Кілттік сөздер icon

Кілттік сөздер



НазваниеКілттік сөздер
Дата конвертации21.10.2013
Размер132.06 Kb.
ТипДиссертация
источник





Диссертация көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Диссертация машинаға басылған 65 бетте баяндалған, кестелер мен суреттер кірістірілген. Қолданылған әдебиеттер тізімі 45 атаудан тұрады.

Кілттік сөздер: Болон декларациясы, кредиттік технология, бағдарламалық жабдықтау, web-бағдарламалау тілі, мәліметтер қорын басқару жүйелері, ақпараттық жүйе, үлгілік оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары, жеке оқу жоспары, оқу жүктемесі, академиялық сағат, профессорлық-оқутышылық құрам, дәрісханалық, практикалық, студиялық, зертханалық.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасы еуропалық білім беру кеңістігінде толық құқылы қатысушысы және Болон декларациясының мүшесі болып табылады. Болон процесіне қосылу отандық білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіру, біліктілікті арттырып, академиялық дәрежелерді тануға мүмкіндік береді. Болон процесінің қатысушы мемлекеттері оның негізгі параметрлерін орындауға міндетті. Осы процесте оқу үрдісін кредиттік технология бойынша ұйымдастыру және оны ақпараттық, бағдарламалық қамту өзекті.

Қазақстанның Болон процесіне қатысу мақсаты – еуропалық білім беруге қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту, оның сапасын одан ары жоғарлату, сонымен қатар жоғары білім беру сатысын сәйкес жүйені қабылдау арқылы студенттер мен оқытушылар құрамының мобилділігін жоғарлату, кредиттер жүйесін қолдану, қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері дипломдарына жалпыеуропалық қосымша беру. Болон процессі жоғары білім берудің ортақ Еуропалық аймағын құруға ниетті әртүрлі мемлекеттердің жоғары білім беру жүйелері арасындағы жалғастырушы диологты көрсетеді.

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық университеттер үшін бірлескен білім беру жобаларын, соның ішінде екі дипломды білім беру, академиялық курстарды, халықаралық аккредитацияны өзара мойындау сияқты көптеген мүмкіндіктер ашады.

Қазақстанның еуропалық білім беру кеңістігіне енуі тек әлемдік білім беру кеңістігімен ықпалдасу ғана емес, сонымен қатар қазақстан нарығындағы білім беру қызметінің ішкі қажетілігіне жауап береді.

Халықаралық білім беру кеңістігіне қосылудың басты мақсаты – қазақстандық жоғарғы білім берудің бәскеге қабілетін жоғарлату, оның сапасын жақсарту үшін оны әлемдік стандартқа адекватты етіп жасау.

^ Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсат - кредиттік технологияның барлық негізгі параметрлерін оқу үрдісінде толық қолданатындай бағдарламалық жабдықтауды тиімді есептеулер мен үлгілерге сүйене отырып жүзеге асыру.

Қойылған мақсатқа сәйкес диссертациялық зерттеудің келесідей негізгі міндеттері анықталды:

  • ЖОО-ң оқу үрдісін зерттеу;

  • кредиттік технологияның негізгі параметрлерін зерттеп, меңгеру;

  • ЖОО-дағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қарастырып, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

  • қазіргі заманғы инструменталдық құралдарды: web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдарын меңгеріп, практикалық тапсырма орындауда қолдану;

  • кафедралар үшін оқу жоспарларын енгізетін, профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесін автоматты есептейтін ақпараттық жүйе құру.

^ Зерттеудің нысаны. Профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі, оны автоматты есептеу,оқу жоспарлары.

Зерттеудің пәні. Кредиттік технологияның негізгі параметрлері, алгоритмдер, web-бағдарламалау тілі, мәліметтер қорын басқару жүйелері.

^ Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу барысында жұмыста келесі әдістер қолданылды:кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері, ГОСО бойынша оқу жоспарларын құру, профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі, web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдары.

^ Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

  • кредиттік технология негізінде ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастырудың ақпараттық ресурстарын және ақпараттық үрдістерін тиімді жобалау әдістері қолданылды;

  • оқу үрдісін ұйымдастыру үшін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу бөлімі, кафедралардың жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында ғылыми негізделген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды;

  • оқу үрдісін ұйымдастыру ақпараттық жүйесі университеттің құрылымдық бөлімдер жұмысын басқаратын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің бір ішкі жүйесі болып табылады.

^ Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы.

ЖОО-да кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың ақпараттық жүйесі ұсынылады.

Диссертациялық жұмыстың нәтижесінде құрылған кредиттік технология негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың ақпараттық жүйесі:

    • оқу жоспарларын құруға;

    • модульдар бойынша көруге, басып шығаруға;

    • кафедраның жүктемесін есептеуге.

Құрылған ақпараттық жүйе ЖОО-ға қолданылуына ұсынуға әзір.


Алынған нәтижелер

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде құрылымдық бөлімдер жұмысын басқаратын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс істеуде. Жүйенің барлық бағдарламалық модульдері өзара интегралданған және бір уақытта көп қолданушы жұмыс істей алатын бірыңғай ақпараттық ортаны ұсынады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру жүйесі сол бірыңғай жүйенің бір ішкі жүйесі болып табылады. Яғни, басқа ішкі жүйелермен тығыз байланыста, яғни оқу кестесін құруда, студенттер, кадрлар бөлімімен, студенттердің транскриптінде маңызды рөл атқарады..

^ Бағдарламалық ерекшеліктері

Таралу деңгейі мен өнімділікке қойылатын жоғарғы талаптарды есепке ала отырып, ақпараттық жүйеде үш деңгейлі архитектура қолданылады: мәліметтер қоры сервері – қосымша сервері – клиент.

Жасалған жүйе келесі системотехникалық талаптарды қамтамасыз етеді:

  • ашықтық;

  • интегралдануы;

  • масштабталынуы;

  • ауысымдылығы;

  • кеңейтілуі.

Ыңғайлы интерфейс қолданушының жоғарғы бағдарламалық квалификациясын талап етпейді.

Жүйенің функционалдануы келесі жалпыжүйелік бағдарламалық құралдарды қолдауы қажет:

Серверлік бағдарламалық өнімдер мен платформалар:

  • HTTP сервер;

  • Қосымша сервері;

  • Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (InterBase).

Клиенттік бағдарламалық платформалар:

  • Microsoft Office;

  • веб браузер.


Бағдарламаның қауіпсіздік деңгейі:

  • жүйеге қатынау әрбір қолданушыға жеке аутентификация (логин мен пароль) жүргізу арқылы жүзеге асуы;

  • қатал шектеулердің болуы;

  • жүйеде ақау болған жағдайда ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді резервті көшіру және қалпына келтіре алу құралының болуы.


Оқу үрдісін ұйымдастыру ақпараттық жүйесі:

1. «Оқу жоспарын құру» жүйесі.

«Оқу жоспарын құру» жүйесінің функционалды мүмкіндіктері:

Кафедра меңгерушілері үшін:

  • авторизациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • мамандық бойынша жаңа модуль қосу, бар модулдарды түзету;

  • жаңа оқу жоспарын құру, алдыңғы оқу жоспарларынан пәндерді көшіру;

  • оқу үрдісінің графигін құру;

  • жаңа пәндер, кредит санын, қорытынды бақылау түрін қосу және өзгерту мүмкіндіктері бар.

Оқу бөлімінің мамандары үшін:

  • аутентификациялық қатынау (жүйеге кіру логин мен пароль арқылы жүзеге асырылған);

  • оқу жоспарларын көру және басып шығару мүмкіндіктері бар.





Сурет 1- Оқу жоспарын құру беті

Атқаратын негізгі функциялары:

  • Мамандық бойынша жаңа оқу жоспарын құру;

  • Мамандық бойынша модульдарды мәліметтер қорына енгізу және іздеу жүйесі арқылы түзету;

Жаңа оқу жоспарына өткен оқу жылындағы оқу жоспарланынан модуль бойынша пәндерді, кредит санын, қорытынды бақылау түрін көшіру, жаңадан қосу, оқу үрдісінің графигін жасау;

  • Үлгілік оқу жоспары мен оқу жұмыс жоспарларын басып шығару.





Сурет 2 - Оқу жоспарын басып шығару


^ 2. «Кафедра жүктемесі» модулі

Университет кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесі кредит бойынша есептеледі. Академиялық кезеңде (семестр немесе триместр) бір кредит көлемі (45 сағат):

  • 15 академиялық сағат білім алушымен тікелей жұмыс;

  • 15 академиялық сағат оқытушымен бірге орындалатын өздік жұмыс (ОБОӨЖ);

  • 15 академиялық сағат білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ).

Бір академиялық сағат дәрісханалық, практикалық (семинарлық) сағаттың 50 минутына тең. Студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.

Дәрісханалық сағаттар мамандық пен оқу тілі бойынша академиялық поток (50-120 адам) түрінде саналады. Оқылатын пәннің бағдарламалық мазмұны бірдей болған жағдайда ғана әртүрлі мамандықтар арасында академиялық поток құрылады. Практикалық сағаттарды санау кезінде тілдік және информатика пәндері бойынша академиялық топта 10 адамнан, ал негізгі оқу пәні бойынша 30 адамнан артық болмауы керек.

Жүйе бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің бір бөлігі, сондықтан басқа жүйелермен тығыз байланысты, яғни кафедраға бекітілген пәндермен, студенттердің санымен, оқу жұмыс жоспарымен және де қафедра мен оқытушының жүктемесін дұрыс есептеу үшін маңызды рөл атқарады.

Кафедраның профессорлық-оқутышылық құрамының оқу жүктемесін автоматтандырылған ақпарттық жүйеде жүзеге асыру үшін келесі қадамдарды орындау керек:

  • Мамандықтардың оқу жұмыс жоспарын тексеру;

  • 1 курс студенттері мен магистранттары білім беру бағдарламасын таңдау және жоғарғы курста ауысып келген, академиялық демалыстан шыққан және қайта оқуға келген студенттердің білім беру бағдарламасын тексеру;

  • Жаңа оқу жылына оқу жұмыс жоспарын құру;

  • Кафедраға бекітілген пәндерді тексеру;

  • Пәнге бекітілген мамандықтарды тексеру;

  • Пәнге оқу түрі бойынша бойынша қорытынды бақылауды анықтау (тест(жазбаша), тест (копьютерлік), ауызша, жазбаша);

  • Пәндер бойынша академиялық поток құру;

  • ГОСО бойынша кейбір мамандықтарда диплом қорғау немесе мемлекеттік емтихан тапсыру бойынша студенттердің санын анықтау.

Жоғарғы курстардың оқу жұмыс жоспарын, сонымен қатар іс-тәжірибелерді тексеру «Оқу жұмыс жоспарын көру» модулінде жүзеге асырылады.





Сурет 3 - Жұмыс жоспарларын көру модулі


Кафедраға бекітілген оқу пәндерін тексеру «Кафедраға бекітілген пәндер» модулінде жүргізіледі. Жұмыс жоспарына сәйкес әр оқу жылында кафедра пәндерін жаңартып отырады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (ААЖ) кафедраға жаңа пәндерді бекітуді «Пәндерді бекіту» модулінде методикалық бөлім жүзеге асырады (Сурет 4).

Кейбір жағдайларда, бір пәннің бірнеше кафедраға бекілгені (мысалы Информатика пәні информатика және ақпараттық жүйелер мамандығы үшін МҮжКТ кафедрасына бекітілген, ал басқа мамандықтар үшін Математика және информатика кафедрасына), сонымен қатар тіл кафедраларына қатысты (атауы бір бірақ тілге байланысты мысалы ағылшын, неміс екі кафедраға бекітілген және Журналистика мамандығының орыс тобы бір қазақ тобы бір кафедраға қатысты), сондықтан пәнге бекітілген мамандықтарды және оқу тілін тексеру «Қорыдынды бақылау мен мамандықты бекіту» модулінде қафедра меңгерушілерімен тексеріледі (Сурет 5).





Сурет 4 - «Кафедраға пәндерді бекіту» модулі





Сурет 5 - «Қорыдынды бақылау мен мамандықты бекіту» модулі


Білім беру бағдарламасын анықтау эдвайзерлер және тіркеу бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Академиялық потокты «Поток құру ОБ» (күндізгі және сырттай бөлім үшін) және «Поток құру ҚО» (қашықтықтан оқыту бөлімі) модулдерінде оқу бөлімі мен жоғарғы оқу орынынан кейінгі бөлімі құрады.




Сурет 6 - «Поток құру ОБ» модулі


ГОСО бойынша мемлекеттік емтихан мен диплом қорғау таңдауы бойынша бітірушілер санын анықтау «Студенттердің дипломдық жұмысы» модулінде анықталады.




Сурет 7 - «Студенттердің дипломдық жұмысы» модулі


Жоғарыда аталған кезеңдердің барлығы толық орындалғаннан кейін оқу бөлімі және бағдарламашылар сағаттар санын есептеу үшін жүктемені автоматты түрде іске қосады.





Сурет 8 - Жүктемені автоматты іске қосу.

Сурет 8-де көрсетілгендей көкпен боялып тұрған пәндерге академиялық поток құрылғанын көрсетеді.

Жүктеме 2-5 курстар үшін нақты студенттер санымен, ал 1 курстар қабылдау жоспары бойынша есептеледі.

Кафедралар өздерінің сағаттарын тексеріп, пәндерге мұғалімдерді бекітеді.




Сурет 9 - Сағаттарды семестр бойынша оқу формасы арқылы көру





Сурет 10 - Кафедраның сағаттар саны


Диссертациялық жұмыста алдыға қойған мақсатқа жету үшін қойылған келесі міндеттер орындалды:

  • ЖОО-дағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер қарастырылды, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды;

  • Кредиттік технологияның параметрлері жан-жақты зерттелінді;

  • ЖОО-ң оқу үрдісін ұйымдастыру зерттелінді;

  • қазіргі заманғы инструменталдық құралдарды: web-бағдарламалау және мәліметтер қорын ұйымдастыру құралдарын меңгеріп, практикалық тапсырма орындауда қолданылды;

  • кредиттік технология негізінде ЖОО-ң оқу үрдісін ұйымдастыру ақпараттық жүйесі құрылды.


^ Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстың тізімі:


  1. Хамитова З.К. Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін жоспарлау кезеңдерін бағдарламалық жабдықтау. // «Интеллектуалдық ұлт: ғылым, білім және инновация» атты III-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Семей, 2012. - 1634-166 б.

  2. Хамитова З.К., Каленова Б.С. ЖОО-да оқу үрдісін басқару мен ұйымдастыруды автоматтандыру. // «Ғылым мен бизнестің кооперациясы: мәселелері мен болашағы» жас ғалымдар мен студенттердің III Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының Материалдар жинағы 5 бөлім. – Өскемен, 2013. - 274-279 б.



^ Хамитова Зенура Кайсабековна

Программное обеспечение организация учебного процесса вуза по кредитной технологии

6М060200 - Информатика

РЕЗЮМЕ


Актуальность исследования – Республика Казахстан является первым Центрально-Азиатским государством - членом Болонской декларации и полноправным участником европейского образовательного пространства. Присоединившись к Болонскому процессу, страны-участники принимают на себя обязательства по выполнению его основных параметров. Выполняя основные параметры Болонского процесса актуальна организация учебного процесса по кредитной технологии и его информационно-программное обеспечение.

Цель исследования – предложение эффективных методов проектирования информационных ресурсов и информационных процессов организации учебного процесса.

^ Задачи исследования: рассмотреть автоматизированные информационные системы организации учебного процесса и выявить недостатки, всесторонне изучить основные параметры кредитной технологии и создать информационную систему организации учебного процесса вуза.

^ Объект исследования – учебная нагрузка профессорско-преподавательского состава, автоматизированный расчет часов, учебные планы.

Предмет исследования – основные параметры кредитной технологии, алгоритмы, язык web-программирования, системы управления базами данных.

^ Теоретическая и практическая значимость исследования – предложена ИС организации учебного процесса по кредитной технологии ВУЗа. Информационная система, созданная в результате выполнения диссертационной работы, дает возможность оптимизировать следующие процессы:

    • Формирование учебных планов;

    • Просмотр по модулям, распечатка;

    • Расчет часов кафдр.

Разработанная информационная система кадрового обеспечения готова к применению в вузах.

^ Научная новизна исследования: применены эффективные методы проектирования информационных ресурсов и процессов организации учебного процесса ВУЗа по кредитной технологии; с целью эффективной организации работы отдела учебного процесса, кафедр ВКГУ им. С.Аманжолова для организации учебного процесса создана информационная система; ИС организация уебного процесса является одной из подсистем единой автоматизированной информационной системы, управляющей учебным процессом, работой структурных подразделений.

^ Khamitova Zenura Kaysabekovna

Software organization of the educational process in high school on credit technology

6М060200 – Computer science

SUMMARY


Actuality of the study - The Republic of Kazakhstan is a member of the European area of ​​education and a member of the Bologna Declaration.

Kazakhstan entrance to the European educational space is not only for a further step of integration into the world educational space, but also it meets the need of the internal market of Kazakhstan's educational service.

Participating countries are required to perform the basic tasks of the Bologna process. On the basis of this process is relevant organization of educational process on credit technology and information software.

^ Purposes of the Study - is to offer effective methods of designing information resources and processes of the organization of the educational process.

The object of study - is to examine the system of educational process and to identify deficiencies, comprehensively study the basic parameters of the credit technology and establish an information system of the educational process of the university.

^ The object of study - is teaching load of faculty members, automatic calculations hours curricula.

The subject of study - is the main parameters of the credit technology, algorithms, web-programming language, and database management systems.

The scientific novelty of the study - is applied effective methods for designing information resources and processes of the organization of the educational process of the university on credit technology, with a target to the efficient organization of the department of educational process, departments EKGU. S.Amanzholov for school organization established science-based information system, IS organization studying process is one of the internal systems of a unified automated information system that manages the learning process, the work of departments.

The theoretical and practical significance of the study - is proposed IS organization of educational process on credit technology university.

IS training process, created as a result of the thesis work, makes it possible to optimize the following processes:

Creating of a curriculum;

 View on modules, printing;

 The calculation of hours of departments.

Developed information system of staffing is ready for use in high schools.


Принтерде басылған

Өскемен қ.


0,5 б.б.



Похожие:

Кілттік сөздер iconДиссертацияның көлемі мен құрылымы
Кілттік сөздер: аксюморон, пародокс, элегия, прозаизм, инверсия, редиф, онтологиялық обертон, контраст, реминисценция
Кілттік сөздер iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Кілттік сөздер: жылжымалы робот, үшдөңгелекті жылжымалы робот, робототехника, мехатроника, Lego mindstorms nxt, vex robots, RobotC,...
Кілттік сөздер iconДиссертация көлемі мен құрылымы
Кілттік сөздер. Виктимология, виктимологияялық аспекті, қылмыс, әйелдер қылмысы,, қылмыс құрбаны, себептер, профилактика,жәбірленуші,...
Кілттік сөздер iconДиссертациялық жұмыстың құрылымы және көлемі. Зерттеу жұмысы 80беттен,кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, 17 кестені және 16 суретті қамтиды
Кілттік сөздер тізімі: инновация, инвестиция, лизинг, венчурлік қор, франчайзинг, инкубаторлар, қаржылық институттар, индустриалды...
Кілттік сөздер iconЖылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша сөздер ауыстырылды Қазақстан Республикасының 2003. 06. 03. N 427, актінің нысаны мен тақырыбына өзгерту...
Кілттік сөздер icon2004 жылғы 10 наурыздағы №533-ii қазақстан Республикасының Заңы
«жергілікті атқарушы органға» деген сөздер «ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органына» деген сөздермен, «жергілікті атқарушы...
Кілттік сөздер iconТұрғын үй қатынастары туралы
Р заңымен «мемлекеттік қажеттер», «мемлекеттік қажеттіліктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды және «бөлек...
Кілттік сөздер iconТыйым сөздер

Кілттік сөздер iconHinweise zum baustein bewerbungstraining
«Amtliches Deutsch» тақырыбы төңірегінде әңгімелесу мақсатында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері берілген
Кілттік сөздер iconНегізгі сөздер
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, 3 тарау, 7 тараушадан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kze.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы