-10). Тіркеуден өткен деректердің барлығы мәліметтер қорында белгіленеді.



Сурет 10 - Рөлдер бойынша тіркелу, авторизациядан өту беті


Бұрын тіркелген рөлдер ресурстарды қолдануға рұқсат алу үшін авторизациядан өту ұйымдастырылды (сурет-11).




Сурет 11 - Авторизация беті

Көптеген ірі компаниялардың нағыз қателесетін тұсы – web-қосымшаларды құру кезінде ақпараттық қауіпсіздікке аса көңіл бөлмейді, себебі олардың ойынша ақпараттық қауіпсіздік - табыс көзі емес, қажет жағдайда ғана шеттете салатын кемшілік. Шындығында практика көрсетіп жатқандай, ақпараттық қауіпсіздік бұзылғаннан кейін оны шеттетуге кеткен шығын оның алдын алуға кеткен шығыннан әлде қайда жоғары екендігі белгілі болады. Ауруды емдегеннен алдын алған дұрыс дегендей ақпараттық қауіпсіздікті алдыңғы қатарға қою керектігін жұртшылық енді-енді сезініп келе жатыр. Платформа қорғалған болса да, басқыншылықтан қорғанудың алдыңғы қатарлы технологияларын қолданбаса, кез келген web-қосымша арқылы жұмыс істейтін ақпаратты жоғалту, бұзу, құпиядан шығару хакерлер үшін өте оңай. Магистрлік диссертацияда web – бағдарламашы-лардың қолдануына болатын, әрі қарай дамытуға болатын қосымшаларды Membership негізінде қорғаудың бағдарламалық кодтары ұсынылды.


^ Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстың тізімі:


    1. Кабланбекова Б.А., Желілік web-қосымшаларды қолдана білу – заман талабы. //«Қазақстан: Тәуелсіздік пен инновацияның 20 жылдығы» атты республикалық ғылыми–тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. – Өскемен, 2011. – 73-75б.

    2. Кабланбекова Б.А., Жантасова Ж.З. Web – қосымшалардағы ресурстарды қорғау, қатынауды басқару және аутентификация. //«Ғылым мен білім дамуының инновациялық бағыты» атты жас ғалымдар мен магистранттардың университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. – Өскемен, 2012. – 37-41б.

    3. Кабланбекова Б.А., Жантасова Ж.З. Web-қосымша негізінде шешілетін мәселелер және оларды шешудің жаңа технологиялары. //«Аманжолов оқулары-2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Өскемен, 2012. – 308-311б.

    4. Кабланбекова Б.А., Жантасова Ж.З., Кабланбеков Б.М. MicrosoftVisualStudio2010 ортасында web-қосымшаларды sqlinjection және xss-шабуылдарынан қорғау. //Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ хабаршысы. – Өскемен, 2012. – №3. – 48-53б.

Кабланбекова Бахтыгуль Амиргазиновна

Современные методы создания web-приложений и

особенности их применения

6М060200 - Информатика

РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования. Разработка современных, защищенных web-приложений является актуальным направлением исследований, так как недостаточно научно-обоснованных подходов к созданию защищенных web-приложений.

^ Цель исследования – web-сопровождение проекта задачи трудоустройства выпускников ВУЗа на платформе .Net.

Задачи исследования: анализ и рассмотрение современных методов и технологий создания web-приложений, рассмотрение системы обеспечения трудоустройства выпускников вуза и выявление недостатков имеющихся систем, создание современного web-приложения, обеспечивающего мониторинг и контроль трудоустройства выпускников кафедры на платформе Asp.Net.

^ Объект исследования – Проблема трудоустройства выпускников кафедры математического моделирования и компьютерных технологий ВКГУ им.С.Аманжолова с применением новых информационных технологий.

^ Предмет исследования – современные серверные базы данных, объектно-ориентированные языки web-программирования, web-приложения, современные методы защиты web-приложений.

^ Научная новизна исследования:

  • Исследование и анализ современных методов создания web-приложений и особенности их применения;

  • Создание web-приложений обеспечивающего эффективное распределение и контроль трудоустройства выпускников кафедры в среде MicrosoftVisualStudio.Net;

  • Разработка и предложение инновационных программных кодов защиты ресурсов, управления доступом и аутентификации, xss-атаки, sqlinjection- атак web-приложений.

^ Теоретическая и практическая значимость исследования – предложены эффективные методы проектирования задачи «Трудоустройство выпускников кафедры» и ее web-сопровождение на платформе .Net.

Web-приложение задачи «Трудоустройство выпускников кафедры», созданное в результате выполнения диссертационной работы, дает возможность оптимизировать следующие процессы:

  • постоянный учет и контроль выпускников кафедры;

  • эффективное распределение выпускников;

  • интерактивное общение с выпускниками и работодателями и web-сопровождение приложений.


Kablanbekova Bakhtygul Amirgazinovna

Modern methods of creating web applications and features of their application

^ 6М060200 – Computer science

SUMMARY


Topicality of the theme - Development of modern, secure web applications is a topical area of research, because not enough evidence-based approaches to building secure web applications.

The purpose of research - web-support of the project objectives of employment of graduates of high school .Net platform.

^ The tasks - analysis and consideration of modern methods and technologies for building web applications, the system for university graduates and the identification of gaps existing systems, the creation of the modern web-applications, ensuring monitoring and control of the employment of graduates of the Asp.Net platform.

^ The object of study - The problem of employment of graduates of the Department of mathematical modelling and computer technology UNIVERSITY named after s. Amanzholov using MicrosoftVisualStudio.Net.

Article of research - modern back-end databases, object-oriented languages web programming, web applications, modern methods of protecting web applications.

^ Methods of investigation - Methods of object-oriented analysis, systems analysis, analysis of aspect-oriented web programming languages, methods of organizing back-end databases, application protection methods, methods of protection against various attacks methods and means of distribution, access to resources.

^ Scientific novelty of the investigation:

- Research and analysis of modern methods of creating web applications and features of their application;

- Creating web-applications for efficient allocation and monitoring of graduates employment in the environment MicrosoftVisualStudio.Net;

- Develop and offer innovative software codes to protect resources, access control and authentication, the xss attack sqlinjection attack web applications.

Theoretical and practical value of the investigation: proposed effective design methods of "employment of graduates of faculty" and its accompanying web .Net platform. Web application tasks "employment of graduates of faculty", created as a result of the implementation of the thesis, makes it possible to optimize the following processes:

-permanent control and accountancy graduates;

-efficient distribution of graduates;

-interactive communication with alumni and employers and web application support.


Принтерде басылған

Өскемен қ.


0,6 б.б.




Похожие:

Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі: Ж
Диссертацияның құрылымы мен көлемі: Жұмыстың құрылымы оныңмақсаты мен міндеттерімен айқындалады. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Сурет саны 20, кесте саны 9
Диссертация көлемі мен құрылымы. Магистрлік диссертация көлемі 75 бет, қолданылған әдебиеттер тізімінің саны 93. Құрылымы кіріспеден,...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconРефераты ғылыми жетекшісі: Берістенов Ж. Т. философия ғыл кан. ҚР мәдениет қайраткері. Алматы 2011 Жұмыстың құрылымы мен көлемі
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеу жұмысы көздеген мақсаттар мен міндеттерге орай анықталған. Диссертацияның...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconКілттік сөздер
Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және 60 пайдаланылған әдебиеттер көзінен құралады. Жұмыстың негізгі мазмұны кестелермен...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconД иссертация көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға...
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Сурет саны – 10, кесте – 15, жұмыс мазмұнын ашуда 86 әдебиеттер тізімі қолданылды
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімінен, әдебиет тізімінен, қосымшадан тұрады
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертацияның құрылымы мен көлемі
Диссертация материалдары машинкада басылған 70 бетті, 11 таблицаны, 3 суретті, 105 пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды
Диссертация көлемі мен құрылымы iconДиссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытынды, 50 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 2 қосымшадан тұрады және суреттер мен кестелер кірістірілген
Улар, шекаралық нүктелер, триангуляция алгоритмдері, тор құру, құрылымданбаған торлар, математикалық үлгілеу, Делоне шарттары, екі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы